Осы Тәртіптің 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілмейді.
Осы тәртіп бірнеше мемлекеттік органдар шығарған нормативтік құқықтық актіні тіркеу жағдайында да қолданылады.
Қорытынды мен тіркеу нөмірі берілген "құпия" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актінің бір данасы (түпнұсқасы) құжатты тіркеуге ұсынған органға баспасөз басылымына жариялау міндеттемесінсіз жіберіледі. Екінші данасы Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында қалады.
Нормативтік құқықтық актіні жариялау және жіберу кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күнін көрсету міндетті болып табылады.
ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. N 1082 қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда
18. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеуден бас тартудың, қолданылуын тоқтата тұрудың,
тоқтатудың және Қазақстан Республикасы Нормативтік
құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті
жазбалар енгізудің тәртібі
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. N 122 қаулысымен 19-тармақ толықтырылды
19. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеуден мына жағдайларда: егер мұндай акт азаматтардың заңдармен белгіленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса; жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе; оны шығарған орган құзыретінің шегінен шықса; егер келісу қажет болғанда мүдделі органдармен келісілмесе; егер актілерді мемлекеттік тіркеуге ұсынудың тәртібі бұзылса; егер актінің жаңа құқықтық нормасы болмаса, тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
Бас тарту туралы, бас тартудың негіздемесі көрсетіле отырып, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органға жазбаша хабарланады.
Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда нормативтік құқықтық актінің көшірмесі тіркеуші органда қалады.
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. N 122 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді
20. Нормативтік құқықтық акт (оның бөлімі немесе бөліктері):
акт немесе оның бөлімі (бөліктері) қабылданған мерзім аяқталған;
бұрын шығарылған құқықтық актінің, оның бөлімінің (бөліктерінің) ережелері қайшы келетін немесе бұрын шығарылған актіні немесе оның бөлімін (бөліктерін) қамтитын жаңа нормативтік құқықтық акт қабылданған;
Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген тәртіппен қабылданған акті конституцияға сәйкес емес деп танылған;
соттың шешімі бойынша акті немесе оның бөлімдері (бөліктері) жарамсыз деп танылған;
осы актіні қабылдаған орган немесе осыған уәкілетті өзге де орган актінің немесе оның бөлімдерінің (бөліктерінің) күші жойылған деп таныған;
ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. N 1082 қаулысымен 21-тармақ өзгертілді
21. Нормативтік құқықтық актінің күші жойылған деп танылған не оның қолданылуы белгілі бір мерзімге тоқтатыла тұрған жағдайда осы актіні қабылдаған орган немесе осыған уәкілетті өзге де орган бір апталық мерзімнің ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына және ол бұдан бұрын жарияланған ресми басылымдарға хабарлайды:
1) ақпараттардың дер кезінде ұсынылмағаны үшін нормативтік құқықтық актіні шығарған органның бірінші басшылары жауаптылықта болады.
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізіліміне тиісті жазбалар енгізеді.
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. N 122 қаулысымен 7-1 тараумен толықтырылды
7-1. Мемлекеттік тіркеудің күшін жою және қалпына келтіру тәртібі
22. Тіркелген нормативтік құқықтық актіде қолданылып жүрген заңдарға қарама-қайшылықтар бар екені анықталған жағдайда Әділет министрлігі немесе оның аумақтық органдары осы актіні мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы тіркеуші органның бастығы (бастықтың орынбасары) бекіткен қорытынды шығаруға құқылы.
23. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тиісті жазбалар жүргізіледі, бұл туралы Республикалық құқықтық ақпарат орталығына, аталған нормативтік құқықтық актіні шығарған органға және бұрынырақ осы нормативтік құқықтық акт жарияланған ресми басылымға хабарланады.
24. Тіркеуші орган нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркелуін қалпына келтіруді жүргізуі мүмкін.
Осыған байланысты тіркеуші органның бастығы (бастығының орынбасары) бекіткен тиісті қорытынды шығарылады және осы Тәртіптің 23-тармағымен көзделген іс-әрекеттер жасалады.