Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау
қорларын мемлекеттік тіркеу мәселелері Қазақстан Республикасы
Әділет Министрлігі Бұйрық 1998 жылғы 20 қазан N 114
Осы редакция ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 40 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы" Конституциялық Заң күші бар Жарлығының 34-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу Ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігіне тапсырылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет Вице-Министрі М.Қ. Уәйісовке жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасының
Әділет Министрінің
1998 жылдың 20 қазан
N 114 Бұйрығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Президенттігіне
кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тіркеудің
тәртібі туралы
Ереже
І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларын (бұдан әрі - Сайлау қоры) мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметін регламенттейді:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар 1995 жылдың 28 қыркүйегіндегі Жарлығы;
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 1998 жылдың 8 қазанындағы N 1164-1 МП Қаулысы.
2. Сайлау қоры Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сайлау қарсаңындағы үгітін қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатымен құрылады және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 34 және 58-баптарымен көзделген тәртіппен құрылады.
3. Сайлау қоры жеке тұлғаның қоры ретінде осы Ережемен бекітілген тәртіппен тіркеуге жатады. Қорларды мемлекеттік тіркеу оларды құру және олардың қызметін тоқтату фактісін куәландыру мақсатында жүзеге асырылады. Сайлау қорын құруды ресми растайтын факт сайлау қорларының мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу және Агенттіке беретін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болып табылады.
4. Агенттік сайлау қорларының арнайы тізілімін жүргізеді, оларға құрылған және таратылған сайлау қорлары туралы (N 1 қосымша) мәліметтер енгізіледі.
5. Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу үшін алым алынбайды қорларды тіркеуге байланысты Агенттіктің шығындары республикалық бюджет қаражаттарынан өтеледі.
ІІ. Сайлау қорын мемлекеттік тіркеудің тәртібі
6. Сайлау қорын мемлекеттік тіркеу кандидат Агенттікке жүгінген сәттен бір жұмыс күнді ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау уақыты кіріс хат-хабарлары журналында көрсетіледі.
7. Сайлау қорын мемлекеттік тіркеу үшін Агенттікке мыналар ұсынылады:
1) бекітілген үлгідегі арыз (N 2 қосымша);
2) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты тіркеу туралы куәліктің көшірмесі. Агенттіктің тіркеушісіне ұсынылған куәлік көшірмесінің түпнұсқамен сәйкес келетінін тексеру жөнінде міндет жүктеледі.
8. Агенттік ұсынылған құжаттардың негізінде:
3) мемлекеттік тізілімге тіркелетін сайлау қоры туралы деректер енгізеді;
4) тіркеу нөмірі көрсетіліп сайлау қорын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (N 3 қосымша) беруге;
- Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына банк мекемелерінде қорлардың арнайы уақытша есепшоттарын ашу үшін сайлау қорларын мемлекеттік тіркеудің өткізілгені туралы хабарлауға міндетті.
Тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Агенттіктің арнайы нарядына бауланады.
ІІІ. Сайлау қорының қызметін тоқтату тәртібі
9. Сайлау қоры өз қызметін:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 34-бабының 10- тармағына, 50-бабының 3-тармағына, 60-бабының 3-тармағына сәйкес кандидатты тіркеу туралы шешім өзгертілген жағдайда;
2) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сайлау қорытындыларын шығаруға байланысты сайлау қоры қаражаттарының жұмсалуы туралы есепті қабылдау жөніндегі шешімі бойынша;
3) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлауды жарамсыз деп таныған жағдайда;
4) соттың шешімі бойынша өз қызметін тоқтатады.
10. Сайлау қорының қызметін тоқтатуды тіркеу Орталық сайлау комиссиясының шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сайлау қоры қаражаттарының пайдаланылуы туралы ол қабылдаған есептің нәтижелері және пайдаланылмай қалған ақша қаражаттарының бөлінуінің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Аталған шешім Агенттікке жеті күндік мерзімде ұсынылады.
Сайлау қорының қызметін тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тізілімге тиісті жазба енгізеді.
11. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты тіркеуден бас тарту жөніндегі шешімі сот тәртібімен шағым жасалып өзгертілген жағдайда Агенттіктің сайлау қорының қызметін тоқтатуды тіркеу туралы іс әрекеті түпкілікті шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
ҮЛГІ Қазақстан Республикасының
Президенттігіне кандидаттардың
сайлау қорларын мемлекеттік
тіркеу тәртібі туралы Ережеге
N 1 қосымша
САЙЛАУ ҚОРЛАРЫНЫҢ ТІЗІЛІМІ
1998 ЖЫЛ
---------------------------------------------------------------------------
Тізілімнің! Сайлау ! Сайлау! Қазақстан ! Қазақстан ! Жазбаны !Ескерту
нөмірі. !қорының !қорының!Республикасының!Республикасының!енгізген !
Жазбаның !қызметін!атауы !Президенттігіне!Президенттігіне!лауазымды!
енгізілген!тіркеу, ! !кандидатты !кандидаттың !адамның !
күні !тоқтату ! !тіркеген сайлау!тұратын жері !Т.А.Ә., !
!туралы ! !комиссиясының ! !қолы !
!жазба ! !атауы ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
1. !Сайлау !Қазақс.!Қазақстан !Индекс, Астана !С.Ә.Әбіло!
1.12.98ж. !қорын !тан !Республикасының!қ., Әл-Фараби !ва, 1 !
!тіркеу !Респуб.!Орталық сайлау !шағынауданы, !санаттағы!
! !ликасы.!комиссиясы !5 үй, 3 пәтер !маман !
! !ның ! ! !(қолы) !
! !Прези. ! ! ! !
! !дентті.! ! ! !
! !гіне ! ! ! !
! !канди. ! ! ! !
! !дат ! ! ! !
! !Болат ! ! ! !
! !Қасым. ! ! ! !
! !ұлы ! ! ! !
! !Ахме. ! ! ! !
! !товтың ! ! ! !
! !сайлау ! ! ! !
! !қоры ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1. !Сайлау !Қазақс.!Қазақстан !Индекс, Астана !С.Ә.Әбіло!
18.01.98ж.!қорының !тан !Республикасының!қ., Әл-Фараби !ва, 1 !
!қызметін!Респуб.!Орталық сайлау !шағынауданы, !санаттағы!
!тоқтату !ликасы.!комиссиясы !5 үй, 3 пәтер !маман !
! !ның ! ! !(қолы) !
! !Прези. ! ! ! !
! !дентті.! ! ! !
! !гіне ! ! ! !
! !канди. ! ! ! !
! !дат ! ! ! !
! !Болат ! ! ! !
! !Қасым. ! ! ! !
! !ұлы ! ! ! !
! !Ахме. ! ! ! !
! !товтың ! ! ! !
! !сайлау ! ! ! !
! !қоры ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
ҮЛГІ Қазақстан Республикасының
Президенттігіне кандидаттардың
сайлау қорларын мемлекеттік
тіркеу тәртібі туралы Ережеге
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
АРЫЗ
Ахметов Болат Қасымұлы, 1950 жылы туған
________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың тегі, аты, туған
жылы) ___________________________________________________________________
Тіркеуге ұсынады Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың
____________________________________________________
(сайлау қорының атауы)
сайлау қоры
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қазақстан
___________________
(кіммен және
Республикасының Орталық сайлау комиссиясында тіркелген
_______________________________________________________
қашан)
Кандидаттың тұратын жері: индекс, Астана қ., Әл-Фараби шағын ауданы 5 үй,
3 п. __________
Арыз беруші _______________________
(қолы)
____________________________
(күні)
ҮЛГІ Қазақстан Республикасының
Президенттігіне кандидаттардың
сайлау қорларын мемлекеттік
тіркеу тәртібі туралы Ережеге
N 3 қосымша
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
Сайлау қорын мемлекеттік тіркеу туралы
N 1
Куәлік
Астана қ. 1 желтоқсан 1998 жыл.
Сайлау қорының атауы: Қазақстан Республикасының Президенттігіне
кандидат _____________________
Ахметов Болат Қасымұлының сайлау қоры
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат кіммен тіркелген:
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың тұратын жері:
___________________________________________________________________
Индекс, Астана қ., Әл-Фараби шағын ауданы 5 үй, 3 пәтер.
Куәліктің қолданылу мерзімі: Қазақстан Республикасының Президенттігіне
____________________________
кандидатты тіркеу туралы шешім өзгертілгенге не сайлау шаралары
аяқталғанға дейін
Қазақстан Республикасының
Әділет Министрі ______________________
(аты, тегі)
М.О.