Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi
Ұлттық комиссиясының
1996 жылғы 13 қарашадағы
N 3 қаулысымен бекiтiлдi
Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 27 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бухгалтерлiк есепке алудың 10 стандарты
Байланысты тараптар туралы
ақпараттың ашылымы
Мақсаты мен қолданылу өрiсi
1. Стандарт байланысты тараптардың қатынастары мен операциялары туралы ақпаратты ашып көрсетудiң шаруашылық қызметiнiң сипатты ерекшелiгi болып табылатын және байланысты тараптар болып отырған ұйымдардың қаржы жағдайы мен қызметiнiң нәтижелерiне елеулi түрде ықпал етуi мүмкiн негiзгi аспектiлерiн сипаттайды.
2. Бұл стандартты байланысты тараптар болып табылатын және қаржы есептемесiн тапсыратын ұйымдар қолдануы тиiс, ұйымдардың байланысты тараптармен арадағы қатынастар мен операциялар туралы ақпаратты ашып көрсетуi қаржы есептемесiнiң сенiмдiлiгiн арттырады әрi шынайы және әдiлеттi ақпарат берудiң көрсеткiшi болып табылады.
Айқындамалар
3. Байланысты тараптар. Тараптардың бiрi қаржы және шаруашылық шешiмдерiн қабылдаған кезде екiншi жақты бақылау немесе оған елеулi түрде ықпал ету мүмкiндiгiне ие болғанда олар байланысты тараптар болып есептеледi.
4. Бақылау ұйымның жарғылық капиталға басым түрде қатысуына байланысты немесе өзiмен жасалған шартқа сәйкес яки өзгеше ретпен оның қаржы және өзге де басқару саясатын айқындау қабiлетi.
5. Елеулi ықпал ұйымның қаржы және өзге де саясат жөнiнде шешiмдер қабылдауға оны бақылау мүмкiндiгiнсiз қатысуы.
6. Байланысты тараптар арасындағы операциялар активтер мен мiндеттемелердi олардың құнын өндiрiп алу фактiсiне қарамастан беру.
Байланысты тараптар және олардың қатынастары
7. Бұл стандарт байланысты тараптардың төменде сипатталған қатынастарын қарастырады:
1) басқа ұйымдарды бiр немесе бiрнеше делдалдар арқылы тiкелей немесе жанама түрде бақылап отырған ұйымдар;
2) басқа ұйымдардың қызметiне бiр немесе бiрнеше делдалдар арқылы тiкелей немесе жанама түрде елеулi ықпал етiп отырған ұйымдар:
3) есеп берушi ұйым акцияларының үлесiне тiкелей немесе жанама түрде ие болып отырған, осылай ие болу өздерiне оған елеулi түрде ықпал етуге немесе бақылауға мүмкiндiк беретiн жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың етжақын туысқандары*;
* Ескерту: етжақын туысқандар - өзара етжақын туыстықта немесе ұйыммен арадағы өздерiнiң қарым-қатынастарында бiр-бiрiне ықпал етуi яки бiр-бiрiнiң ықпалында болуы мүмкiн деп болжам жасалатын туыстық қатынаста тұратын адамдар.
4) басшы қызметкерлер, яғни есеп берушi ұйымды жоспарлауға басқаруға әрi бақылауға құқығы бар және сол үшiн жауап беретiн лауазымды адамдар, сондай-ақ олардың етжақын туысқандары;
5) жоғарыда (Д) және (е) тармақтарында сипатталған адамдардың бақылауындағы немесе елеулi ықпалындағы ұйымдар.
Байланысты тараптардың кез келген ықтимал қатынастарын қарай келiп, қатынастардың заң жүзiндегi нысанына ғана емес, олардың мәнiне назар аудару керек.
8. Бұл стандартта төмендегi ұйымдар байланысты тараптар болып есептелмейдi:
1) өзара iскерлiк қатынастарында осы ұйымдардың саясатына ықпал жасамайтын ортақ басшы қызметкерi бар екi ұйым;
2) өздерiнiң әдеттегi қызмет барысында мына ұйымдар:
кредит қаржы қызметiмен айналысатын ұйымдар (банктер және т.б.);
кәсіподақтар;
коммуналдық шаруашылық ұйымдары (почта, байланыс және т.б.);
мемлекеттiк басқару және бақылау органдары (дегенмен олар ұйымдардың iс-қимыл еркiндiгiн шектеуi мүмкiн);
3) өздерiнiң арасындағы қатынастар операциялардың саны көп болуымен ғана тұжырымдалатын, мысалы, өнiм берушiлер, сатып алушылар, сауда агенттерi және т.б. секiлдi ұйымдар.
Ашылымы
9. Байланысты тараптар туралы ақпарат қаржы есептерiне қосып тапсырылатын түсiнiктеме жазбахатта ашып көрсетiледi.
10. Байланысты тараптардың арасындағы қатынастар олардың арасында операциялар болды ма, жоқ па - осыған қарамастан ашып көрсетiлуге, осы ретте қатынастардың сипаты да, ауқымы да ашып көрсетiлуге тиiс.
11. Байланысты тараптардың арасында операциялар жүзеге асырылған кезде есеп берушi тарап операциялардың түрлерi мен элементтерiн мынадай тармақтар бойынша ашып көрсетуге тиiс:
1) операциялардың құнмен немесе процентпен есептегендегi көлемi;
2) құнмен немесе процентпен есептегендегi төленбеген баптар;
3) баға белгiлеу саясаты.
Байланыссыз тараптар тағайындайтын баға мен байланысты тараптар арасында келiсiлген баға арасындағы сәйкессiздiк баға белгiлеу элементi болып табылады, ол байланысты тараптар операциялары элементтерiнiң бiрi ретiнде ашып көрсетiлуге тиiс.
12. Байланысты тараптармен арадағы қатынастардың сипаты мен ауқымын барлық ұйымдар ашып көрсетедi, алайда кейбiр жағдайларда операциялар мен олардың мазмұны ашылмауы мүмкiн. Мынадай жағдайларда байланысты тараптармен арадағы операциялар ашып көрсетудi қажет етпейдi:
1) операциялар бiрiктiрiлген қаржылық есеп беруге енгiзiлген ұйымдар арасында жүргiзiлген кезде;
2) негiзгi шаруашылық серiктестiгiнiң жекелеген қаржы есептерi бiрiктiрiлген қаржылық есеп берумен бiрге жарияланған жағдайда сол есептерде;
3) толық иелiкте тұрған еншiлес шаруашылық серiктестiгiнiң қаржы есептерiнде, оның негiзгi шаруашылық серiктестiгi тiркелген әрi бiрiктiрiлген қаржылық есеп беруiн Қазақстан Республикасында тапсыратын жағдайда;
4) мемлекеттiк бақылауындағы ұйымдар арасындағы операциялар.
Күшiне ену мерзiмi
13. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.