Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөнiндегi
нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгi 1995 жылғы 18 қыркүйектегі N 239 бұйрығы
Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 2002 ж. 19 ақпандағы N 71 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөнiндегi осы бұйрыққа қоса тiркелiп отырған нұсқаулық бекiтiлсiн және ол 1995 жылғы 1 қарашадан бастап күшiне енгiзiлсiн.
Министрдiң бiрiншi
орынбасары
Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша
тасқынын болжамдау жөнiндегi
Нұсқаулық
I. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң шоттарындағы ақша қаражатын басқаруды ұйымдастыру Тәртiбiн айқындайды және қаржы жоспарын, қолма-қол ақша тасқынын болжамдау балансын жасаудың, Қазынашылық рұқсаттарын, министрлiктердiң (ведомстволардың) Рұқсаттарын, Министрлiк берген (ведомствоаралық) рұқсаттардың және төменгi бюджеттiк қаржыларды бөлушiлер рұқсаттарын берудiң рәсiмiн белгiлейдi, сондай-ақ бюджетке түсетiн ақша қаражатын тиiмдi басқаруға, оны реттеп отыруға және мақсатты түрде ұтымды жұмсауға қызмет етедi.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 1995.06.05.
N 130 бұйрығымен.
II. Айқындамалар
2. Бюджет қаражаттары - белгiлi бiр мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк, республикалық, жергiлiктi бюджеттерден бөлiнетiн ақша қаражаты.
3. Шетелдiк гранттар - қолма-қол ақшаларды көбейту немесе арнайы
бағдарламаларды iске асыру мақсатында шетелдiк агенттiктерден немесе шет
елдерден ақшалай немесе тауар түрiнде алынатын қаражат.
4. Күрделi аударымдар - негiзгi қорлар алу үшiн мемлекеттiң кәсiпорындарға немесе мемлекеттiк ұйымдар мен бюджеттiк ұйымдарға беретiн мақсатты жәрдемақылары немесе қаржылай көмегi.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 1995.06.05.
N 130 бұйрығымен.
5. Қаржы мiндеттемелерi - тауарлар жеткiзуге, қызмет көрсетуге арналып жасалған келiсiм, хатталған шарт немесе шарттары мен төлем мерзiмдерi көрсетiлген келiсiм шарт.
6. Төлемдер - көрсетiлген төлем құжаттары бойынша ұйымдардың банктегi бюджеттiк шоттарынан шығарылып тасталған қаражат сомасы.
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 1995.06.05.
N 130 бұйрығымен.
7. Мақсатты қорлар - өздерiнiң қалыптасу көздерi бар, белгiлi мақсат бойынша жұмсалатын ақша қаражаты.
III. Қаржы жоспарлау
8. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары бекiтiлген бюджеттер негiзiнде он күн iшiнде Қаржы министрлiгiнiң салалық департаменттер және басқармаларына бөлiнген қаражатқа арнап қаржы жоспарын жасап, оны басқармаларға ұсынады. Қаржы жоспары шығындар сметасы негiзiнде, қаржы мiндеттемелерi мен төлемдер бюджеттiк сынаптаудың сыныпшалар мен ерекшелемелерге орай жылдың ай-айы бойынша бөлiнiп (1 қосымша), төрт дана етiп жасалады.
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 1995.06.05.
N 130 бұйрығымен.
9. Қаржы министрлiгiнiң салалық департаменттер және басқармалары қаржы жоспарларын мұқият тексерiп, оларды бекiтiлген жылдық қаражатпен салыстырады. Егер алшақтық болмаса, мақұлдаған белгi қойып, екi данасын сол бойда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық бередi, олардың бiрi Республикалық бюджеттi атқару басқармасына, ал екiншiсi - Касса қаражаты және мемлекеттiк қарыз басқармасына арналған, үшiншi данасы тиiстi министрлiк пен ведомствоға жiберiледi, төртiншi данасы салалық басқармаларда қалады. Қаржы жоспарларында бекiтiлген бюджет сомасы мен жылдық бюджет қаржысының бөлiнiп жазылған сомасында алшақтық байқалса, анықталған тәртiп бұзушылықты жою шаралары қабылданады.
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 1995.06.05.
N 130 бұйрығымен.
10. Бюджет қаржы жылының басталуына дейiн қабылданбаған жағдайда министрлiктер мен ведомстволар алдыңғы жылдың соңғы тоқсанындағы бюджет қаражаты шығысының мөлшерiнде бастапқы қаржы жоспарын жасайды. Бюджет бекiтiлгеннен кейiн қаржы жоспары бүкiл ағымдағы жылға нақтыланып отырады.
11. Бюджет қаражатын реттеу және мақсатты түрде ұтымды пайдалану үшiн министрлiктер мен ведомстволар ай сайын өздерiнiң нақты шығындарын бюджеттiк бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) қаржыландыру жоспарымен салыстырып отырады және есеп берiлiп отырған айдан кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей келесi кезеңге арналып қайта жасалған жоспардың нақтыланған сомасын Касса қаражаты және мемлекеттiк қарыз басқармасының назарына жеткiзіледi.
Мұндай жоспарлау ағымдағы шығындардың да, күрделi шығындардың да аумағына ықпал ететiн барлық факторларды ескеруi тиiс.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 19 ақпанда N 71 бұйрығымен.
12. Жалақы, мекен-жайды ұстау, iссапар ақылары және т.б. секiлдi
ағымдағы шығындардың көпшiлiгiн жоспарлау, әдетте, айлар бойынша тең
мөлшерде бөлiнедi.
13. Күрделi шығындарды (негiзгi құрал-жабдықтар, үй-жайлар және құрылыстар сатып алу және т.б.) жоспарлау кезiнде қаржы мiндеттемелерiнiң сомасы осы мiндеттемелер қабылданған айларда ескеріледi, ал төлемдер олар бойынша төлем мерзiмi туатын айларға жоспарланады.
14. Жылдың басында мiндеттемелер жылдың аяғына қарағанда артық сомада қабылдануы мүмкiн, бiрақ төленетiн сома қабылданған мiндеттемелердi төлеу мерзiмi туатын жыл басымен салыстырғанда жылдың аяғында жоғары болуы ықтимал. Қаржы жылының iшiнде төленген жалпы сома әрбiр сыныпша мен ерекшелемеге бойынша сол жылға рұқсат етiлген бюджет лимиттерi шегiнде болуы тиiс және барлық айларда төленген төлемдердiң жиынтық сомасы бюджеттiк қаражатпен тең немесе одан төмен болуы қажет. Бұл орайда ескеретiн бiр жай - жыл iшiнде бюджеттiк қаражат өзгерiп отыруы мүмкiн, демек қаржы жоспарында да тиiсiнше өзгерiстер болмақ.
ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 1995.06.05.
N 130 бұйрығымен.
15. Егер қаржы мiндеттемелерi жеткiзiлімнiң жүзеге асырылуынан немесе қызмет көрсетiлуiнен көп бұрын қабылданса, ал төлемдер келесi қаржы жылында жасалатын болса, онда мұндай қаржы мiндеттемелерiн Мемлекеттiк бюджет департаментi алдын ала қарап, мақұлдауы қажет, өйткенi олар қаржы мiндеттемелерi қабылданған ағымдағы жылдың бюджетiне емес, төлем жасалатын келесi жылдың бюджетiне әсер етедi.
ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 1995.06.05.
N 130 бұйрығымен.
IV. Қолма-қол ақша тасқынын болжамдау
16. Қолма-қол ақша түсiмiнiң болжамы қолма-қол ақшаның мемлекеттiк қорларын тиiмдi жоспарлау және пайдалану үшiн жасалады. Жоспарланып отырған табыстар туралы ақпаратты ай сайын: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы. Табыстарды болжамдау басқармасы, мақсатты қорлар және кiрiстердi жинау үшiн жауап беретiн басқа да ұйымдар Касса қаражаты және мемлекеттiк қарыз басқармасына берiп отырады. Кiрiстердiң әртүрлi көздерi бар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, табыс салығы және басқа да түсiмдер) екi санаты - салықтық және салықтық емес түсiмдер болады.
17. Мақсатты қорлардың жоспарланған түсiмдер сомасын және олардың жұмсалуын (кiрiске шаққанда көзделген процентi жағынан) қорлардың өздерi әр айдың 7-күнi берiп отырады.
18. Валюталық операциялардың және сыртқы борыш мониторингiнiң басқармасы екi жақты немесе көп жақты агенттiктермен (Бүкiл дүниежүзiлiк банкпен, Азияның даму банкiмен және т.б.) жасасқан келiсiмдер негiзiнде құрастырылған, күтiлiп отырған қарыздар мен гранттар жөнiндегi мәлiметтердi әр ай сайын берiп отырады. Iшкi және сыртқы ақша гранттары туралы деректер "Б" тарауы бойынша, ал алынған қарыздар туралы мәлiметтер "Д" "Қарыз (таза)" тарауы бойынша болжамдаудың кiрiстер бөлiгiне енгiзiледi.
Негiзгi қарызды өтеу орындалмаған мiндеттемелер үшiн айыппұл төлеуден, проценттiк төлемдерден және "ағымдағы шығындардың" бiр бөлiгi болып табылатын басқа да төлемдерден бөлек көрсетiледi. Олар "Д" тарауына енгiзiледi.
19. Мұқият зерттелген жоспарлар негiзiнде Касса қаржылары және мемлекеттiк қарыз басқармасы оларды қарайды және күтiлiп отырған төлемдер: ағымдағы шығындар (жалақы, тауарлар алу және қызмет көрсету, проценттiк төлемдер, субсидиялар және аударымдар); күрделi шығындар; қарыз бен үлестi қатысу шегерiлiп тасталған несие беру жайлы жиынтық экономикалық деректердi iрiктеп алып, болжамдауға енгiзiледi.
20. Касса қаржылары және мемлекеттiк қарыз басқармасы кiрiстер мен болжамдарын басшылыққа ала отырып, әр қаржы жылының басында қолма-қол ақша тасқынының әр айға арналған болжам балансын жасайды (N 2 қосымша) қолма-қол ақша тасқынын болжамдауға арналған экономикалық көрсеткiштер бюджеттiк сыныптамаға сәйкес келуi тиiс. Болжам балансы бюджеттiң орындалуына және қолда бар бюджет лимиттерiне қарай қажет болған жағдайда ай сайын дәлденiп және түзетiлiп отырады.
21. Бюджеттiк орындалу барысында кiрiстер, шығыстар және қарыздар бойынша нақты көрсеткiштер өткен айлардағы жоспарлы көрсеткiштердiң орнына көрсетiледi және алдыңғы жылдың тиiстi кезеңдерiмен салыстырылады (N 2 қосымша).
ЕСКЕРТУ. 18-20-тармақтар өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
1995.06.05. N 130 бұйрығымен.
V. Қазынашылық Рұқсаттарын (варранттарды)
тоқсан сайын берiп тұру
22. Министрлiктердiң қаржы жоспарларында көрсетiлген қаржы мiндеттемелерi негiзiнде Республикалық бюджеттiң атқарылуы басқармасы тоқсан сайын министрлiктерге Қазынашылық Рұқсаттарын берiп тұрады (N 1 нысан, 3-қосымша) және министрлiктер үшiн бюджет қаражаттары есебiнен төлемдер бойынша қаржы мiндеттемелерiн алу жөнiнде лимиттер белгiлейдi. Қазынашылық Рұқсаттарында бюджеттiк сыныптаудың тараулары мен баптары бойынша бекiтiлген лимиттердiң тiзбесi айқындалады. Бұл Рұқсаттардың олар берiлген қаржы жылының iшiнде ғана күшi болады. Яғни, Қазынашылық Рұқсаттарымен айқындалған қаражаттар жылдың аяғына дейiн пайдалануға болады және олар аталған тоқсанмен шектелмейдi.
23. Бюджет қаржы жылының басына дейiн бекiтiлмеген және алдын ала жоспарлар жасалған жағдайда ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанына арналған Қазынашылық Рұқсаттары бұдан алдыңғы жылдың соңғы тоқсанында пайдаланылған бюджеттiк қаржылардың мөлшерiнен аспайтын сомада жазып берiледi.
24. Қазынашылық Рұқсаттарды үш данада болып толтырылады, олардың бiреуi министрлiкке (ведомствоға) арналған, ал екеуi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылықта: Республикалық бюджеттiк атқарылуы басқармасы мен Касса қаржылары және мемлекеттiк қарыз басқармасында қалады.
25. Осы кезеңде Қазынашылық айына бiр-екi рет министрлiктер (ведомстволар) үшiн қаражаттардың жоғарғы шегiн айқындайды, олар өз кезегiнде өздерiнiң бағынышты бюджеттiк ұйымдар үшiн қаражаттарды айқындайды. Қазынашылық шығыстар кестесiн Ұлттық банкiге жiбередi. Шығыстар кестесi бiр қатар уақыт Қазынашылық Рұқсатымен қатар пайдаланылады.
ЕСКЕРТУ. 24-25-тармақтар өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
1995.06.05. N 130 бұйрығымен.
VI. Рұқсаттарды қайта қарау
26. Шығындардың өсiмi және бөлiнген лимиттердiң жетiспеушiлiгi күтiлiп отырған жағдайда Қазынашылық Рұқсатын тек басқа Рұқсат беру жолымен ғана өзгертуге болады. Жаңа Рұқсат 4-қосымшадағы N 5 нысан бойынша бюджет қаражаттарын бiр сыныпша мен ерекшелеменiң екiншi бапқа аудару туралы министрлiктердiң (ведомстволардың) Мемлекеттiк бюджет департаментi бекiткен тапсырысы негiзiнде берiледi.
Лимиттердiң тапсырыс берiлген барлық өзгерiстерi шығындардың өсуiне немесе өзгеруiне әсер ететiн себептер мiндеттi түрде көрсетiлiп, негiзделген болуы тиiс.
Рұқсаттарды қайта қараудың қажеттiгiн сезiнiп отырған министрлiктер (ведомстволар) жұмсалған қорларды көрсетедi және бұрын белгiленген жалпы бюджеттiң жоғарғы шегiнен (лимиттен) асырмай, бюджеттiк қаржылардың лимитiн өзгертудi ұсынады.
27. Министрлiктерде (ведомстволарда) жұмсалған қаржылар қалдығы таусылған айрықша жағдайларда олар Қаржы министрлiгiнен қосымша қаражаттар сұрай алады. Қосымша лимиттерi бекiтiлгенге дейiн Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық Рұқсатымен белгiленген лимиттерден тыс шығындар жұмсауға рұқсат етiлмейдi. Егер бюджеттiк қаражаттардың лимитiн қайта қарау Қаржы министрлiгiнде мақұлданған жағдайда, Мемлекеттiк бюджет департаментi бұл жайында тиiстi министрлiктерге (ведомстволарға) хабарлайды және Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылықтың Республикалық бюджеттiң атқарылуы басқармасына қайта қаралған (өзгертiлген) Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық Рұқсаттарын (N 1 нысан) беруге нұсқау бередi.
ЕСКЕРТУ. 26-27-тармақтар өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
1995.06.05. N 130 бұйрығымен.
VII. Рұқсат етiлген лимиттердi әрбiр
министрлiктiң iшiнде бөлу
28. Әрбiр министрлiк орталық аппараты және бюджет қаражаттарын өз беттерiмен жұмсауға рұқсат етiлген бағынышты бюджеттiк ұйымдар мен ұйымдарды бөле көрсетiп тiзбе жасайды. Бұл тiзбе әлсiн-әлсiн нақтыланып отырады.
29. Әрбiр бюджеттiк ұйым 7 қатарлы кодпен белгiленуi тиiс (алғашқы 4 сан министрлiктi және соңғы 4 сан бағынышты бюджеттiк мекеменi бiлдiредi).
30. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылықтың Рұқсатын (N 1 нысан) алғаннан кейiн министрлiк әрбiр бағынышты бюджеттiк ұйымды оларға бөлiнген лимиттер туралы хабардар етедi, оларға ай сайынғы бюджеттiк қаражаттарға қажеттiлiк туралы бұдан бұрын министрлiкке берiлген мәлiметтердi ескере отырып толтырылған 5-қосымшадағы N 2 формада министрлiктiң (ведомствоның) Рұқсатын бередi. Министрлiктiң (ведомствоның) Рұқсаты үш дана болып толтырылады, олардың алғашқы екеуi -бағынышты бюджеттiк ұйымға арналған, олардың өз кезегiнде бiр данасын аумақтық қазынашылыққа бередi, үшiншi данасы министрлiкте (ведомствода) қалады. Осы мекемелер арасында әрбiр экономикалық сыныптаманы ерекшелемесi бойынша осылайша бөлiнген бюджеттiк қаражаттардың жалпы сомасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық бүкiл министрлiкке әрбiр ерекшелеме бойынша рұқсат берген соманың әрдайым шегiнде немесе соған тең болуы тиiс.
Министрлiк (ведомство) бюджеттiк қаражатты бөлушiнiң өкiлеттiктерiн төмен тұрған (бағынысты) бюджеттiк ұйымға берген жағдайда соңғысына, өз кезегiнде, төмен тұрған қаржы жұмсаушы бiрлiктер (бюджеттiк ұйымдар) бойынша лимиттер бөлiнiп, 2-а нысаны бойынша (10-қосымша) төмен тұрған бюджеттiк қаржыларды бөлушiнiң рұқсаты жазып берiледi. Қаржы жұмсаушы бюджеттiк ұйымдар арасында әрбiр ерекшелеме бойынша бөлiнген бюджеттiк қаражаттың жалпы сомасы 2-нысан бойынша министрлiктiң (ведомствоның) рұқсатында да әрбiр ерекшелемен бойынша көрсетiлген сомаға тең болуы тиiс. Төмен тұрған бюджеттiк қаржыларды бөлушiнiң рұқсаты үш дана етiп толтырылады, олардың бiрiншiсi бағынысты бюджеттiк ұйымға, екiншiсi облыстық қазынашылық басқармасына арналған, үшiншi данасы бюджеттiк қаржыларды бөлушiде қалады.
Бiр министрлiк (ведомство) өзiнiң бюджеттiк қаражатының бiр бөлiгiн басқа министрлiкке (ведомствоға) бөлген жағдайда ол министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат (2-б нысаны, 11-қосымша) бередi. Министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат үш дана етiп толтырылады, олардың бiрiншiсi алушы министрлiкке (ведомствоға), екiншiсi - Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылыққа арналған, үшiншi данасы шығарушы министрлiкте (ведомствода) қалады. Министрлiк (ведомство) экономикалық сыныптаманың әрбiр ерекшелемесi бойынша министрлiктер (министрлiкаралық рұқсат) және бағынысты ұйымдар (министрлiктiң рұқсаты) арасында бөлген бюджеттiк қаражаттың жалпы сомасы тұтастай министрлiк (ведомство) бойынша Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық рұқсат берген (Қазынашылық рұқсаты) лимиттен аспауы тиiс;
- Бағынысты ұйымдарында шығындар сметасын немесе бюджетте көзделген
шараларды атқару жөнiндегi қаржы операцияларын жүргiзуге арналған ағымдағы
шоттары (бюджеттiк шоттардың орнына) бар министрлiктер (ведомстволар) 1997
жылдың 1 қаңтарынан бастап ағымдағы шоттарын жауып, бюджеттiк шоттар ашуы
қажет. Сондай-ақ шығындарға арналып бекiтiлген лимиттердi бағынысты
ұйымдарға дейiн жеткiзу тетiгiн осы Нұсқаулыққа сәйкес келтiруi тиiс;
Бюджеттiк қаражаттарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшiн
мекемелер арасында бөлiнген лимиттер мекемелердiң қажеттiгiне сәйкес үнемi
қайта қаралып және қайтадан бөлiнiп отырады.
31. Бюджеттiк қаражаттардың iшкi бөлiнiсiн бақылау үшiн 6-қосымшадағы (N 3 нысан) лимиттердiң бөлiнуiн бақылау кәртiшкесi белгiленген. Нақ сонда министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат бойынша бөлiнген бюджеттiк қаражат сомасы көрсетiледi. Төмен тұрған бюджеттiк қаражатты бөлушiлер де 3-нысан бойынша (6-қосымша) бөлiнiмнiң есебiн жүргiзiп отырады.
ЕСКЕРТУ. 28, 29, 30, 31-тармақтар өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР
Қаржы министрiнiң 1995.06.05. N 130 бұйрығымен.
VIII. Қаржы мiндеттемелерiн бақылау
32. Министрлiктiң (ведомствоның) N 2 нысан бойынша, 2б нысаны бойынша министрлiкаралық рұқсат және 2а нысаны бойынша төмен тұрған бюджеттiк қаржыларды бөлушiнiң рұқсаты Рұқсатын алған әрбiр бюджеттiк ұйым қаржы мiндеттемелерi бойынша бақылау ұйымдастыру үшiн жауапты болады. Бюджеттiк ұйымдар бюджеттiк сынаптаудың әрбiр ерекшелемесi бойынша 7-қосымшадағыдай (N 4 нысан) қаржы мiндеттемелерi үшiн Бақылау кәртiшкесiн жүргiзiп отыруға тиiс.
Алғашқы кезеңде бұл кәртiшке қолмен толтырылады, бiрақ кейiннен есептi компьютерлендiру қажет.
ЕСКЕРТУ. 32-бап өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 1995.06.05.
N 130 бұйрығымен.
IХ. Жедел мәлiметтер беру
33. N 2 нысан бойынша министрлiктiң (ведомствоның) Рұқсатын алатын барлық бюджеттiк ұйымдар әрбiр айдың үшiншi жұмыс күнiне министрлiкке 8-қосымшадағы бюджеттiк қаражатты бөлушiнiң өкiлеттiктерi төмен тұрған бағынысты ұйымға берiлген жағдайда жедел мәлiметтер бұл ұйымға әр айдың үшiншi жұмыс күнiне берiлiп отырады, ол өз кезегiнде жиынтық жедел мәлiметтердi министрлiкке (ведомствоға) бесiншi жұмыс күнiне берiп отырады, N 6 нысан бойынша мәлiметтер берiп отырады. Бұл мәлiметтерде әрбiр құрамға, бағдарламаға, кiшi бағдарламаға, экономикалық сыныптаманың ерекшелемесi бойынша рұқсат етiлген лимиттер, қабылданған барлық қаржы мiндеттемелерi және қолда бар қалдық көрсетiледi.
34. Министрлiктер осы нұсқаулықтың VI тарауында көзделген тәртiпте
бюджеттiк қаражаттарды қайта бөлудi жүзеге асыру үшiн ай сайынғы
мәлiметтердi тексерiп, талдап отырады.
35. Министрлiктер мен ведомстволар бюджеттiк сыныптаудың әрбiр құрамның, бағдарламаның, кiшi бағдарламаның, экономикалық сыныптама ерекшелемесiнiң бойынша бюджеттiк ұйымдардың немесе төмен тұрған бюджеттiк қаражатты бөлушiлердiң мәлiметтерi негiзiнде жиынтық жедел мәлiметтер тұжырымдап, 7-жұмыс күнiне 9-қосымшадағы N 7 нысан бойынша Қазынашылықтың Республикалық бюджеттiк атқарылуы басқармасына берiп отырады, оларда мыналар көрсетiледi: (а) Қазынашылық рұқсат еткен лимиттер, (б) қабылданған қаржы мiндеттемелерiнiң жалпы сомасы, (в) қолда бар қалдық.
36. Бұдан басқа 6 және 7-нысандарда бюджеттiк сыныптаудың әрбiр құрамның, бағдарламаның, кiшi бағдарламаның, экономикалық сыныптама ерекшелемесiне орай бар қарыз бойынша анықтама ретiнде 5-бағаналар толтырылады.
37. Жедел мәлiметтер бойынша деректер мың теңгемен жасалады және жыл басынан бастап үстемеленген жиынтықпен келтiрiледi.
38. Нұсқаулықтар 1995 жылғы 1 қарашадан бастап күшiне енедi.
39. Осы Нұсқаулықтың шығуына байланысты, шығын кестелерiмен қаржыландырудан бюджеттiк қаражатты жұмсауға арналған лимиттердiң бекiтiлген Қазынашылық рұқсаттарына кезеңдеп көшуге қарай, мына нормативтiк құжаттардың күшi жойылды деп танылсын:
- Қаржы министрiнiң 1979 жылғы 31 қаңтардағы N 8 бұйрығымен бекiтiлген Қазақ КСР Мемлекеттiк бюджетiн жасау мен атқару Ережелерiнiң 10-бөлiмiнiң А "Қазақ КСР республикалық бюджетi бойынша шығындарды қаржыландыру" бөлiмшесi;
- Қазақ КСР Қаржы министрiнiң 1980 жылғы 6 наурыздағы N 19 бұйрығымен бекiтiлген "Республикалық бюджет бойынша жылдық тағайындалымдардың тоқсандар бойынша бөлiнiмiн жасаудың, шығындарды қаржыландырудың және атқару барысында енгiзiлетiн өзгертулердiң есебiн жүргiзудiң тәртiбi туралы" Нұсқаулық.
ЕСКЕРТУ. 33, 35, 36-тармақтар өзгертiлдi, жаңа 39-тармақпен
толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 1995.06.05.
N 130 бұйрығымен.
Бас қазынашылық
басқармасы Бастығының
орынбасары
Бюджет жүйесi бойынша
әдiстемелiк жұмыс бөлiмiнiң
бастығы
Қаржы жоспары - 19 қаржы жылы
1 қосымша
министрлiгi
________________________________________________________________
Бюджет | Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуiр
сыныптау |____________|____________|____________|____________
коды |Қаржы |Төлем|Қаржы |Төлем|Қаржы |Төлем|Қаржы |Төлем
|мiндет. |мiндет. |мiндет. |мiндет.
|темесi| |темесi| |темесi| |темесi|
________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
-----------------------------------------------------------------
Мамыр | Маусым | Шiлде
_________________________________________________________________
Қаржы | Төлем | Қаржы | Төлем | Қаржы | Төлем
мiндеттемесi | |мiндеттемесi| |мiндеттемесi|
_________________________________________________________________
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қаржы жоспары - 199 қаржы жылы
1-қосымша
___________________________________________________________
Бюдет | Тамыз | Қыркүйек | Қазан
сыныптау |______________|________________|________________
коды | Қаржы |Төлем| Қаржы |Төлем | Қаржы | Төлем
| мiндет.| | мiндет. | | мiндет. |
| темесi | | темесi | | темесi |
___________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
__________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Қараша | Желтоқсан | Барлығы |Бюджеттен
---------------|----------------|------------- |жылдық
Қаржы |Төлем | Қаржы |Төлем | Қаржы |Төлем|қаржылан.
мiндет.| | мiндет. | | мiндет.| |дыру
темесi | | темесi | | темесi | |
___________________________________________________________
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14
-----------------------------------------------------------
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
199 қаржы жылы
___________________________________________
Қолма-қол ақша тасқыны / Бюджет-салық есебi
___________________________________________ Уақыты
________________________________________________________________
А. Қолма-қол ақшаның ашық балансы |Қаңтар |Қаңтар| 1995 жылдың
|наурыз |наурыз|_____________
|1994 ж.|1994ж.|Сәуiр |Мамыр
________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
________________________________________________________________
Б. Кiрiстер
(жалпы санаттар) 1. Салықтан алынған кiрiстер
(заңды және жеке тұлғалардан
алынған табыс салықтары) 2. Әлеуметтiк сақтандыру
жөнiндегi жарналар 3. Тауарлар мен қызметтерге
салынған iшкi салықтар
- Қосылған құнға салынатын салық
- Акциздер
- Бизнестi жүргiзуге берiлген
лицензия - Қаржы монополияларының пайдасы
Басқа салықтар (көрсетiлсiн) 4. Сыртқы саудаға салынатын
салықтар
- Кедендiк
- Импорттық баждар
- Экспортық баждар
Басқа салықтар (көрсетiлсiн)
5. Салық салынбайтын кiрiстер
- Әкiмшiлiк алымдары
Салық салынбайтын басқа
кiрiстер (көрсетiлсiн)
6. Жекешелендiруден алынған кiрiстер
7. Гранттар
- Шетелдiк
Басқа гранттар (көрсетiлсiн)