Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып
жатқан және аяқталған жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық,
жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң
тәртiбiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
Қаулысы 1998 жылғы 11 наурыздағы N 198
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 31 тамыздағы N 921 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ғылыми-техникалық ақпарат алмасуды, елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiнiң жай-күйiн талдауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстардың негiзiнде арнаулы ақпарат қорларын құру, зерттеулер мен әзiрленiмдердiң қайталануын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық, жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы бiр ай мерзiм iшiнде Тәртiптi iске асыру үшiн қажеттi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлесiн және бекiтсiн, жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар туралы ақпараттық құжаттардың мемлекеттiк қорын құруды және орындаушы-ұйымдардың жүргiзiлiп жатқан және аяқталған жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар туралы мәлiметтердi уақтылы ұсынуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
3. Республиканың жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды орындайтын министрлiктерi, ведомстволары және ұйымдары 1998 жылдың ақпаннан бастап жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды тiркеу үшiн Республикалық мемлекеттiк ғылыми мекеме - Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығында қажеттi құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етсiн.
4. Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы жыл сайын есептiден кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсанында, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, сондай-ақ олардың өз функциялық мiндеттерiн атқаруына байланысты министрлiктер мен ведомстволардың сұратуы бойынша жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар, елдiң бұл саладағы ғылыми-техникалық әлеуетi туралы есептi жылғы Мемлекеттiк қордың ақпараттық құжаттармен толығуына талдаумен және Қазақстан Республикасында жабық тақырып бойынша зерттеулер мен әзiрленiмдердi орындау жөнiндегi жұмыстарды жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстармен қоса анықтамалар ұсынсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 11 наурыздағы
N 198 Қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында басталған, жалғастырылып
жатқан және аяқталған жабық ғылыми-зерттеу,
тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық
жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң
ТӘРТIБI
I. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) орындаудың барлық кезеңдерiнде тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға, олар бойынша есеп құжаттарын ұсынуға және Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн жабық ҒЗТКЖ туралы ақпарат дайындауға бiрыңғай талаптарды белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасының барлық ұйымдары орындайтын қаржыландыру бюджеттiң қаражатын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын жабық ҒЗТКЖ мiндеттi тiркеуге жатады.
3. Жабық ҒЗТКЖ мемлекеттiк тiркеу Республикалық мемлекеттiк ғылыми мекемеге - Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығына (бұдан әрi - СА ҒТО) жүктеледi.
4. Осы Тәртiпте көзделген барлық тiркеу және есеп құжаттары СА ҒТО-ға тегiн ұсынылады. Оларды дайындауға және жөнелтуге байланысты шығындар ҒЗТКЖ жүргiзуге арналып бөлiнген қаражаттың есебiнен атқарушы ұйымдарға жүктеледi.
5. Тiркеудiң негiзiнде СА ҒТО Қазақстан Республикасында жүргiзiлген жабық ҒЗТКЖ туралы автоматтандырылған деректер банкiн жүргiзедi, белгiленген тәртiппен жүргiзiлiп жатқан және аяқталған ҒЗТКЖ туралы, сондай-ақ атқарушы ұйымдар туралы ақпараттарға рұқсат етiлуiн қамтамасыз етедi.
6. Жабық ҒЗТКЖ тiркеу және олар бойынша есептi құжаттар ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы бекiткен тiркеу және ақпараттық карталардың нысандары, сондай-ақ оларды толтыруға және есептiк құжаттарды ресiмдеуге талаптар пайдаланылады.
II. ҒЗТКЖ тiркеу
7. Тiкелей орындаушы ұйым жабық ҒЗТКЖ тiркеу үшiн СА ҒТО-ға жұмысты қаржыландыру басталған сәттен бастап 30 күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде екi данада белгiленген үлгiдегi тiркеу картасын жолдайды.
ҒЗТКЖ бiрнеше ұйым жүргiзген кезде (кешендi жұмыстар) әрбiр атқарушы ұйым СА ҒТО-ға жұмыстың дербес орындалатын бөлiгiне тiркеу картасын жолдайды.
СА ҒТО тiркеу картасы бойынша жұмысқа тiркеу нөмiрiн бередi және 20 күндiк мерзiмде тiркеу картасының бiр данасын атқарушы ұйымға жолдайды.
Атқарушы ұйым тiркелген жұмыстағы өзгерiстер туралы мынадай:
жұмыстың аяқталу немесе тоқтатылу мерзiмi өзгерген (жазбаша хабарлама жiберiледi);
жұмыстың атауы өзгерген (атқарушы қайтадан ресiмдеген тiркеу картасы жолданады) жағдайларда 30 күндiк мерзiм iшiнде СА ҒТО-ға хабарлауға мiндеттi. СА ҒТО аталған жұмысқа бiр мезгiлде бұрынғы нөмiрдi жою арқылы жаңа тiркеу нөмiрiн бередi.
III. Есептiк құжаттарды ұсыну
8. Тiркелген ҒЗТКЖ атқарушы ұйым жұмыс (немесе оның кезеңi) аяқталған сәттен бастап 30 күннен аспайтын мерзiм iшiнде СА ҒТО-ға белгiленген үлгiдегi ақпараттық карта жолдайды.
Кешендi жұмыс аяқталғаннан кейiн барлық атқарушы ұйымдар (бас ұйым және қоса атқарушы ұйымдар) СА ҒТО-ға дербес орындалған бөлiктер (кезеңдер) жөнiнде ақпараттық карталар ұсынады.
9. Аяқталған ҒЗТКЖ (немесе оның кезеңi) туралы ғылыми-техникалық есептi атқарушы ұйымның басшысы бекiтедi және ол осы ұйымның бiрiншi бөлiмiнде сақталады.
ҒЗТКЖ туралы ғылыми-техникалық есеп ҒЗЖ туралы есептi ресiмдеудiң құрылымы мен ережесiн регламенттейтiн мемлекеттiк стандарттың (ГОСТ 7.32-91) талаптарына сәйкес ресiмделуi тиiс.
10. Дұрыс ресiмделмеген тiркеу және ақпараттық карталарды СА ҒТО қайтарудың объективтi себептерiн көрсете отырып, түзету үшiн атқарушы ұйымға қайтарады.
Атқарушы ұйым қайтарылған құжаттарды алған күннен бастап 20 күннен кешiктiрмей оларға түзету енгiзуге және СА ҒТО-ға қайта жiберуге мiндеттi.
СА ҒТО-ға ұсынылатын құжаттардағы мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы, материалдарды ресiмдеудiң сапасы үшiн атқарушы ұйым жауапкершiлiкте болады.
11. САҒТО-да диссертация қорғалған жабық тақырыптар бойынша диссертацияның белгiлi үлгiдегi есеп карточкасы (ДЕК) ұсынылады.
12. Тiркелген жабық ҒЗТКЖ туралы мәлiметтердi СА ҒТО заңдарға сәйкес тапсырысшыларға ұсынады.