Энергия үнемдеу туралы 1997 ж. 25 желтоқсандағы N 210-1
Қазақстан Республикасының Заңы
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2-тарау. Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік реттеу (5 - 12 баптар)
3-тарау. Энергия үнемдеудің экономикалық механизмі (13 - 14 баптар)
4-тарау. Жаңғыртылатын энергия көздері (15 бап)
5-тарау. Энергия үнемдеу саласындағы білім беру, ақпаратпен (16 - 18 баптар)
қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулер
6-тарау. қорытынды ережелер (19 - 20 баптар)
Осы Заң Қазақстан Республикасының отын-энергетика ресурстарын тиiмдi пайдалану мен қоршалған ортаны қорғау үшiн экономикалық және ұйымдық жағдайлар жасау мақсатымен энергия үнемдеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Бұл Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
энергия үнемдеу - отын-энергетика ресурстарын ұтымды және үнемдi пайдалануға бағытталған қызмет (ұйымдастырушылық, ғылыми, практикалық, ақпараттық қызмет);
энергия үнемдеу саласындағы саясат - энергия үнемдеу саласындағы қызметтi құқықтық, ұйымдық және қаржы-экономикалық жағынан реттеу;
энергия үнемдеу технологиялары, жабдықтары және материалдары қол жеткен деңгеймен салыстырғанда отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн технологиялар, жабдықтар мен материалдар;
отын-энергетика ресурсы - техника мен технологияның дамуының белгiлi бiр деңгейiнде пайдаланылатын немесе пайдалы түрде қолданылуы мүмкiн энергия көзi;
экологиялық жағынан таза энергетика ресурстары - күннiң, желдiң, жер астындағы жылы судың, жер жылуының энергиясы көздерi, судың, толқынның қозғалмалы ағыстарының энергиясы;
қайталама энергетика ресурстары - негiзгi өндiрiстiк iлеспе өнiмi немесе қалдығы ретiнде алынатын энергетика ресурсы;
отын энергетика ресурстарын тиiстi пайдалану - техника мен технологиялардың қазiргi деңгейi жағдайында және қоршаған ортаға техногендiк әсердi азайтумен бiрге отын-энергетика ресурстарын пайдаланудың техникалық жағынан мүмкiн болатын және экономикалық жағынан ақталған тиiмдiлiгiне қол жеткiзу;
отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi отын мен энергияның белгiлi бiр өнiмге, жұмысқа және қызметке үлестi шығынының нормативтер мен стандарттарда реттелетiн шамасы;
отын-энергетика ресурстарының өндiрiстiк емес шығындары - жаңадан енгiзiлген жабдықтар үшiн стандарттардың (техникалық шарттардың) талаптарынан ауытқудан, қолданылып жүрген жабдықтар үшiн нормативтiк актiлердiң, технологиялық регламенттердiң және төлқұжат деректерiнiң талаптарын бұзуды туғызған отын мен энергия ысыраптары;
жаңғыртылған энергия көздерi - қоршаған ортада ұдайы болатын немесе ауық ауық пайда болатын күн, жел, жер жылуы, биомасса және өзендер ағыстарының көздерi;
энергия үнемдеу объектiлерi - отын-энергетика ресурстарының, жылу және электр энергиясының барлық түрлерiн шығаруға, ұқсатуға, тасымалдауға, өндiруге, сақтауға және пайдалануға байланысты процестер;
шартты отын - органикалық отынның әрқилы түрлерiнiң жылу құндылығын салыстыру үшiн қызмет ететiн техникалық-экономикалық есеп-қисаптар кезiнде алынған нормативтер мен стандарттарда реттелетiн өлшем.
2-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласындағы заңдары
Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласындағы заңдары, Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
3-бап. Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi
Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi:
отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн арттырудың оларды шығару мен жылу және электр энергиясын өндiрудi молайтудан басымдығы;
отын-энергетика ресурстарын және (немесе) энергияны шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау және пайдалану кезiндегi адамның қауiпсiздiгi мен денсаулығын, оның өмiрiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудегi басымдық;
энергия үнемдеу саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;
энергия үнемдеудi, энергияның жаңғыртылатын көздерiн пайдалануды ынталандыруды экономикалық жағынан қолдау қажеттiгi;
өндiрiлетiн және жұмсалатын отын-энергетика ресурстарының анық есебiнiң мiндеттiлiгi;
отын-энергетика ресурстарын өндiрушiлердiң, жеткiзiп берушiлердiң және тұтынушылардың мүдделерiн үйлестiру;
энергия үнемдеуге жүйелi көзқарас;
энергия үнемдеу саласында ақпарат, бiлiм беру және ғылыми-зерттеу қызметiн iске асыру болып табылады.
4-бап. Энергия үнемдеудiң негiзгi бағыттары
Энергия үнемдеудiң негiзгi бағыттары:
ұлттық экономиканы интенсивтi дамыту үшiн қажеттi энергия өндiру мен тұтынуды тұрақтандыру;
энергия өндiру мен тұтыну режимдерiн оңтайландыру, оның есеп-қисабы мен бақылауын ұйымдастыру;
кәсiпорындардың мекемелер мен ұйымдардың энергетикалық тиiмдiлiгiн зерттеудi ұйымдастыру;
өнiмдердiң, жұмыс iстеп тұрған және қайта құрылатын объектiлердiң, технологиялар мен жабдықтардың энергия үнемдеуiне сараптама жүргiзу;
энергияның жаңғыртылатын көздерiн дамыту;
қайталама энергетика ресурстары мен қалдықтарын кәдеге жарату;
энергетикалық жағынан тиiмдi техника мен өнiмдердi, озық технологияларды енгiзу жөнiндегi жобаларды iске асыру;
осы салада ғылыми зерттеулер мен басқарудың жаңа әдiстерiн енгiзу;
отын-энергетика ресурстарын шығару, өзгерту, тасымалдау, сақтау және тұтыну кезiнде олардың ысырап болуын қысқарту;
босатылатын және тұтынылатын энергетика ресурстарын есептеу бөлiгiнде өлшемнiң дәлдiгiн, нақтылығы мен бiрлiгiн қамтамасыз ету;
энергетика ресурстарын үнемдеудi қамтамасыз ететiн жаңа құрылыс нормалары мен ережелерiн енгiзу және олардың қолданылып жүргендерiн жетiлдiру болып табылады.
2-тарау. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
5-бап. Энергия үнемдеу жүйесiн ұйымдастыру
Энергия үнемдеу жүйесi энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк саясат пен өзiн-өзi басқаруды iске асыру құралы болып табылады және оның құрамына: энергия үнемдеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар; энергия үнемдеу объектiлерi; орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ энергия үнемдеу бағдарламаларын iске асыруға қатысатын адамдар; отын-энергетика ресурстарын ұтымды және үнемдi пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн құралдар мен шаралар жиынтығы енедi.
Энергия үнемдеудiң аймақтық және жинақы (барлық заңды тұлғалар үшiн) жүйесiнiң құрылымы мемлекеттiк жүйенiң негiзiнде қалыптастырылады, оның құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Энергия үнемдеу жүйесi мемлекеттiк, аймақтық және салалық бағдарламалар, сондай-ақ заңды тұлғалар әзiрлейтiн бағдарламалар арқылы iске асырылады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң энергия үнемдеу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi энергия үнемдеу саласында:
бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;
мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;
энергия үнемдеудiң және жаңғыртылатын энергетикалық ресурстарды пайдалануға ынталандырудың нормативтiк-әдiстемелiк, құқықтық және экономикалық механизмiн әзiрлейдi;
мемлекеттiк энергия үнемдеу жүйесiнiң құрылымы мен уәкiлеттi органды белгiлейдi;
отын-энергетика ресурстарын өндiру мен тұтыну кезiнде стандарттау, сертификаттау және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы саясатты белгiлейдi;
бiлiмдi хабарлау, насихаттау, халықты және мамандарды оқыту тәртiбiн белгiлейдi;
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.
7-бап. Уәкiлеттi органның энергия үнемдеу саласындағы құзыретi
Өкiлеттi орган энергия үнемдеу саласында:
энергия үнемдеу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi;
министрлiктердiң, ведомстволардың және ұйымдардың тиiстi қызметтерiнiң мемлекеттiк энергия үнемдеу бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету бөлiгiнде оларға бақылау жасайды және оларды үйлестiрудi жүзеге асырады;
энергия үнемдеу сараптамасы туралы ереженi жасайды;
отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiне мемлекеттiк қадағалау ұйымдастырады;
халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.
8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың энергия үнемдеу саласындағы құзыретi
1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:
әкiмшiлiк-аумақтық өлшем шегiнде энергия үнемдеу бағдарламаларын бекiтедi;
жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының энергия үнемдеу бағдарламаларының орындауы туралы есебiн қарайды.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар:
мемлекеттiк энергия үнемдеу бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
әкiмшiлiк-аймақтық өлшем шегiнде энергия үнемдеу бағдарламаларын әзiрлеп, жүзеге асырады, олардың орындалуын үйлестiредi;
энергия үнемдеу саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастырады;
өздерiнiң аумағында орналасқан жеке және заңды тұлғалардың энергия үнемдеу саясатын орындау жөнiндегi қызметiн қарайды.
9-бап. Энергетика ресурстарының есебi
Жеке және заңды тұлғалар тұтынатын және сақтайтын отын-энергетика ресурстарының мөлшерiне мiндеттi түрде нормативтiк құжаттарға және мемлекеттiк стандарттар мен нормаларға сәйкес есеп жүргiзiлуге және бақылануға тиiс.
10-бап. Отын-энергетика ресурстарын өндiру, тұтыну және тиiмдi пайдалану туралы мемлекеттiк есеп
Уәкiлеттi орган мемлекеттiк статистикалық есеп нысанын жасайды және мемлекеттiк статистика саласындағы құзыреттi органмен келiсе отырып, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн отын-энергетика ресурстарын өндiру және тұтыну көлемi мен номенклатурасы және оларды пайдалану тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерi туралы мемлекеттiк статистикалық есеп енгiзудi қамтамасыз етедi.
11-бап. Энергия үнемдеу саласындағы нормалау, стандарттау мен сертификаттау
1. Энергия тұтыну нормативтерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi және олар озық технологиялар жетiстiктерiн ескере отырып, әрбiр бес жылда қайта қаралып отыруға тиiс.
Отын-энергетика ресурстары шығынының нормативтерi мiндеттi түрде энергетикалық паспортқа, отын-энергетика ресурстарын тұтынатын жабдықтарды, үйлер мен ғимараттарды пайдалану және техникалық жағдайы жөнiндегi технологиялық нұсқаулықтарға енгiзiледi.
Отын-энергетика ресурстары шығынының нормативтерiн сақтау үшiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк стандарттар, техникалық нормалар мен ережелер энергия тұтыну саласында белгiленетiн талаптар республиканың бүкiл аумағында орындау үшiн мiндеттi.
Кез-келген мақсаттағы энергия тұтыну өнiмi, сондай-ақ энергетика ресурстары энергия тиiмдiлiгiнiң тиiстi көрсеткiштерiне мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс. Мiндеттi сертификаттау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Энергетика ресурстарын шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау, сақтау және тұтыну кезiнде, сондай-ақ оларды сертификаттау кезiнде мiндеттi түрде мемлекеттiк метрологиялық бақылау мен қадағалау жүзеге асырылады.
12-бап. Энергия үнемдеу сараптамасы
Энергия үнемдеу сараптамасы энергетика ресурстарын тиiмдi пайдалануды бағалау, отын-энергетика ресурстарымен қамтамасыз етуде тұтынушылардың шығындарын азайту мақсаттарында жүргiзiледi.
2. Мыналарға:
өндiрiстiк күштердi дамыту мен орналастыру схемаларының жобаларына, халық шаруашылығы салаларын дамыту жобаларына, энергия үнемдеу мен аумақтық схемаларына, энергия үнемдеуге байланысты техникалық құжаттамаға;
техникалық-экономикалық негiздемелерге және шартты отынмен жылына 500 және одан да көп тонна отын-энергетика ресурстарын тұтынатын объектiлер мен кәсiпорындардың жаңадан салынатындары мен кеңейтiлетiндерiнiң (қайта құру, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту) жобаларына;
нұсқаулық-әдiстемелiк және нормативтiк-техникалық актiлердiң жобаларына, құрылыс нормалары мен ережелерiне, энергияны көп керек ететiн жаңа техникалар, технологиялар және материалдар жасауға және сатып алуға арналған құжаттамаға энергия үнемдеу жөнiндегi сараптама жүргiзiлуге тиiс. Мiндеттi энергия үнемдеу сараптамасы жылына тұтынатын отын-энергетика ресурстары 500 тонна және шартты отыннан жоғары мөлшердегi жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар мен ұйымдарда жүргiзiледi.
3. Энергия үнемдеу сараптамасын өткiзу жөнiндегi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3-тарау. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУДIҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМI
13-бап. Энергия үнемдеу саласындағы бағдарламаларды қаржыландыру
Энергия үнемдеу саласындағы бағдарламаларды қаржыландырудың көздерi мемлекеттiк бюджет, кәсiпорындардың, ұйымдардың дербес және заем қаражаты, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да көздерi болып табылады.
14-бап. Энергия үнемдеуге ынталандыру
Энергия үнемдеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыратын энергетика ресурстарын тұтынушылар мен өндiрушiлерге осы қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ынталандыру ережелерi қолданылады.
4-тарау. ЖАҢҒЫРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ
КӨЗДЕРI
15-бап. Жаңғыртылатын энергия көздерi
1. Жаңғыртылатын энергетика ресурстарын пайдалану энергетиканы дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу жағдайында басым бағыт болып табылады.
2. Қазақстан Республикасында жаңғыртылатын энергетика ресурстарын энергобалансына тарту, олардың негiзiнде энергетикалық объектiлердi дамыту үшiн қажеттi құқықтық және ұйымдық-экономикалық жағдайлар жасалады.
3. Жаңғыртылатын энергетика ресурстарын энергобалансына тарту жөнiндегi бағдарламалар әзiрлеу мен iске асыруды үйлестiру және олар үшiн жауапкершiлiк уәкiлеттi органға жүктеледi.
5-тарау. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
САЛАСЫНДАҒЫ БIЛIМ БЕРУ, АҚПАРАТПЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ
ЗЕРТТЕУЛЕР
16-бап. Энергия үнемдеу саласында бiлiм беру
Энергия үнемдеу саласындағы бiлiм бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, бiлiм беру жүйесiнде және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырылады.
17-бап. Энергия үнемдеу саласында ақпаратпен қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулер
1. Энергия үнемдеудi ақпаратпен қамтамасыз ету:
энергия үнемдеу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының ұйымдарына және халқына жеткiзу;
энергия үнемдеу бойынша оқу және әдiстемелiк әдебиеттердi басып шығару;
энергетикалық тиiмдiлiгi жоғары жобалар мен объектiлердi әзiрлеу және көрсету;
энергия үнемдейтiн жабдықтарды, материалдарды, технологияларды және энергия үнемдеу құралдарын насихаттау мен жарнамалау, көрмелер ұйымдастыру;
жаңғыртылатын таза энергетика ресурстарын тиiмдi пайдалану жабдықтары мен әдiстерiн насихаттау;
қайталама энергетика ресурстарын және тұрмыстық қалдықтарды пайдалануды насихаттау;
директивалық нормативтiк-әдiстемелiк және анықтамалық-ақпараттық құжаттар мен материалдарды халыққа, кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға жеткiзу жолымен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу саласындағы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды Қазақстан Республикасының мамандарын мiндеттi түрде тарта отырып, кез-келген елдiң мамандары конкурстық негiзде жүргiзедi.
18-бап. Энергия үнемдеу саласындағы бiлiмдi, ақпаратпен қамтамасыз етудi және ғылыми зерттеулердi қаржыландыру
Энергия үнемдеу саласындағы бiлiмдi, ақпаратпен қамтамасыз етудi және ғылыми зерттеулердi қаржыландыру мемлекеттiк бюджеттен жеке және заңды тұлғалардың өз қаражаттарынан, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздерден жүзеге асырылады.
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
19-бап. Энергия үнемдеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Энергия үнемдеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық энергия үнемдеу саласындағы бiрлескен жобаларды iске асыру, энергиялық тиiмдi технологияларды өзара алмасу, энергиялық тиiмдiлiк көрсеткiштерiн халықаралық стандарттардың талаптарымен үйлестiру, сондай-ақ сертификаттау нәтижелерiн өзара тану мақсатында жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу туралы заңдарында барынан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
20-бап. Энергия үнемдеу туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Энергия үнемдеу туралы заңдарды бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының Президентi