кепiлдiктер
ҚР 10.07.98 ж. № 283-1; 26.07.99 ж. № 458-1; 29.11.99 ж. № 488-1; 10.07.02 ж. № 341-II Заңдарымен 16-бап өзгерді
16-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шаруашылық
қызметiне негiзсiз араласуға жол бермеу кепiлдiктерi
1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шаруашылық қызметiне мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының негiзсiз араласуына жол берiлмейдi.
1-1. Бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тек сот тәртiбiмен ғана тыйым салуы немесе оны тоқтата тұруы мүмкiн. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген ерекше жағдайларда 3 күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiлуi мүмкiн. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жылына бiр реттен жиi тексермейдi.
3. Адам саны 10-нан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, салық органдарын қоспағанда, сондай-ақ қылмыстық iстер қозғалғаннан басқа жағдайларда, мемлекеттiк бақылаушы органдар тарапынан ең жиi дегенде үш жылда бiр рет тексерiлуi мүмкiн.
4. Мемлекеттік бақылау органдарының тексеру жүргізетін қызметкерлері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олар қатаң есептілік бланкілеріне ресімделген арнайы нұсқаманы көрсеткен жағдайда ғана тексеруді жүзеге асыруға міндетті.
5. Тексерулер жүргiзген кезде мемлекеттiк бақылаушы органдардың қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексеру жүргiзу туралы негiздеменi көрсетуге және шағын кәсiпкерлiк субъектiсiндегi Келушiлердi есепке алу кiтабына тексеру жүргiзiлгендiгi туралы, лауазымын, тегiн, тексерудiң мақсаты мен нәтижелерiн көрсете отырып, белгi қоюға мiндеттi.
6. Лауазымды адамдардың еркін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік бермеуге әкеп соғатын іс-әрекеттері лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығына әкеп соғады.
7. Мемлекеттік органдардың не олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзған нұсқауларын орындау нәтижесінде шағын кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген зиянның оның ішінде қолдан шығарып алынған пайданың орынын осы органдар толтыруға тиіс.
8. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңға негізделмеген кәсіпкерлік қызметті шектейтін тыйым салуы жарамсыз болып табылады және орындалмауға тиіс.
ҚР 10.07.02 ж. № 341-II Заңымен 6-тарау алынып тасталды
Қазақстан Республикасының