3. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында қатысушылардың серiктестiктен шығу туралы арыз беруiнiң осы бапта белгiленгеннен өзгеше мерзiмi көзделуi мүмкiн.
Серiктестiкке қатысушылардың серiктестiктен шығу құқығынан бас тарту туралы өзара келiсiмi жарамсыз болып табылады.
17-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуының салдары
1. Толық серiктестiктен шыққан қатысушыға серiктестiк мүлкiнiң сол қатысушының серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесiнiң мөлшерiне бара-бар бөлiгiнiң құны төленедi.
2. Толық серiктестiк мүлкiнiң одан шығатын қатысушыға тиесiлi бөлiгiнiң құны қатысушының серiктестiктен шығу сәтiне жасалған серiктестiк балансына сәйкес анықталады және қатысушының серiктестiктен нақты шыққан күнiнен бастап 30 күн iшiнде төленедi.
3. Шығатын қатысушының қалатын қатысушылармен келiсуi бойынша толық серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң құны мүлiктi заттай берумен алмастырылуы мүмкiн.
4. Шығып кеткен қатысушыға оның сол жылы серiктестiкте болған кезеңiнде толық серiктестiктiң осы жылда алған пайдасының оған тиесiлi бiр бөлiгi де төленедi.
5. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталына өз салымын iшiнара қосқан қатысушыға шығар кезiнде, егер құрылтай құжаттары мен қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, оған сол салымының бiр бөлiгiнiң құны ғана төленедi.
6. Егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше белгiленбесе, шығатын қатысушының толық серiктестiктiң пайдалануына берген мүлкi сыйақысыз қайтарылады.
7. Қатысушы шыққан кезде қалған қатысушылардың толық серiктестiк мүлкiндегi үлесi, егер құрылтай құжаттарында немесе қатысушылардың келiсуiмен өзгеше көзделмесе, ол үлес қатысушы серiктестiктен шыққан күнге белгiленген бастапқы мөлшерiне бара бар ұлғайтылады.
18-бап. Толық серiктестiкке қатысушы үлесiнiң (үлесiнiң
бiр бөлiгiнiң) ауысуы
1. Толық серiктестiкке қатысушы өз үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) қалған барлық қатысушылардың келiсуiмен ғана серiктестiктiң басқа қатысушыларына немесе үшiншi тұлғаға беруi мүмкiн.
2. Үлес серiктестiктiң басқа қатысушысына немесе үшiншi тұлғаға берiлген жағдайда толық серiктестiктен шыққан қатысушыға тиесiлi құқықтар мен мiндеттердiң бүкiл жиынтығы да ауысады.
3. Серiктестiкке қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жарияланған ретте, құқығын иеленушi (мұрагерi) барлық қатысушылардың келiсуiмен серiктестiкке кiре алады.
4. Құқығын иеленушi (мұрагерi) толық серiктестiкке кiруден бас тартқан немесе серiктестiк құқығын иеленушiнi (мұрагердi) қабылдаудан бас тартқан жағдайда, оған серiктестiк мүлкiндегi құқығын иеленушi ретiнде тиесiлi үлесiнiң қатысушы қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған күнге анықталған құны осы Жарлықтың 17-бабында белгiленген тәртiп бойынша төленедi.
19-бап. Қатысушыны толық серiктестiктен шығару
1. Толық серiктестiкке қатысушылар бiр немесе бiрнеше қатысушының дәлелдi себептер болғанда, атап айтқанда, олар өз мiндеттерiн өрескел бұзған немесе iстi байсалды жүргiзуге қабiлетсiздiгi анықталған жағдайда қалған қатысушылардың бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша, сотқа беру тәртiбiмен серiктестiктен шығарылуын талап етуге құқылы.
2. Толық серiктестiктен шығарылған қатысушыға серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң құны осы Жарлықтың 17-бабында белгiленген тәртiппен төленедi.
3. Қатысушы шығарылған жағдайда оның серiктестiкке келтiрген барлық шығыны толық серiктестiк мүлкiнiң оған төленетiн бiр бөлiгiнiң құнынан соттың шешiмi бойынша өндiрiп алынады. Шығарылған қатысушының серiктестiкке келтiрген шығынының құны шығару кезiнде оған төленген мүлiктiң бiр бөлiгiнiң құнынан асып кеткен жағдайда, шығын құнының жетпейтiн бөлiгi серiктестiктен шығарылған қатысушының басқа мүлкiнен өндiрiп алынады.
20-бап. Қатысушының толық серiктестiктегi үлесiнен
өндiрiп алуды қолдану
1. Қатысушының толық серiктестiктегi үлесiнен оның жеке борыштары бойынша өндiрiп алуды қолдануға борыштарын өтеу үшiн оның өзге мүлкi жеткiлiксiз болған кезде ғана жол берiледi. Мұндай қатысушының кредиторлары сол мүлiктен өндiрiп алуды қолдану мақсатында борышқордың серiктестiктiң жарғылық капиталындағы салымына бара-бар серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн осы Жарлықтың 17-бабында анықталған тәртiп бойынша бөлуiн толық серiктестiктен талап етуге құқылы. Серiктестiк мүлкiнiң бөлуге жататын бөлiгi немесе оның құны кредиторлардың бөлу туралы талап қойған сәтiне жасалған баланс бойынша анықталады.
2. Қатысушының толық серiктестiк мүлкiндегi үлесiнен өндiрiп алу оның серiктестiкке қатысуын тоқтатады және осы Жарлықтың 15, 19 және 24-баптарында көзделген салдарға әкелiп соғады.
21-бап. Толық серiктестiкке қатысушыны хабар-ошарсыз
кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi
шектеулi деп танудың салдары
1. Егер толық серiктестiкке қатысушы әрекетке қабiлетсiз немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған кезде серiктестiк сақталатын болса (осы Жарлықтың 15-бабы), онда осы қатысушының қорғаншысы немесе оның мүлкi серiктестiктiң қалған қатысушыларының бәрi келiскен жағдайда ғана серiктестiк қызметiне қатыса алады.
Серiктестiктiң барлық қатысушысының осындай келiсiмi әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған қатысушының серiктестiк қызметiне қатысуы үшiн де талап етiледi.
2. Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған қатысушының қорғаншысы сол қатысушының атынан толық серiктестiк қызметiне қатысудан бас тартса немесе серiктестiк оның өзi қызметiне осындай қатысуынан бас тартқан жағдайда сол қатысушының заңды өкiлi ретiнде қорғаншысына серiктестiк мүлкiнiң қатысушы өкiлiне тиесiлi бiр бөлiгiнiң құны осы Жарлықтың 17-бабында анықталған тәртiп бойынша төленедi.
Әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған қатысушыға, серiктестiк немесе сол қатысушының қамқоршысы серiктестiк қызметiне қатысудан бас тартқан жағдайда, сол қатысушыға нақ осындай тәртiп бойынша серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң құны төленедi.
22-бап. Толық серiктестiкке жаңа қатысушыларды қабылдау
1. Жаңа қатысушылар толық серiктестiкке барлық қатысушылардың келiсуi бойынша ғана қабылдануы мүмкiн.
2. Жаңа қатысушыларды қабылдаған кезде толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарына мынадай:
1) серiктестiкке қатысушылар үлесiнiң жаңа мөлшерiне;
2) серiктестiктi басқару тәртiбiне;
3) серiктестiктiң жаңа қатысушысы салымының мөлшерiне, оны енгiзу тәртiбiне, мерзiмi мен тәсiлiне;
4) жаңа қатысушыны қабылдауға байланысты басқа да қажеттi өзгерiстер енгiзiледi.
23-бап. Толық серiктестiктiң пайдасы мен шығынын бөлу
1. Толық серiктестiктiң пайдасы мен шығыны қатысушылар арасында, егер құрылтай шартында немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, олардың серiктестiктiң жарғылық қорындағы үлесiнiң мөлшерiне бара бар бөлiнедi.
2. Толық серiктестiкке қатысушылардың әлде бiреуiн пайда мен шығынды бөлуге қатысудан аластататын келiсiмдер жарамсыз болып табылады.
24-бап. Қатысушылардың толық серiктестiктiң борыштары
бойынша жауапкершiлiгi
1. Егер толық серiктестiк таратылған жағдайда оның барлық борышын өтеу үшiн қолда бар мүлкi жетпейтiн болса, оның мүшелерi жетiспейтiн бөлiгiнде заң актiлерiне сәйкес өндiрiп алынуы мүмкiн өздерiнiң барлық мүлкiмен серiктестiк үшiн ортақтасып жауап бередi.
2. Серiктестiк құрылғаннан кейiн үлес беру немесе құқығын иеленушi тәртiбiмен серiктестiкке кiрген толық серiктестiктiң қатысушысы ол серiктестiкке кiргенге дейiн пайда болған мiндеттемелер бойынша да басқа қатысушылармен бiрдей жауап бередi.
Серiктестiк құрылғаннан кейiн оған жаңа қатысушы ретiнде кiрген толық серiктестiктiң қатысушысы, өзi серiктестiкке кiргеннен кейiнгi мiндеттемелер бойынша ғана жауап бередi.
3. Толық серiктестiктен өз еркi бойынша, оны хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе қамқоршысының келiсуiмен әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған жағдайда немесе серiктестiктен сот шешiмi бойынша шығарылған қатысушы, сондай-ақ серiктестiкке кiру жайындағы ұсыныстан бас тартқан, қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған қатысушының құқығын иеленушi (мұрагерi) серiктестiктен шыққан жылғы серiктестiктiң қызметi туралы есептi бекiткен күннен бастап өздерi одан шыққанға дейiн пайда болған серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша екi жыл бойы жауап бередi.
4. Үлесiн басқа қатысушыға немесе үшiншi тұлғаға беру, серiктестiк мүлкiндегi оның үлесiне кредитордың (кредиторлардың) өндiрiп алуды қолдануы немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылмаған қатысушының серiктестiк қызметiне қатысуына қалған қатысушылардың келiсiм беруден бас тартуы, хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған қатысушының заңды өкiлi ретiндегi қорғанышы тәртiбiмен толық серiктестiктен шыққан қатысушы, сондай-ақ серiктестiкке қабылдауға басқа қатысушылар келiсiм бермеген қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған қатысушының құқығын иеленушi (мұрагерi) серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
5. Толық серiктестiктiң борышын толық немесе iшiнара өтеген қатысушы тиiстi бөлiгiнде серiктестiк мүлкiндегi өз үлестерiне бара бар мөлшерде өзiнiң алдында үлестiк жауапкершiлiк тартатын қалған қатысушыларға керi талап қойып өтiнiш жасауға құқылы.
6. Толық серiктестiк тоқтатылған жағдайда қатысушылар оның доғарылу сәтiне дейiн пайда болған серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша серiктестiк тоқтатылған күнiнен бастап екi жыл бойы жауап бередi.
7. Қатысушылардың толық серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiнiң осы бапта көрсетiлген тәртiбiн өзгерту туралы олардың келiсiмдерi жарамсыз болып табылады.
25-бап. Толық серiктестiктi тоқтатудың ерекшелiктерi
1. Осы Жарлықтың 9-бабында көрсетiлген негiздерден басқа, серiктестiкте жалғыз қатысушы қалған жағдайда толық серiктестiк тоқтатылады.
2. Серiктестiкте жалғыз өзi қалған сәттен бастап алты айдың iшiнде толық серiктестiктiң қатысушысы жаңа қатысушылар қабылдап, толық серiктестiктi сақтап қалуға құқылы.
3. Жалғыз өзi толық серiктестiктiң қатысушысы болып қалған сәттен бастап ол алты айдың iшiнде мынадай iс-әрекет жасауға:
1) серiктестiк жүзеге асырып жатқан қызметтi қаржыландыру туралы салымшылармен шарт жасасуға және сенiм серiктестiгiн құруға;
2) тиiстi серiктестiк түрiнiң жарғылық қорының ең төменгi мөлшерi туралы осы Жарлықтың талаптары орындай отырып, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк немесе акционерлiк қоғам құруға яки серiктестiктi таратуға құқығы бар.
II-ТАРАУ. СЕНIМ СЕРIКТЕСТIГI
26-бап. Сенiм серiктестiгiнiң ұғымы
1. Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктестерiмен) ортақтасып жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, жауапкершiлiгi серiктестiктiң (салымшылардың) жарғылық капиталына өздерi салған салым сомасымен шектелетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына қатыспайтын бiр немесе одан да көп қатысушылардан тұратын шаруашылық серiктестiгi сенiм серiктестiгi деп танылады.
2. Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық серiктестердiң құқықтық жағдайы және олардың серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi.
3. Осы Жарлықтың толық серiктестiк туралы (10-25 баптар) нормалары сенiм серiктестiгiне қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне қайшы келмейдi.
27-бап. Сенiм серiктестiгi салымшыларының құқықтары мен
мiндеттерi
1. Сенiм серiктестiгi салымшыларының:
1) серiктестiк пайдасының бiр бөлiгiн құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша мүлiктегi және жарғылық капиталдағы өз үлесiне бара-бар мөлшерде алуға;
2) серiктестiктiң жылдың есебiмен және баланстарымен танысуға, сондай-ақ олардың дұрыс жасалуын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;
3) мүлiктегi өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн осы Жарлықта және серiктестiк құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша басқа салымшыға немесе үшiншi тұлғаға беруге;
4) осы Жарлықтың 31-бабының 2-тармағында және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша серiктестiктен шығуға құқығы бар.
2. Сенiм серiктестiгi салымшыларының осы Жарлықта, басқа да заң актiлерiнде және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген өзге де құқықтары болуы мүмкiн.
3. Сенiм серiктестiгiнiң салымшылары үшiн осы Жарлықта және басқа заң актiлерiнде көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, соның iшiнде салымшылар мен толық серiктестіктердiң келiсуi бойынша шектеу жарамсыз болып табылады.
4. Сенiм серiктестiгiнiң салымшылары:
1) серiктестiктiң құрылтай құжаттарының шарттарын сақтауға;
2) серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен тәсiлмен және мөлшерде салымдар салуға;
3) серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көрсетiлген жағдайларда серiктестiң өз қызметiн жүзеге асыруына жәрдемдесуге, соның iшiнде серiктестiкке қызмет көрсетуге мiндеттi.
5. Егер салымшы сенiм серiктестiгiнiң мүдделерi үшiн тиiстi өкiлеттiксiз мәмiле жасаса, оның iс-әрекетiн серiктестiк мақұлдаған жағдайда ол мәмiле бойынша кредиторлардың алдында толық көлемде жауап бередi. Егер ол мақұлданбаса, салымшы заң бойынша өндiрiп алынуы мүмкiн барлық мүлкiмен үшiншi тұлға алдында дербес жауап бередi.
6. Сенiм серiктестiгiнiң салымшылары осы Жарлықта және басқа заң актiлерiнде, серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттердi атқаруы мүмкiн.
7. Толық серiктестер мен салымшыларының осы Жарлықта, басқа заң актiлерiнде және құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерiне кiрмейтiн iс-әрекет жасауға сенiм серiктестiгiнiң салымшыларына мiндеттейтiн келiсiмдерi жарамсыз болып табылады.
8. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы осы Жарлықта және басқа заң актiлерi мен құрылтай құжаттарында көзделген өзiнiң мiндеттерiн орындамау арқылы серiктестiкке немесе оның қатысушыларына зиян шектiрсе, толық серiктестер мұндай салымшыдан оны өтеудi, ал елеулi түрде зиян шектiрсе - оны сот тәртiбiмен серiктестiктен шығаруды талап етуге құқылы.
28-бап. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы.
Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi
1. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы толық серiктестер мен салымшылардың салымынан құралады және жарғылық капиталға салым салған сәтте Қазақстан Республикасында заңмен белгiленген елу есептiк көрсеткiш мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
2. Салымшылардың жарғылық капиталдағы үлесiнiң жиынтық мөлшерi 50 проценттен аспауы керек. Бұл ретте сенiм серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында салымшылардың толық серiктестiктердiң салымын (салымының бiр бөлiгiн) төлеу жөнiндегi мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
3. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталының мөлшерi, оны құрау тәртiбi мен мерзiмi серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленедi.
4. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi осы Жарлықтың 7-бабындағы ережелер бойынша анықталады.
Ескерту. 28-баптың 1-тармағы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 19.06.1997 N 132 Заңымен; 28-баптың 1-тармағы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 22.04.1998 N 221 Заңымен.
29-бап. Сенiм серiктестiгi құрылтай құжаттарының мазмұны
1. Сенiм серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы көрсетiлуге тиiс, онда:
1) толық серiктестердiң бәрiнiң есiмi, сондай-ақ "сенiм серiктестiгi" деген сөздер не болмаса;
2) "және компания" деген сөздер қосылған кемiнде бiр толық серiктестiң есiмi, сондай-ақ "сенiм серiктестiгi" деген сөздер болады.
2. Сенiм серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында сондай-ақ осы Жарлықтың 4-бабының 7 және 8-тармақтарында көзделген мәлiметтер болуы керек.
30-бап. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқару
Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқаруды толық серiктестер жүзеге асырады. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн оның толық серiктестерiнiң басқаруы мен жүргiзуiнiң тәртiбiн олар толық серiктестiк туралы ережелер бойынша белгiлейдi. Салымшылардың сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенiмхатсыз оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенiм серiктестiгi салымшыларының толық серiктестердiң серiктестiк iсiн басқару жөнiндегi iс-әрекетiн даулауға құқығы жоқ.
31-бап. Сенiм серiктестiгi салымшыларының құрамын өзгерту
1. Салымшының сенiм серiктестiгiнiң мүлкiндегi өз үлесiн (үлесiнiң бөлiгiн) басқа салымшыларға, толық серiктестерге немесе үшiншi тұлғаларға беруi, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, толық серiктестердiң барлығының келiсуiмен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
Үлесi басқа салымшыларға, толық серiктестерге немесе үшiншi тұлғаларға берiлген кезде сенiм серiктестiгiнен шыққан салымшыға тиесiлi барлық құқықтар мен мiндеттер жиынтығы осымен бiр мезетте соларға өтедi.
2. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы қаржы жылы аяқталған соң серiктестiкке қатысудан бас тарту жөнiнде мәлiмдеп, одан шығуға құқылы.
Салымшы өзiнiң сенiм серiктестiгiне қатысудан бас тартуын, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қаржы жылы аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай бұрын мәлiмдеуге тиiс.
Салымшы сенiм серiктестiгiнен шыққан жағдайда осы Жарлықтың 17-бабында қарастырылған салдар күшiне енедi.
3. Кредитордың (кредиторлардың) серiктестiктiң мүлкiндегi салымшының үлесiне өндiрiп алуды қолдану тәртiбi осы Жарлықтың 20-бабында белгiленедi.
4. Толық серiктестер серiктестiктiң жарғылық капиталына өздерiнiң мүлiктiк жарнасын толық салмаған жағдайда бiр немесе бiрнеше салымшыны толық серiктестердiң барлығының бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша сот тәртiбiмен шығарылуын талап етуге құқылы.
Сенiм серiктестiгiнен шығарылған салымшыға, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серiктестiктiң жарғылық капиталына енгiзген салымдарының сомасы төленедi.
Егер салымшы сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталына ешқандай салым енгiзбесе, онда серiктестiктiң құрылтай құжаттарында салымдар енгiзу үшiн белгiленген мерзiм бiткен күннен бастап 30 күн өткен соң, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серiктестiкке мүшелiгi доғарылады.
5. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы - заңды тұлға тоқтатылған (таратылған немесе қайта құрылған) немесе серiктестiк салымшысы азамат қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда оның құқығын иелену Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
32-бап. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнен шығуының салдары
Қатысушы (толық серiктес немесе салымшы) сенiм серiктестiгiнен шыққан кезде серiктестiк мүлкiндегi қалған қатысушылардың үлесi, егер құрылтай құжаттарында немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, қатысушының серiктестiктен шыққан күнiне белгiленген олардың бастапқы мөлшерiне барабар ұлғаяды.
33-бап. Сенiм серiктестiгiне жаңа қатысушылар қабылдау
1. Сенiм серiктестiгiне жаңа толық серiктестер мен салымшылар қабылдау толық серiктестердiң барлығының келiсуiмен ғана мүмкiн болады.
2. Жаңа толық серiктестер немесе салымшылар қабылданған ретте сенiм серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарына мынадай өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн:
1) қатысушылардың серiктестiк мүлкiндегi үлестерiнiң жаңа мөлшерi;
2) серiктестiктi басқару тәртiбiндегi өзгерiстер;
3) жаңа толық серiктестер мен салымшылардың өз салымдарын серiктестiктiң жарғылық қорына енгiзу мөлшерi, тәртiбi, мерзiмi мен жолы;
4) жаңа қатысушыны қабылдауға байланысты басқа да қажеттi өзгерiстер.
34-бап. Сенiм серiктестiгiнiң пайдасы мен шығынын бөлу
1. Егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сенiм серiктестiгiнiң пайдасы мен шығыны оған қатысушылардың барлығының арасында серiктестiк мүлкiндегi олардың үлесiне барабар мөлшерде бөлiнедi.
2. Қатысушылардың қайсысын болмасын серiктестiктiң пайдасын бөлiсуге немесе шығынын өтеуге қатысудан шеттету туралы келiсiмге жол берiлмейдi.
35-бап. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң борыштары
бойынша жауапкершiлiгi
1. Толық серiктестерге сенiм серiктестiгiнiң мiндеттемелерi бойынша осы Жарлықтың 24-бабында белгiленген тәртiппен өздерiнiң барша мүлкiмен бiрлескен қосымша жауапкершiлiк жүктеледi.
2. Салымшылар сенiм серiктестiгiнiң мiндеттемелерi бойынша серiктестiктiң жарғылық қорына өздерi енгiзген салымдар сомаларының шегiнде жауап бередi.
36-бап. Сенiм серiктестiгiн тоқтатудың ерекшелiктерi
1. Сенiм серiктестiгi осы Жарлықтың 9-бабында көрсетiлген негiздерден басқа, сол сияқты одан барлық толық серiктестер немесе барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады.
Егер құрамында ең болмағанда бiр толық серiктес пен бiр салымшы қалса, сенiм серiктестiгi сақталады.
2. Сенiм серiктестiгiнде қалған толық серіктестер соңғы салымшы шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде немесе серiктестiкте қалған салымшылар соңғы толық серiктес шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде серiктестiктi сақтап қалу мақсатында онда жоқ салымшылар немесе толық серiктестер ретiнде серiктестiкке жаңа қатысушылар қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда, сол сияқты толық серiктестер немесе салымшы азаматтар сенiм серiктестiгiн толық серiктестiк етiп қайта құруға құқылы.
3. Егер сенiм серiктестiгiнде толық серiктестер ғана немесе салымшылар ғана қалса, онда олар осы Жарлықтың 25-бабының 3-тармағында көзделген iс-әрекеттi жасауға құқылы.
4. Сенiм серiктестiгi таратылған кезде салымшылар оның кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiнен салымдарды алуда толық серiктестерге қарағанда басым құқыққа ие болады. Сенiм серiктестiгiнiң осыдан кейiн қалған мүлкi, егер құрылтай құжаттарында өзге тәртiп белгiленбесе, толық серiктестер мен салымшылар арасында олардың серiктестiк мүлкiне қосқан үлесiне барабар бөлiнедi.
III-тарау. Акционерлiк қоғам
37-61 баптар
Ескерту. III және IV тараулар алынып тасталды, V тарау III тарау болып саналды, 54-79-баптар тиiсiнше 37-62-баптар болып есептелдi - Қазақстан Республикасының 22.04.1998 N 221 Заңымен; III(V) тарау және 37-61 баптар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 10.07.1998 N 282 Заңымен.
62-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртiбi
Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi