Заң күшi бар Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң
жарлығы 1995 жылғы 7 сәуір N 2170
Осы редакция 2003 ж. 10 шілдедегі N 483-II ҚР Заңымен енгізілетін өзгерістеріне дейін қолданады
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасында тауар биржаларын құрудың, олардың жұмыс iстеуiнiң, биржалық сауда жүргiзудiң және тауар биржалары қызметiн мемлекеттiк реттеудiң ортақ құқықтық негiздерiн белгiлеу мақсатында осы Жарлықты шығарамын:
I бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Тауар биржасының ұғымы
1. Биржалық сауданың белгiлеген тәртiбi бойынша белгiлi бiр жерде және белгiлi бiр уақытта ұдайы көпшiлiк сауда өткiзу арқылы биржалық тауарлардың көтерме саудасы жөнiндегi ұйымдастыру және реттеу қызметiн жүзеге асыратын, кез келген меншiк нысандарына негiзделген заңды ұйым тауар биржасы /текст бойынша бұдан былай - биржа/ болып табылады.
2. Биржа - қызметтер көрсетуден алған табыстары оның шығыстарын өтеуге, биржа мен биржалық инфрақұрылымды ақпараттық-техникалық және әлеуметтiк дамытуға пайдаланатын субъект.
2-бап. Тауар биржасының аясы
1. Биржа өзiне берiлген биржалық лицензияның негiзiнде биржалық тауарлармен көтерме сауда жүргiзуге тiкелей байланысты ұйымдастыру және реттеу қызметiн жүзеге асырады.
2. Биржалардың биржалық саудаға тiкелей байланысты емес сауда, сауда-делдалдық және кез келген басқадай қызметтердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
3-бап. Биржалық тауар
1. Биржа белгiленген тәртiппен биржалық саудаға жiберген, айналымнан алынып тасталмаған белгiлi бiр тектес және сападағы тауар, соның iшiнде аталған тауардың экспортына рұқсаты /квотасы мен лицензиясы/, стандартты контрактi мен коносаментi биржалық тауар болып табылады.
2. Биржа көпшiлiк саудаға шығаратын биржалық тауар нормативтiк құжаттама мен қолданылып жүрген стандарттардың талаптарына сай келуге тиiс.
3. Ашық тауар биржалары арқылы ғана өткiзуге жататын биржалық тауар тауарлар тiзбесiн және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
4-бап. Биржалық мәмiле
1. Биржалық тауарға қатысты биржалық саудаға қатысушылар жасаcқан биржалық сауда барысында биржа тiркеген шарт /келiсiм, контракт/ биржалық мәмiле болып табылады. Биржалық мәмiлелердi тiркеу және ресiмдеу тәртiбiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес биржа белгiлейдi.
2. Белгiленбеген тәртiппен биржада жасалған мәмiлелерге биржаның кепiлдiгi қолданылмайды.
5-бап. Биржалық мәмiлелердiң түрлерi
Биржалық саудаға қатысушылар биржалық сауда биржасында:
нақты тауарға қатысты құқықтар мен мiндеттердi өзара алысуға;
жеткiзу мерзiмi кейiнге қалдырылған нақты тауарға /форвардты мәмiлелер/ қатысты құқықтар мен мiндеттердi өзара алысуға;
биржалық тауарды болашақта жеткiзуге /фьючерлiк мәмiлелер/ арналған стандартты контрактiге қатысты құқықтар мен мiндеттердi өзара алысуға;
биржалық тауарға немесе биржалық тауарды өткiзуге арналған контрактiге /опциондық мәмiлелер/ қатысты құқықтар мен мiндеттердi болашақта алысу құқығына арналған құқықтарды беруге;
биржалық сауданың ережелерiнде белгiленген биржалық тауарға немесе контрактiге байланысты мәмiлелер жасай алады.
6-бап. Биржалық саудаға қатысушылар
1. Брокерлiк ұйымдар, брокерлер, дилерлер және бiр жолғы келушiлер биржалық саудаға қатысушылар болып табылады.
2. Биржалық сауда:
клиенттiң атынан және оның есебiнен, клиенттiң атынан және өз есебiнен немесе өз атынан және клиенттiң есебiнен /брокерлiк қызмет/ биржалық мәмiлелер жасау;
кейiн биржада қайта сату мақсатымен /дилерлiк қызмет/ өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау;
бiр жолғы келушiлермен өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау арқылы жүзеге асырылады.
7-бап. Тауар биржасының филиалдары мен басқа да бөлiмшелерi
1. Биржаның қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында және одан да тыс жерлерде өз филиалдары мен басқа да бөлiмшелерiн құруға құқығы бар, олардың қызметiне осы Жарлықтың және солар тұрған елдер заңдарының күшi қолданылады.
2. Биржаға меншiктi брокерлiк ұйымдар құруға тыйым салынады. Биржаның штаттағы қызметкерлерi биржа саудасына қатысушылар бола алмайды.
8-бап. Тауар биржаларының биржалық одақтары, қауымдастықтары және басқа бiрлестiктерi
Биржалар өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделерiн қорғау және бiрлескен бағдарламаларды, соның iшiнде бiрлескен саудаларды ұйымдастыру жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн заңды ұйым құқығы бар биржалық одақтарды, қауымдастықтар мен басқа да бiрлестiктердi ерiктi негiзде және өз құрылтайшыларының келiсiмiмен немесе олардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құра алады.
9-бап. Заңды тұлғалардың атауларында "тауар биржасы" деген сөздердi пайдалануды шектеу
Осы Жарлықтың 1 және 2-баптарында белгiленген талаптарға қызметтерi сай келмейтiн заңды тұлғалардың биржалық сауданы жүзеге асыруға, өз атауында "тауар биржасы" деген сөздердi пайдалануға құқығы жоқ және бұл сөздер кез келген тiркесте қолданылған атаулармен мемлекеттiк тiркеуге жатпайды.
II бөлiм. ТАУАР БИРЖАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ТОҚТАТУ
10-бап. Биржаны құру
Биржалық құрылтайшылық құжаттарды тiркелген күннен бастап құрылған болып есептеледi және заңды тұлға мәртебесiне ие болады.
11-бап. Тауар биржаларының түрлерi
Көпшiлiк сауда өткiзу дәрежесi бойынша биржалар:
биржалық саудаға тек биржаның мүшелерi ғана қатысатын жабық;
биржалық саудаға келушiлер де жiберiлетiн ашық болуы мүмкiн.
12-бап. Тауар биржасының құрылтайшылары
Биржаны Қазақстан Республикасының аумағында заң бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынбаған заңды және жеке тұлғалар құра алады.
13-бап. Тауар биржасының жарғысы
Биржаның жарғысында:
биржаның атауы, түрi және орналасқан жерi;
биржаға мүше қабылдау, мүшелiктi кiдiрте тұру және тоқтату тәртiбi;
ұйымдық-құқықтық нысанының белгiленуi;
биржаның негiзгi мiндеттерi;
биржа мүшелерiнiң және биржалық саудаға басқа да қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi;
биржа мүшелерiнiң мүлiктiк жауапкершiлiгi;
жарғылық капиталының мөлшерi;
биржа құрайтын қорлардың тiзбесi және қалыптастыру тәртiбi;
биржаны басқару құрылымы және оны бақылау органдары, олардың функциялары мен өкiлеттiгi, шешiмдер қабылдау тәртiбi;
биржалық сауда ережелерiн қабылдау /бекiту/ тәртiбi;
биржалық саудаға қатысушылар арасындағы биржалық мәмiлелер, биржаның, оның филиалдарының және басқа оқшауланған бөлiмшелерiнiң қызметiн ұйымдастыру мен реттеу жөнiндегi дауларды шешу тәртiбi;
биржа қызметiн тоқтатудың тәртiбi мiндеттi түрде көрсетiлуге тиiс.
14-бап. Биржалық лицензия
1. Биржа қызмет биржалық лицензия болғанда ғана жүзеге асырылады.
2. Биржа лицензиясы биржаға Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия, егер мынадай шарттар сақталған болса:
құрылтайшылық құжаттары мен биржалық сауда ережелерiнiң осы Жарлыққа, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және өзге де нормативтi құжаттарына сәйкестiгi анықталса;
жарғылық қордың төленген бөлiгi оның жарияланған сомасының кемiнде жетпiс процентiн құраса, өтiнiш берген күннен бiр ай кешiктiрмей бередi.
3. Биржалық лицензияларды беру, олардың күшiн жою және қолданылуын кiдiрте тұру тәртiбi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бекiтетiн Тауар биржаларына лицензия беру туралы ережемен белгiленедi.
15-бап. Тауар биржасының мүшелерi
1. Биржадағы брокерлiк орынды иеленетiн заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдiктер де биржа мүшелерi бола алады.
2. Биржаға мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және тоқтату тәртiбi биржа жарғысымен белгiленедi.
Биржаға мүшелiкке қабылдау биржа кеңесi беретiн тиiстi куәлiкпен расталады.
3. Мыналар биржа мүшесi бола алмайды:
осы немесе қайсыбiр басқа тауар биржаларының қызметшiлерi;
лауазымды адамдары, соның iшiнде филиалдары мен басқа да оқшауланған бөлiмшелерiнiң басшылары осы биржаның қызметшiлерi болып табылатын ұйымдардың барлық түрлерi;
қоғамдық, дiни және қайырымдылық бiрлестiктерi /ұйымдары/ мен қорлары;
қолданылып жүрген заңға сәйкес кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыра алмайтын жеке тұлғалар.
4. Биржа мүшелерi:
биржаның түрiне қарамастан көпшiлiк саудаға қатысуға;
кеңесшi дауыс құқығымен биржаны басқару органдарының жұмысына қатысуға;
өзiнiң биржалық саудаға қатысу өкiлеттiгiн атқаруды бiр ғана заңды немесе жеке тұлғаға тапсыруға құқылы. Кепiлдiк беру шарты биржада тiркелуге тиiс. Биржалық саудаға қатысу құқығын өзге түрде қайтара беруге болмайды.
16-бап. Тауар биржасының органдары
1. Биржаның органдары: биржа құрылтайшыларының жалпы жиналысы, биржа кеңесi, тексеру комиссиясы болып табылады.
Биржа құрылтайшыларының жалпы жиналысы биржаның жоғарғы органы болып табылады және биржа мен оның мүшелерiнiң барлық құқықтары мен мiндеттерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
Биржа кеңесi биржаның атқарушы органы болып табылады.
2. Биржа органдарының атқаратын функциялары мен өкiлеттiктерi, олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi биржаның құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
17-бап. Биржалық сауда ережелерi
1. Биржалық сауда ережелерi:
биржалық негiзгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң функцияларын биржалық саудаға қатысушыларды алдағы болатын жария көпшiлiк сауда туралы хабардар ету тәртiбiн;
биржада осы сауданы өткiзу тәртiбiн;
биржалық мәмiлелер түрлерiн;
оларды тiркеу мен есепке алу тәртiбiн;
биржалық тауарлар бағасын белгiлеу тәртiбiн;
биржалық саудаға қатысушыларды өткен жария көпшiлiк саудадағы биржалық мәмiлелер туралы, оның iшiнде биржалық мәмiлелердiң бағалары мен биржалық тауарлардың бағасын белгiлеу туралы хабардар ету тәртiбiн;
биржа мүшелерiн және биржалық саудаға басқа да қатысушыларды тауар нарықтары мен биржалық тауарлардың нарықтық конъюнктурасы туралы хабардар ету тәртiбiн;
биржалық мәмiлелер жасасу кезiнде биржа мүшелерi мен биржалық саудаға басқа қатысушылардың өзара есеп айырысу тәртiбiн;
баға деңгейiнiң күрт артуына немесе төмендеуiне, бағаны қолдан өсiруге немесе төмендетуге, бағаға әсер ету үшiн сөз байласуға немесе жалған қауесет таратуға жол бермеу мақсатында биржадағы баға белгiлеу процесiн бақылау жөнiндегi шараларды;
биржа өткiзетiн жария көпшiлiк саудада реттiлiк пен тәртiптi қамтамасыз ететiн шараларды, сондай-ақ осы шараларды қолдану тәртiбi мен шарттарын;
биржа мүшелерiнiң және биржалық саудаға басқа да қатысушылардың қолданылып жүрген заңдарды сақтауын қамтамасыз ететiн шараларды;
биржа тауарларының тiзбесiн;
биржалық саудаға қатысушылардан биржа айыппұл өндiрiп алатын жолсыздықтар тiзбесiн, сондай-ақ айыппұлдың мөлшерi мен оны өндiрiп алу тәртiбi;
биржа көрсететiн қызмет үшiн төлемдердiң мөлшерiн және биржаның оны алу тәртiбiн көздеуге тиiс.
2. Биржалар сұраныс пен ұсыныс ескерiле отырып анықталған тауарларға белгiленген бағаны бұқаралық ақпарат құралдарында оқтын-оқтын жариялап тұруға мiндеттi.
3. Биржалық сауданың үлгi ережелерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бұған уәкiлдiк берген Тауар биржалары жөнiндегi Республикалық комиссия бекiтедi.
18-бап. Тауар биржасының қызметiн тоқтату
Биржа қызметiн тоқтату биржаның жоғары органының шешiмi бойынша биржаның жарғысында белгiленген тәртiппен немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
III бөлiм. БИРЖАЛЫҚ САУДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
19-бап. Тауар биржасындағы тауар сараптамасы
Биржалық саудаға қатысушының талап етуi бойынша биржа жария көпшiлiк сауда арқылы өткiзiлетiн нақты тауарлар сапасының қалыпты құжаттама талаптарына сай келуiне сараптама ұйымдастыруға мiндеттi.
20-бап. Тауар биржасындағы мәмiлелердiң нәтижелерi бойынша клиринг және есеп айырысу
1. Мәмiлелердiң нәтижелерi бойынша биржалық саудаға қатысушылардың айқын позицияларды есептеу және әрi қарай айқын позицияларды есеп айырысу мекемесiне беру үшiн биржа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар клирингтiк орталықтар /палата/ ұйымдастыра алады немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар клирингтiк орталықтармен /палаталармен/ шарттар жасаса алады.
Клирингтiк орталық /палата/ есеп айырысу жүргiзу үшiн жеке шарт жасасқан банк есеп айырысу мекемесi бола алады.
2. Клирингтiк орталық /палата/ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк операцияларының шектеулi тобын өткiзуге арнайы лицензиясын алған кезде есеп айырысу мекемесiнiң функциясын орындай алады.
3. Биржа биржалық саудаға қатысушылардың қаржылық мiндеттемелерiнiң биржалық сауда нәтижелерi бойынша олардың есеп айырысуларын орындауына кепiлдiк беретiн түрлерiн, мөлшерiн және енгiзiлу тәртiбiн белгiлеуге құқылы.
21-бап. Тауар биржасында тарифтердi белгiлеу
1. Биржа:
биржа мен оның бөлiмшелерi көрсететiн қызметтер үшiн оның мүшелерiнен және биржалық саудаға басқа да қатысушылардан биржаның пайдасына алынатын төлемдердiң ставкасын;
биржа жарғысын, биржалық сауда ережелерiн және биржа белгiлеген басқа да ережелердi бұзғаны үшiн биржалық шартта көзделген экономикалық санкциялардың мөлшерiн дербес белгiлеуге құқылы.
2. Биржаға:
биржалық тауарға бағаның деңгейi мен шегiн;
биржалық мәмiлелерге делдалдық еткенi үшiн биржалық саудаға қатысушылар алатын сыйақының мөлшерiн белгiлеуге тыйым салынады.
3. Көрсетiлетiн қызметтер үшiн белгiленген тарифтер және биржалық саудаға қатысушылардан алынатын комиссиялық алымдар тарифтерiнiң прейскуранты биржалық саудаға кез-келген қатысушының танысуына оңай болуға тиiс.
22-бап. Тауар биржасында дауларды шешу
1. Биржалық мәмiлелер жасауға байланысты даулар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес биржа бекiткен Аралық сот туралы қолданылып жүрген ережеге сай жұмыс iстейтiн төрелiк комиссиясында қаралуы мүмкiн.
2. Биржаның төрелiк комиссиясының шешiмiне белгiленген тәртiппен сотта шағым жасауы мүмкiн.
IV бөлiм. ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН
МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
23-бап. Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия
1. Тауар биржаларының қызметiн мемлекеттiк реттеудi Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия жүзеге асырады.
2. Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
24-бап. Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссияның функциялары
Республикалық комиссияның функциялары:
биржалық лицензиялар беру;
тауар биржаларының тiзiлiмiн жүргiзу;
биржа туралы заңдардың сақталуын бақылау;
биржа қызметiн және биржалық сауданың дамуын зерделеу;
биржалық құжаттарды дайындау жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлеу;
биржалық сауданың үлгi ережелерiн бекiту болып табылады.
25-бап. Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссияның өкiлеттiгi
1. Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия:
тауар биржалары туралы қолданылып жүрген заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тапсыруға;
биржа осы Жарлықты бұзған жағдайда биржалық лицензияны тоқтата тұру немесе оның күшiн жою түрiнде биржаға санкциялар қолдануға;
биржаға мемлекеттiк инспектор тағайындауға;
биржалар мен биржалық саудаларға қатысушылардың қаржы-шаруашылық қызметiне тексерулер ұйымдастыруға;
қолданылып жүрген заңдарды бұзған биржаларға және олардың мүшелерiне санкция қолдану үшiн материалдарды сотқа жiберуге, ал қылмыс белгiлерi байқалған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына беруге құқылы.
2. Республикалық комиссияға, оның лауазымды адамдары мен қызметшiлерiне тауар биржаларының, биржа брокерлерiнiң және биржалық саудаға қатысушылардың қызметi туралы коммерциялық құпиясы бар ақпаратты, заңдарда көзделген жағдайлардан басқа ретте жария етуге тыйым салынады.
26-бап. Тауар биржасындағы мемлекеттiк инспектордың өкiлеттiгi
Биржадағы мемлекеттiк инспектор биржаның және биржалық саудаласуға қатысушылардың қолданылып жүрген заңдарды сақтауына тiкелей бақылауды жүзеге асырады және:
биржа ұйымдастыратын саудаласуға қатысуға;
кеңесшi дауыс құқығымен биржа құрылтайшыларының, оның секцияларының /бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң/ жалпы жиналыстарына қатысуға;
биржаны басқару мен бақылау органдары жиналыстары мен мәжiлiстерiнiң барлық хаттамаларын әрi олардың шешiмдерiн қоса, биржа қызметi туралы ақпаратпен танысуға;
биржа басшылығына ұсыныстар енгiзуге және табыстамалар енгiзуге;
тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссияға ұсыныстар мен ұсынымдар енгiзуге;
тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссияның шешiмдерiн биржаның және оның мүшелерiнiң орындауына бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
27-бап. Тауар биржасының дербестiгiне кепiлдiктер
1. Мемлекеттiк үкiмет және басқару органдарының, қолданылып жүрген заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда, биржа қызметiне араласуына жол берiлмейдi.
2. Мемлекеттiк басқару органдарының сондай-ақ олардағы лауазымды адамдардың iс-әрекетi салдарынан биржалық мәмiлелердi орындамау немесе мәмiлелерге қатысушыларға зиян келтiру орын алса Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
28-бап. Тауар биржалары мен биржалық саудаласуға қатысушыларға салық салу
Биржалар мен биржалық саудаласуға қатысушыларға, сондай-ақ биржалық саудаға басқа қатысушыларға салық салу Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
29-бап. Тауар биржаларындағы есеп және олардың статистикалық есеп беруi
1. Биржа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзедi, қаржы және статистикалық есептiлiктi жасайды.
2. Биржалардың статистикалық есеп беру нысандары мен оны тапсыру тәртiбiн мемлекеттiк статистика органдары белгiлейдi.
3. Биржаның лауазымды адамдары мемлекеттiк статистикалық есеп берудi бұрмалағаны үшiн заңда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Ескерту. 29-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 02.06.1997 N 115-I Заңымен.
Қазақстан Республикасының Президентi