"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 197ащ қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 75-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi 5-бағанының реттік нөмiрi 3-жолы мынадай мазмұндағы и) тармақшасымен толықтырылсын:
"и) Банктік операциялар жүргiзгенi үшiн екiншi деңгейдегi банктерге комиссиялық алым төлеу";
2) көрсетiлген қаулыға 87-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi 5-бағанының реттiк нөмiрi 3-жолы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Материалдар мен жабдықтар сатып алу жөніндегі келісім-шарттар құнының бөлiгiн төлеу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |