"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 197ах қаулысы
Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 310-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргiзу.";
"Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі жүйесiнiң қауіпсiздiк және еңбектi қорғау жөнiндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеу";
2) көрсетiлген қаулыға 311-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
"көбейткiш - 1 бiрлiк" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
", экспонат - 1 бiрлiк";
"бiрегей құралдарды сақтауға - 4 дана сейф" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"бiрегей құралдарды сақтауға арналған сейфтер - 1 дана; компьютер - 1 жиынтық; цифрлi фотоаппарат - 1 дана; үстел - 2 дана; орындық - 2 дана; кресло - 2 дана";
"концерт роялi - 1 дана;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"концерттiк залға арналған жарық жабдықтары - 1 жиынтық; мұражай орталығын құруға және қалпына келтiруге арналған жабдықтар - 3 жиынтық; экспонаттар - 50 дана;";
3) көрсетiлген қаулыға 312-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанының реттiк нөмiрi 2-жолында:
"автомашина - 1 дана" деген жолдан кейiн ", көбейткiш аппарат - 1 дана" деген сөздермен толықтырылсын;
4) көрсетілген қаулыға 315-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
"3 театрдың Каир, Лондон, Париж қалаларындағы халықаралық фестивальге қатысуы; 4 музыкалық топтың Италия, Франция, Германия, Қытай қалаларындағы халықаралық фестивальге қатысуы," деген сөздер "Театр және музыка ұжымдарының халықаралық фестивальдерге қатысуы;" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Париж қаласында Қазақстанның халық суретшiсi Ә. Қастеев жұмыстарының мерейтойлық көрмесiн өткізу" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы | А. Есімов |