"Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 197ау қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 225-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
екiншi абзацтағы реттiк нөмiрi 3-жолда:
"29" деген сандар "31" деген сандармен ауыстырылсын;
"10" деген сандар "15" деген сандармен ауыстырылсын;
"Турайа" спутниктiк байланысын" деген сөздерден кейiн "және 28 бiрлiк медициналық емес жабдықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацта реттiк нөмiрi 4-жолдағы "17" және "7" деген сандар тиiсiнше "28" және "68" деген сандармен ауыстырылсын;
төртiншi абзацта реттiк нөмiрi 5-жолдағы "8" және "3" деген сандар тиiсiнше "11" және "2" деген сандармен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулыға 227-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
"активтердi." деген сөзден кейін "жиынтығы 1 бiрлiк газбен дәнекерлегiш және 1 бiрлiк электрокарға арналған түзеткiш" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |