Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 126 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 854 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi үшiн кадрларды кәсiби даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң «ЖД-158/6 мекемесi» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi Мекеме) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң «Оқу орталығы» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Оқу орталығы) құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Оқу орталығы Жарғысының бекітілуiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн;
2) Мекеменiң ол таратылғаннан кейiнгi қалған мүлкiнiң Оқу орталығына берiлуiн;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
4. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi:
«Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлiмде:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 2-1-жолмен толықтырылсын:
«2-1. Оқу орталығы»;
реттiк нөмiрi 40-жол алынып тасталсын.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 2-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |