Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 2 ақпандағы № 87 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 488-құжат) мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
1-тармақта:
Тарифтік саясат жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Бақытжан Әбдiрұлы монополияларды реттеу агенттiгiнiң
төрағасы, төрағаның орынбасары
Жұмабаева - Қазақстан Республикасы Табиғи
Әлия Маратқызы монополияларды реттеу агенттiгi Темір жол
көлiгі мен порттар саласындағы реттеу
және бақылау департаментінің директоры,
хатшы
Бектасов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Әбен Ағыбайұлы және байланыс агенттiгiнiң төрағасы;
»Мыңбаев - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның
орынбасары»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыңбаев - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Индустрия және
сауда министрi»;
көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Жандосов Ораз Әлиұлы, Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы, Қанешев Бiржан Бисекенұлы, Григорьева Светлана Петровна;
5 және 7-тармақтардағы», бәсекелестiктi қорғау жөніндегі» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Тарифтiк саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақтағы», бәсекелестікті қорғау жөніндегі» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |