"Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 197аз қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының 69-қосымшасында:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 2-жолда:
"ксерокстар - 2 бiрлiк;" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Нива" автомобилi - 1 бiрлiк;";
реттiк нөмiрi 4-жолда:
"130,0-140,0" және "88,0-90,0" деген сандар тиiсiнше "145,0-155,0" және "108,0-115,0" деген сандармен ауыстырылсын;
"ветеринариялық препараттардың дозасын" деген сөздерден кейiн "және 5000 литр дезинфекциялық заттарды," деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 5-жолда "15" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |