Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 197ал қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 114-қосымшада:
2-тармақ "; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 тамыздағы № 854 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінiң реттiк нөмiрi 1-жолында:
5-бағанда:
"Республикалық еңбектi қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтын құру." деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрінің бұйрығымен бекітілетiн Тiзбеге сәйкес активтердi сатып алуға күрделi трансферттер аудару." деген сөздермен толықтырылсын;
7-баған ", "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" РМҚК" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ "Құрылатын Еңбектi қорғау жөнiндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтын материалдық-техникалық жарақтандыру." деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |