Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 197ааа қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының 198-қосымшасында:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағаны "(2003 жылғы 18 тамыздағы № 7-360/2003 жұмыс жобасы бойынша мемлекеттік сараптамасының ұйғарымы" деген сөздерден кейiн "және жұмыс жоспары бойынша 2004 жылғы 28 қазандағы № 7-469/2004 қосымша жұмыстарға мемлекеттік сараптама қорытындысы" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | | | | | | | | А. Есімов |