Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 55 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 22, 243-құжат) мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
3-тармақ «Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша» деген сөздерден кейiн»(аграрлық ғылымды қоспағанда)»деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшiн А.И. Бараев атындағы сыйлық (үш сыйлық) беру тәртібі туралы ереженi бекiтсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |