Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260
және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулыларына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 1293 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
12 "Көлік және байланыс" деген функционалдық топта:
215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" деген әкiмшi бойынша:
002 "Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту" деген бағдарламада:
004 "Сыртқы қарыздар есебiнен жобаны iске асыру" деген кiшi бағдарламада:
"Алматы - Гүлшат және Ақшатау - Қарағанды учаскелеріндегі Алматы - Қарағанды - Астана - Бурабай автожолын оңалту" деген жолдағы "608072" деген сандар "316175" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қарағанды - Астана автожолын оңалту" деген жолдағы "571381" деген сандар "1088947" деген сандармен ауыстырылсын;
"Автожол саласының даму жобасы (Алматы - Бiшкек)" деген жолдағы "3917575" деген сандар "3691905" деген сандармен ауыстырылсын;
005 "Iшкi көздер есебiнен жобаны iске асыру" деген кiшi бағдарламада:
"13142320" деген сандар "13046048" деген сандармен ауыстырылсын;
"Ресей Федерациясының шекарасы - Орал - Ақтөбе автожолын қайта жаңарту" деген жолдағы "4061885" деген сандар "4062069" деген сандармен ауыстырылсын;
"Астана - Қостанай - Челябi автожолын қайта жаңарту" деген жолдағы "5692981" деген сандар "5633466" деген сандармен ауыстырылсын;
"Алматы - Өскемен автожолдарын қайта жаңарту" деген жолдағы "149212" деген сандар "65361" деген сандармен ауыстырылсын;
"Астана - Щучинск автожолын қайта жаңарту" деген жолдағы "Щучинск" деген сөз "Бурабай" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Үшарал - Достық автожолын қайта жаңарту 46910";
016 "Жобаны республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру есебiнен iске асыру" деген кiшi бағдарламада:
"8575525" деген сандар "8671798" деген сандармен ауыстырылсын;
"Алматы - Гүлшат және Ақшатау - Қарағанды учаскелеріндегі Алматы - Қарағанды - Астана - Бурабай автожолын оңалту" деген жолдағы "316039" деген сандар "142170" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қарағанды - Астана автожолын оңалту" деген жолдағы "144684" деген сандар "237676" деген сандармен ауыстырылсын;
"Автожол саласының даму жобасы (Алматы - Бiшкек)" деген жолдағы "1172662" деген сандар "1349812" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 122-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 3-жолда:
"қызметтiк автокөлiктi" деген сөздерден кейiн "және саны 78 бiрлiк арнаулы автокөлiктi" деген сөздермен толықтырылсын;
"1 көлiктiк бақылаудың 7 бекетiн" деген сөздердiң алдынан "Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 6-жолда:
"30", "17" деген сандар тиiсiнше "31", "18" деген сандармен ауыстырылсын;
"24 принтер," деген сөздерден кейiн "2 бейнемагнитофон, 1 DVD ойнатқыш" деген сөздермен толықтырылсын;
"1 ноутбук," деген сөздерден кейiн "1 NТ-адаптер, 1 кәсiби цифрлы камера" деген сөздермен толықтырылсын;
"1 жиынтығын" деген сөздер "2 жиынтығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ғимарат" деген сөзден кейiн "және Қостанай облысы үшiн көлiктiк бақылау бекетінiң ғимаратын" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 123-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 2-жолда:
2-тармақта:
"1179453", "608072", "99142", "254384", "217855" деген сандар тиiсiнше "1405122", "316175", "298588", "475589", "314770" деген сандармен ауыстырылсын;
2.1-тармақшадағы "жабдықтарды сатып алу" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақта:
"3917574", "1948037", "1969537" деген сандар тиiсiнше "3691905", "1211591", "2480314" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 3-жолда:
1-тармақта:
"367,24", "12232235", "5562320" деген сандар тиiсiнше "374,24", "12281722", "5564897" деген сандармен ауыстырылсын;
"Ресей Федерациясының шекарасы - Орал - Ақтөбе - 66 км 4000000 мың теңге сомасына;" деген сөздерден кейiн "жол-құрылыс материалдарын сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қызыләскер - Киров" автожолы бойынша ПК 254+90 көпiр өткелiндегі су тасқынынан бұзылуды қалпына келтiру - 84357 мың теңге (Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 14 бұйрығы)." деген сөздерден кейiн "Үшарал Достық - 7 км автожолын 46910 мың теңге сомасына қайта жаңарту." деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
"3586", "910085", "68175", "61885", "700", "149212", "225" деген сандар тиiсiнше "3029", "764326", "68569", "62069", "306", "65361", "223" деген сандармен ауыстырылсын;
"Екатеринбург - Алматы - 161 км 62486 мың теңге сомасына" деген сөздер алынып тасталсын;
"Щучинск" деген сөз "Бурабай" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 4-жолда:
"8575525" деген сандар "8671798" деген сандармен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"460722", "180518", "135521", "15862", "40701", "88120" деген сандар тиiсiнше "379845", "114203", "27967", "44788", "75280", "117608" деген сандармен ауыстырылсын;
2.1-тармақшадағы "жабдықты сатып алуға байланысты салықтарды төлеу;" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақта:
"1172663", "706639", "466024" деген сандар тиiсiнше "1349812", "427620", "922192" деген сандармен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "367,24" деген сандар "374,24" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 124-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
реттiк нөмiрi 1-жолдың 5-бағанында:
I бөлiмде "9", "1936271" деген сандар тиiсiнше "12", "2006515" деген сандармен ауыстырылсын;
1-1-тармақтағы "Самара - Шымкент автожолындағы 594 км Ойылқопа арқылы өтетiн көпiрдi күрделi жөндеу;" деген сөздер "Самара - Шымкент автожолының 612 км-дегi құбырын қалпына келтіру;" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ "Сарыөзек - Хоргос автожолындағы 171 км-дегі көпiрдi қалпына келтiру." деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ "Қарағанды - Аягөз - Бұғаз автожолының 783 км-дегі құбырын және 788 км-дегi көпiрiн қалпына келтiру; Омбы - Майқапшағай Қалжыр - Tepeкті автожолының 6+900 км-дегі, 15+900 км-дегі көпiрлерiн қалпына келтiру.";
II бөлiмдегi "4463729" деген сандар "4306136" деген сандармен ауыстырылсын;
III бөлiмдегi "4021429" деген сандар "4108778" деген сандармен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "9" деген сан "12" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | Д.К. Ахметов |