Көптеген елдi мекендерде, әcipece ауылдық аудандарда радио, телебағдарламаларына қол жетiмсiздiк, газеттер мен журналдардың жоқтығы да азаматтардың оң құқықтық ұстанымының қалыптаспауына ықпал етедi, бұл халықтың мемлекеттік органдарға деген сенiмiнiң жоғалуына әкеп соғады. Идеялық-адамгершілік мазмұны жағынан төмен ақпараттық материал жиi таратылуда.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын құқықтық сипаттағы көптеген материалдар дұрыс дайындалмайды, деңгейi төмен, бiржақты берiледi, тар ведомстволық мүдделердi көздейдi. Қазiргi кезде республикада құқықтық тақырыпқа маманданған бiрнеше апталық газет шығады - бұлар "Око", "Юридическая газета", "Правовой вестник", "Закон и правосудие" - орыс тілінде, "Заң газетi" - қазақ тілінде.
БАҚ-ғы материалдардың көпшiлiгi оларда келтiрiлген фактiлер бойынша тиiстi талдау мен қорытындыларды қамтымайды. Құқықтық түсiндiру, ескерту-алдын алу қызметiнiң тиiмдiлiгiне көрсетiлетiн төменгi сападағы фильмдер мен хабарлардағы фактiлер терiс ықпал етедi.
Сонымен бiрге республикада құқық қорғау органдарының қызметiн насихаттайтын, олардың оң бет-бейнесiн қалыптастыруға, заңға құрметпен қарау жағдайын жасауға ықпал ететiн толық метражды көркем, қысқа метражды деректi фильмдер жоқтығын айтуға мәжбүрмiз. Өкiнiшке орай, iстiң мұндай жағдайы, әсіресе жастар арасында қоғамдық сананың қылмыстық сипат алуына әсер етедi.
Құқықтық мәдениеттi қалыптастыруда, құқықтық білімді таратуда барлық оқу орындарында жетiспеушілігi үнемi байқалатын түрлi әдебиеттер шығарудың үлкен мәнi бар. Республикада заң әдебиеттерін шығаратын мамандандырылған "Жетi жарғы", "Дәнекер" баспалары жұмыс iстейдi. 2003 жылы олар 30-ға жуық оқулықтар мен оқу құралдарын шығарды, соның iшiнде қазақ тіліндегiлерi бар-жоғы 4-5 атау. Екi баспа да жеке меншiктiң жеке нысанында. Сондықтан осы әдебиеттердi шығаруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлiнетiн қаражаттың көлемi жеткiлiксiз.
Оқу орындарының барлық түрлерiнде құқықтық пәндер бойынша біліктi педагогикалық кадрлар даярлауда шешiлмеген мәселе болып табылады. Жалпы білім беретiн мектепте "Мемлекет және құқық негiздерi" пәнi аптасына 1 сағаттық жүктемемен тек 9-сыныпта жүргiзiледi. Жекелеген мектептерде аптасына бiр сағаттан "Демократия" пәнi 10 сыныпта, "Құқық мозайкасы", "Заң барлығы үшiн" пәндерi 5 сыныпта факультативтi түрде оқытылады. Халықаралық білім беру жүйесi қорының (бұдан әрi- ХБЖҚ) көмегiмен және оның жобасы бойынша шамамен 500 мектепте 10-11 сыныптарда аптасына бip сағаттан "Азаматтану", "Азаматтануға кiрiспе" пәндерi оқытылады. Тәжiрибе көрсеткендей, көрсетiлген сағаттар көлемi жеткiлiксiз. Жалпы білiм беретiн мектепте құқық негiздерiн оқытуға өзiндiк "эксперименттiк" тәсiл белең алуда.
Орта кәсiптiк білім беру мамандықтарының мемлекеттік жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттарында "Заңнама және құқық негiздерi" немесе "Құқық негiздерi" пәндерiн 30-дан 42 сағатқа дейiн мiндеттi оқыту көзделген. Жоғары кәсiптiк білімдi мамандарды даярлау "Құқық негiздерi" пәнiн 70 сағат көлемiнде оқытуды көздейдi. Бұл көлемдi жоғары оқу орындары құрамының есебiнен көбейтуге болады. Бұл жұмыс берушiлердiң, еңбек рыногының талаптарына және ғылыми мектептердiң бағыттарына қарай жаңа пәндер енгізу құқығы сияқты жоғары оқу орындарының өздерiнiң құқығы. Кадрлар даярлаудың ерекшелiгiне байланысты кейбір мамандықтардың мемлекеттік стандарттары мемлекеттік құрам шеңберiнде құқықтық пәндердi оқытуды көздейдi. Сондықтан да, әсiресе заңгерлiк емес жоғары оқу орындарында мамандар даярлау кезiнде құқықтық пәндер бойынша бағдарламалар мен әдiстемелiк құралдарды сапалы түрде жеткiлiктi мөлшерде шығаруды қамтамасыз ету қажет.
Азаматтардың мемлекеттік шешiмдердi қабылдауға және олардың орындалуын бақылауға белсендi қатысуы да маңызды роль атқарады, бұл қабылданатын шешiмдердiң сапасына да, оларды iске асыру тиiмдiлiгiне де оң әсер етедi.
Қабылданатын заңдардың тиiстi сапасын қамтамасыз ету, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, халықты құқықтық тәрбиелеу, заңгерлерді, басқа да мемлекеттік қызметшiлердi кәсiби оқыту мен тәрбиелеу уақытының қажеттіліктерiне сәйкес келтiру Қазақстанда құқықтық нигилизмнiң алдын алу мен еңсеруге, оң құқықтық мәдениеттi, заңды жаппай құрметтеу жағдайын қалыптастыруға ықпал ететiн болады. Сонымен, жағдайды талдау құқықтық түсiндiру жұмыстарында, құқықтық оқыту мен тәрбиелеудi ұйымдастыруда барлық нысандар мен әдiстердi, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдардың және жұртшылықтың қоғамда құқықтық мәдениеттi қалыптастыру жөнiндегі қызметiн пәрменді үйлестiрудi ұштастыру қажеттiгiн дәлелдейдi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiнiң деңгейiн көтеру болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу мынадай мiндеттердi шешуге ықпал етедi:
Қазақстан заңнамасын түсiндiру, онда анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
жаңа тұрпаттағы мемлекеттік қызметшiлердiң құқықтық даярлығы деңгейiн арттыру;
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау, құқықтық түсiндiру жұмысында дүниежүзiлiк "ИНТЕРНЕТ" желісін қоса алғанда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;
құқықтық мәдениеттi, құқықтық тәрбиенi қалыптастырудың өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулердi жандандыру.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және
оны iске асыру тетiгi
Алға қойылған мiндеттерге қол жеткізу үшiн Бағдарламада құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, барлық үлгідегi оқу орындарында құқықтық оқытудың деңгейiн арттыру, мемлекеттік қызметшiлердiң құқықтық білімдерiн көтеру жолымен Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiнiң деңгейiн арттыруға бағытталған шаралар кешенi көзделген.
1. Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру
Осы бағытта "Қазақстан-2030" стратегиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасының ережелерiн орындау; Қазақстан Республикасының заңнамасын түсiндiру; заңға тәуелдi кесiмдердiң уақытылы түсiндiрiлуiн қамтамасыз ету бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзудi қамтамасыз етуге баса назар аударылуы тиiс. Ақпараттық-насихаттау жұмысының түрлі нысандары мен әдiстерiн пайдалана отырып, республика өңiрлерiне шығуды тәжiрибеге енгізу қажет.
Мемлекеттiң қылмыстық саясатын iзгiлендiру мәселелерi, осы саладағы заңнаманы жетiлдiру, Қазақстандағы өлiм жазасын кезең-кезеңмен жою мүмкiндiгi бойынша белсендi құқық түсiндiру жұмысын жүргiзу.
Орталық атқарушы органдардың, Бас прокуратураның (келісім бойынша), Жоғарғы Соттың (келісім бойынша), заң қызметтерiмен, баспасөз қызметтерiмен өзара байланысты жұмыс тәжiрибесiмен алмасуды жүзеге асыру. Министрлiктердегi және ведомстволардағы, құқық қорғау органдарындағы құқықтық жұмысты ұйымдастыру тәжiрибесiн зерделеу. Орталық атқарушы органдардың заң қызметтерi мамандарының оқушы жастармен, еңбек ұжымдарында заңнама ережелерiн түсiндiру бойынша кездесулер ұйымдастыруды тәжiрибеге енгізу.
Мерзiмдi баспасөз басылымдарында, радио және телеарналарда өзектi маңызы бар, қолданыстағы заңнаманы және құқық қолдану практикасын түсiндiретiн мемлекеттiң құқықтық саясатының түрлi аспектiлерi бойынша арнайы айдарлар ашу қажет.
Құқықтық түсiндiру процесiн жетiлдiру, өзектi құқықтық ақпаратты тарату және алу, оң тәжiрибемен алмасу мақсатында кейбір мемлекеттік органдарда Web-сайттардың жұмыс iстеуiн жетiлдiру қажет.
Республикалық радиода, орталық мемлекеттік телеарналарда құқықтық тақырып бойынша телевизия бағдарламалары мен радиохабарларын, жарнамалық-бет-бейнелiк роликтер жасау.
Неғұрлым өзектi құқықтық мәселелер бойынша басшылар мен мамандардың БАҚ-та сөз сөйлеулерiн жеке жоспарлауды практикаға енгізу.
Норма жасау қызметiнде барынша жиi қолданылатын терминдер мен сөз тiркестерiнiң мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі тiзбесiне өзгерістер мен толықтырулар енгізудi қамтамасыз ету.
Қалаларда және республиканың басқа да елдi мекендерiнде көрнекi ақпараттар жай-күйiнiң тiл туралы заңнамаға сәйкестiгiне талдау жүргiзу.
Мемлекеттiң құқықтық саясатының өзектi мәселелерi бойынша халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар өткізудi қамтамасыз ету.
Құқықтық тақырып бойынша оқу-әдiстемелiк, ғылыми және басқа әдебиеттер шығару көлемiн ұлғайтуға баса назар аудару қажет.
2. Құқықтық оқыту мен тәрбиелеу
Жалпы білім беретiн мектептерде оқушылар үшiн құқықтық ақпарат алудың орныққан нысандарын өзгерту, балаларды құқықтық тәрбиелеу әдiстемесiн жетiлдiру, қашықтан оқыту, тәжiрибе алмасу сияқты білім берудiң жаңа нысандары мен түрлерiн кеңiнен пайдалану қажет.
Адамда және азаматта, әсiресе жас ұрпақта патриотизм, заңға құлықтылық, адамның ар-намысы сезiмiн, басқа азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн құрметтеу сияқты қасиеттердi қалыптастыруға бағытталуы тиiс белсендi азаматтық және құқықтық білім беруге деген объективтi қажеттілік туындады.
Республиканың қалалары мен аудандарындағы ұйымдардың, мекемелердiң базасында құқықтық білім беру мектептерiн құру туралы мәселенi де қарау қажет.
Орта кәсiптiк және жоғары оқу орындарында құқықтық білім алуда; мамандарға қойылатын біліктілік талаптарына құқықтық білім негiздерiн енгізуде үздiксiздiк пен сабақтастықты қамтамасыз ету қажеттілігi туындады.
Құқықтық түсiндiру жұмысы байсалды теориялық базаға сүйенуi тиiс. Осыған байланысты құқықтық мәдениеттi, құқықтық тәрбиенi қалыптастырудың өзектi проблемалары бойынша мақсатқа сай ғылыми зерттеулер жүргiзу, құқықтық оқыту проблемалары бойынша оқытушылардың республикалық және өңiрлiк конференцияларын, семинарларын өткізудi ұйымдастыру, оқу орындарының құқық пәндерi (жекелеген жоспарлар бойынша) оқытушыларын жүйелi түрде қайта даярлау мен біліктілігiн арттыруды жүзеге асыру қажет. Мұндай амал құқықты әрбiр адамға және тұтастай алғанда қоғамға қажеттi әлеуметтiк құндылық ретiнде қабылдау үшiн негiз жасауға мүмкiндiк бередi. Мемлекеттік қызметшiлердiң заңнама саласындағы білімiн жетiлдiру және оның құқықтық мәдениетi деңгейiн көтеру мақсатында орталық және жергілiктi мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерiн даярлау мен қайта даярлауға назар аудару қажет. Бұл ретте сабақтар өткізу кезiнде заңгер ғалымдарды, саясаткерлердi, құқық қорғау, сот және өзге де органдардың неғұрлым тәжiрибелі практикалық қызметкерлерiн белсендi түрде тарту талап етiледi.
Нормативтiк құқықтық кесiмдерге енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшы кадрлары мен мамандарын аттестациядан өткізу үшiн салалардың ерекшелiктерiне қарай құқықтық тақырыптың түрлi бағытттары бойынша сұрақтар тiзбесiн ұдайы жетiлдiру қажет.
Дәрiстiк насихаттың, құқықтық түсiндiру жұмыстарының басқа да нысандары мен әдiстерiнiң мәселелерiмен айналысатын ұйым құру жөніндегі мәселенi де қарау қажет.
6. Қажеттi ресурстар және оларды
қаржыландыру көздерi
Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, құқықтық оқыту мен тәрбие жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған iс-шараларға тұтастай алғанда республикалық бюджет қаражатынан 198 миллион теңге бөлу қажет.
Республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемi (млн. теңге) соның iшiнде жылдар бойынша:
2005 жыл - 65 млн. теңге;
2006 жыл - 66,5 млн. теңге;
2007 жыл - 66,5 млн. теңге.
7. Бағдарламаны iске асырудан
күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру тiзбесi олардың басымдықтарын негізге ала отырып әзiрленген нақты iс-шаралардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуы:
электронды БАҚ-та құқықтық тақырыпқа арналған хабарлар көлемiн арттыруға;
республикалық мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы құқықтық тақырып бойынша арнайы айдарлардың санын ұлғайтуға;
республикалық радиода және орталық мемлекеттік телеарналарда құқықтық тақырып бойынша телевизиялық бағдарламалар мен радиохабарлардың санын арттыруға;
құқықтық тақырып бойынша оқу-әдiстемелiк, ғылыми және басқа да әдебиеттердi шығару көлемiн арттыруға;
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетi деңгейiн елеулi түрде көтеруге;
құқықтық тәртiп пен заңды құрметтеудiң нақты жағдайын орнатуға;
құқықтық түсiндiру жұмысын, азаматтарды құқықтық оқыту мен құқықтық тәрбиелеудi қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бiрлестiктер мен үкiметтiк емес ұйымдардың күш-жiгерiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi.
8. Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi
қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен
тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
Р/с N | Іc-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжана- тын шы- ғыстар (млн.тг) | Қаржы- лан- дыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру |
1 "Қазақстан-2030" Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, Шығын Стратегиясының, Республи- министр- жарты талап Қазақстан Рес- касының лiгi, ҚР жылдың етiл- публикасы Прези- Үкіметі- Бас про- және мейдi дентiнiң Қазақ- не ақпа- курату- жылдың стан халқына рат расы, қорытын- Жолдауының, ҚР Iшкi дысы Қазақстан Рес- iстер бойынша публикасы Үкiме- министр- тiнiң 2003-2006 лiгi жылдарға арнал- ған бағдарлама- сының негiзгi қағидаларын орындау, қоғам- дық қатынастар- дың аса маңызды салаларында заң- наманы жетiлдiру жөнiнде тұрақты түсіндіру жұмы- сын жүргiзу. Ақпараттық-наси- хаттау жұмысының түрлi нысандары мен әдiстерiн пайдалана оты- рып, республика өңiрлерiне шығуды тәжiрибе- ге енгізу |
2 Мемлекеттiң Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, Шығын қылмыстық сая- Республи- министр- жарты талап сатын iзгiлен- касының лiгi жылдың етiл- дiру мәселелерi, Үкіметі- және мейдi осы саладағы не ақпа- жылдың заңнаманы же- рат қорытын- тiлдiру, Қазақ- дысы стандағы өлiм бойынша жазасын кезең- кезеңмен жою мүмкiндiгi бойынша белсен- дi құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу |
3 Орталық атқару- Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, Шығын шы органдардың, Республи- министр- жарты талап Бас прокурату- касының лiгi жылдың етiл- раның (келісім Үкіметі- және мейдi бойынша), Жо- не ақпа- жылдың ғарғы Соттың рат қорытын- (келісім бой- дысы ынша) заң қыз- бойынша меттерiмен, баспасөз қыз- меттерiмен, өзара байланыс- ты, жұмыс тәжi- рибесiмен ал- масуды жүзеге асыру. Министрлiктер- дегі және ве- домстволардағы, құқық қорғау органдарындағы құқықтық жұмысты ұйымдастыру тәжiрибесiн зерделеу. Орталық атқарушы органдардың заң қызметтерi мамандарының оқушы жастармен, еңбек ұжымда- рында заңнама ережелерiн тү- сiндiру бойынша кездесулер ұйымдастыруды тәжiрибеге енгізу |
4 Web-сайттардың Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, Шығын жұмыс iстеуiн, Республи- министр- жылдың талап өзекті құқықтық касының лiгi, қорытын- етiл- ақпараттарды Үкіметіне ҚР Жоғар- дысы мейдi тарату және ақпарат ғы соты бойынша алу, оң жұмыс (келісім тәжiрибесiмен бойынша), алмасу, норма- ҚР Бас тивтiк құқықтық проқура- кесiмдердiң турасы мәтiндерiн ор- (келісім наластыру жө- бойынша) ніндегі жұмыс- ты жетілдіру |
5 Республикалық Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб- мерзiмдi бас- Республи- министр- жылдың - 6,0; ликалық пасөз басылым- касының лiгi, қорытын- 2006 ж. бюджет дарында құқық- Үкіметіне ҚР Iшкi дысы - 6,0; қара- тық тақырып ақпарат iстер бойынша 2007 ж. жаты бойынша арнайы министр- - 6,0; айдарлар ашу лiгi, ҚР Барлы- Жоғарғы ғы: соты 18,0 (келісім бойынша) |
6 Республикалық Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб- радиода, орта- Республи- министр- жылдың - 8,0; ликалық лық мемлекет- касының лiгi, қорытын- 2006 ж. бюджет тiк телеарна- Үкіметіне ҚР Iшкi дысы - 8,0; қара- ларда құқықтық ақпарат iстер бойынша 2007 ж. жаты тақырып бойынша министр- - 8,0; телевизия бағ- лiгi, Барлы- дарламалары мен ҚР Жоғар- ғы: радиохабарла- ғы соты 24,0 рын, жарнама- (келісім лық-бет-бейне- бойынша) лiк роликтер жасау |
7 Неғұрлым өзектi Қазақстан ҚР Әдiлет Тоқсан Шығын құқықтық мәсе- Республи- министр- сайын талап лелер бойынша касының лiгi, етiл- басшылар мен Үкіметіне ҚР Iшкi мейдi мамандардың ақпарат iстер БАҚ-та сөз министр- сөйлеулерiн лiгi, ҚР жеке жоспарлау- Жоғарғы ды практикаға соты енгізу (келісім бойынша), ҚР Бас прокура- турасы (келісім бойынша), ҚР Бiлiм және ғы- лым мини- стрлiгi, ҚР Мәде- ниет, ақ- парат және спорт министр- лiгi |
8 Норма жасау Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб- қызметiнде ба- Республи- министр- жылдың - 2,5; ликалық рынша жиi қол- касының лiгi қорытын- 2006 ж. бюджет данылатын мемле- Үкіметіне дысы - 2,5; қара- кеттiк және орыс ақпарат бойынша 2007 ж. жаты тiлдеріндегі - 2,5; терминдер мен Бар- сөз тiркестерi- лығы: нiң тiзбесiне 7,5 өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
9 Қалаларда және Қазақстан ҚР Мәде- Жыл сайын, 2005 ж. Респуб- республиканың Республи- ниет, жылдың - 1,5; ликалық басқа да елді касының ақпарат қорытын- 2006 ж. бюджет мекендерiнде Үкіметіне және дысы - 3,0; қара- көрнекi ақпа- ақпарат спорт бойынша 2007 ж. жаты раттар жай-күй- министр- - 3,0; iнiң тіл туралы лiгi Бар- заңнамаға лығы: сәйкестiгiне 7,5 талдау жүргізу |
10 Мемлекеттің Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб- құқықтық сая- Республи- министр- жылдың - 7,0; ликалық сатының өзекті касының лiгi, қорытын- 2006 ж. бюджет мәселелері Үкіметіне ҚР Iшкi дысы - 7,0; қара- бойынша халы- ақпарат iстер бойынша 2007 ж. жаты қаралық, рес- министр- - 7,0; публикалық лiгi, ҚР Бар- ғылыми-практи- Жоғарғы лығы: калық конфе- соты 21,0 ренциялар өт- (келісім кізу бойынша) |
11 Құқықтық та- Оқу құ- ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб- қырып бойын- ралдары, министр- жылдың - 5,0; ликалық ша оқу-әдiс- әдісте- лiгi қорытын- 2006 ж. бюджет темелiк, мелік дысы - 5,0; қара- ғылыми және ұсыным- бойынша 2007 ж. жаты басқа әдеби- дар, - 5,0; еттерді шығару жинақтар Бар- және т.б. лығы: 15,0 |
2. Құқықтық оқыту және тәрбиелеу |
1 Республиканың Қазақстан ҚР Әдiлет 2005 жыл- Шығын қалалары мен Республи- министр- ғы, талап аудандарын- касының лiгi I тоқсан етiл- дағы ұйымдар- Үкіметіне мейдi дың, мекемелер- ақпарат дің базасында құқықтық білім беру мектепте- рiн құру туралы ұсыныстарды қарау |
2 Орта кәсiптiк Қазақстан ҚР Білім 2005 жыл- Шығын және жоғары оқу Республи- және ғы- ғы, талап орындарында құ- касының лым мини- I тоқсан етiл- қықтық білім Үкіметіне стрлігі мейдi алуда үздіксіз- ақпарат дік пен сабақтас- тықты қамтамасыз ету. Мамандарға қойы- латын біліктілік талаптарына құ- қықтық білім негiздерiн енгізу |
3 Құқықтық мәде- Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб- ниеттi, құқықтық Республи- министр- жылдың - 2,0; ликалық оқыту мен тәр- касының лігі қорытын- 2006 ж. бюджет биелеудi қалып- Үкіметіне дысы - 2,0; қара- тастырудың ақпарат бойынша 2007 ж. жаты өзектi пробле- - 2,0; малары бойынша Бар- ғылыми зерттеу- лығы: лердi жүргiзу. 6,0 Мұғалiмдер үшін құқықтық оқыту проблема- лары жөніндегі мұғалiмдердiң республикалық және өңiрлiк конференция- ларды, семинар- ларды өткізу |
4 Ғалым-заңгерлер- Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб- дi, саясаттану- Республи- министр- жылдың - 3,0; ликалық шыларды, құқық касының лігі қорытын- 2006 ж. бюджет қорғау, сот және Yкіметіне дысы - 3,0; қара- өзге де орган- ақпарат бойынша 2007 ж. жаты дардың - 3,0; неғұрлым тәжi- Бар- рибелi практи- лығы: калық қызметкер- 9,0 лерiн тарта отырып, құқық- тық пәндердiң оқытушыларын қайта даярлау және біліктілі- гiн арттыруды жүргiзу (жеке- леген жоспарлар бойынша) |
5 Дәрiстiк наси- Қазақстан ҚР Әдiлет 2005 жыл- Шығын хатты, құқықтық Республи- министр- ғы, талап түсiндiру жұмыс- касының лiгi І тоқсан етiл- тарының басқа да Yкіметіне мейдi нысандары және ақпарат әдiстерiнiң мә- селелерiмен айналысатын ұйымды құру туралы мәселенi қарау |
6 Дәрiстiк наси- Қазақстан ҚР Әдiлет Жыл сайын, 2005 ж. Респуб- хатты, құқықтық Республи- министр- жылдың - 30,0; ликалық түсiндiру жұмы- касының лiгi қорытын- 2006 ж. бюджет сының басқа да Үкіметіне дысы - 30,0; қара- нысандары мен ақпарат бойынша 2007 ж. жаты әдiстерiн - 30,0; ұйымдастыру Бар- лығы: 90,0 |
ЖИЫНЫ: Құқықтық түсіндіру 2005-2007 жылдар 198 млн. Рес- жұмысы, құқықтық мәдениеттi теңге, пуб- қалыптастыру, азаматтарды соның лика- құқықтық оқыту мен тәрбие- iшінде: лық леудiң 2005-2007 жылдарға 2005 жыл бюд- арналған бағдарламасын -65 млн. жет қамтамасыз етуге арналған теңге; бюджеттік қаражат көлемi 2006 жыл -66,5 млн. теңге; 2007 жыл -66,5 млн. теңге. |