Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 Қаулысы
(2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
«Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығын қараңыз
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесi бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1441 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу
ережесi
Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және аңшылық шаруашылығын жүргiзу тәртібін айқындайды.
Аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн негiздеме
2. Жеке және заңды тұлғаларға аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешiмi;
2) уәкiлеттi орган мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт негiздеме болып табылады.
Облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешiмi конкурстық комиссияның аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі шешiмiне немесе жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар конкурсқа қатысушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөнiнде қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың жеке меншiгіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде орналасқан аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі уәкiлеттi орган ұсынымының негiздемесiне сүйенедi.
3. Облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешiмiнiң негiзiнде уәкiлеттi органның аумақтық органы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығы ұйымымен аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт жасасады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1510 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Аңшылық шаруашылығын жүргiзу туралы шартта:
1) шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру нәтижелері (қорықшылық қызмет штаты, аңшылық алқаптың алаңы мен шекарасының сипаттамасы, аңшылық алқаптың схема-картасы);
2) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану мерзiмi;
3) шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды жүргiзу мерзiмi;
4) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
5) жануарлар дүниесiн және олар мекендейтiн орындарды қорғау, молықтыру және орнықты пайдалану шарттары;
6) аңшылық алқаптарды бекітіп беру конкурсына қатысу кезiнде аңшылық шаруашылығы ұйымы мәлiмдеген мiндеттемелер;
7) тараптардың жауапкершiлiгi көзделедi.
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығының паспорты аңшылық шаруашылығын жүргізу туралы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1510 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Өзге учаскелерден басқа, бекітілуі жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру үшін қажет және шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру материалының негізінде айқындалған мемлекеттік орман қорының учаскелері де құрамына енетін аңшылық алқаптарында аңшылық шаруашылығын жүргізу осы Ереженің негізінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 794 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1510 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Аңшылық алқаптарын шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган мынадай көрсеткіштер бойынша аңшылық шаруашылығы санаттарын айқындайды:
Аңшылық шаруашы- лықтары- ның са- наттары | Аңшылық шаруашылы- ғының алатын алаңының нормасы (гa) | Аң аулау объектiлерiне жатқызылған мекендейтiн жануарлар түрлерiнiң шектi мөлшерi | 1 (бiр) қорықшыға күзетiлетiн алаңды бекітіп беру нормасы (га) | Аңшылық алқаптарды бекітіп берудiң ұсынылатын мерзiмi (жыл) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
I санат 1500-5000 49 ____________________________ кемiнде 5000 тұяқты жануар- лар түрлерi - кемiнде 3, ұсақ және қанатты құстың түрлері - кемiнде 5 |
II санат кемiнде тұяқты жануар- 5000-10000 40 15000 лар түрлерi - кемiнде 3, ұсақ және қанатты құстың түрлерi - кемiнде 3 |
III санат кемiнде тұяқты жануар- 10000-20000 30 20000 лар түрлерi - кемiнде 2, ұсақ және қанатты құстың түрлерi - кемiнде 3 |
IV санат кемiнде тұяқты жануар- 20000-30000 20 20000 лар түрлерi - кемiнде 1, ұсақ және қанатты құстың түрлерi - кемінде 3 |
V санат кемiнде ұсақ және нормалан- 10 10000 қанатты жабайы байды құстың түрлерi - кемiнде 3 |
Шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру
7. Аңшылық алқаптарда шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру:
1) аңшылық алқаптарды түгендеуді;
2) табиғи және экономикалық жағдайларды зерделеудi;
3) аң аулайтын алқаптарды бағалауды;
4) жануарлар санын есепке алу және есебiн жүргiзу әдiсiн анықтауды;
5) жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ биотехникалық және пайдалану іс-шараларын жоспарлауды;
6) аңшылық шаруашылығының аумағын ұйымдастыруды;
7) жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөніндегі жұмыстардың тiзбесiн;
8) аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң нақты санын анықтауды;
9) алқап бiрлігiне шаққанда ескерiлетiн жануарлардың түрлерi мекендеуiнiң оңтайлы тығыздығын анықтауды;
10) аңшылық шаруашылығы қызметiнiң (әуесқойлық (спорттық), кәсiпшiлiк аң аулау) неғұрлым тиiмдi бағытын анықтауды;
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 794 Қаулысымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) аң аулайтын алқаптарды бағалауды (бонитет) және аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың негізгі түрлері бойынша бонитеттік бағалауды және олардың құндылығын арттыру жолдарын;
12) аң аулайтын алқаптардың өткізу қабiлетiн көздейдi.
ҚР Үкіметінің 2011.01.11. № 1269 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру материалдары бойынша әзірленген аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарын аң шаруашылығы ұйымы бекітеді, содан соң міндетті түрде орындалуға тиіс және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады.
9. Шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру ұзақтығы 10 жыл тексеру кезеңiне немесе аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шартты жасасу мерзiмiне әзiрленедi.
10. Қайталама шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды жүргiзу кезiнде осының алдындағы шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн өткен тексеру кезеңiне аң шаруашылығы қызметiне талдау жүргізiледi, шаруашылық аумағында жабайы жануарлардың сапалық және сандық жай-күйiне баға берiледi, ол аңшылық шаруашылығының санатын өзгерту және аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшiн негiздеме болып табылады.
Жануарлар дүниесі объектiлерiнiң кадастры мен
мониторингі үшін олардың санын есепке алуды, мәлiметтер жинауды ұйымдастыру
11. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн есепке алудың негiзгі мақсаты осы жануарлар таралымдарының жай-күйiн бағалау және оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды жоспарлау болып табылады.
12. Бекiтiлiп берiлген аң аулайтын алқаптардағы жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн есепке алуды аң шаруашылығы ұйымдары Жануарлар дүниесi объектiлерiн есепке алу жөніндегі әдiстемелiк нұсқама негiзiнде өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
13. Оңтайлы және нақты сандар көрсеткiштерiнiң арақатынасын ескере отырып аң аулау объектiлерiне жатқызылған жануарлар түрлерiн есепке алу нәтижелерi оларды алу лимиттерi мен квоталарын анықтау үшiн негіз болып табылады.
14. Аң шаруашылығы ұйымдары жануарлар дүниесiнің кадастрына енгізiлетiн мәлiметтер жинауды жүзеге асырады және оларды Уәкiлеттi органға бередi.
15. Өзiнiң жануарлар дүниесiнiң биологиялық алуандығын сақтау, оны орнықты пайдалануды қамтамасыз ету үшiн болып жатқан өзгерістердi анықтау және бағалау, жағымсыз процестер мен құбылыстардың алдын алу және олардың зардаптарын жою мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң таралуын, санын, жай-күйiн, таралымдарының құрылымын, мекендеу ортасының сапасы мен алаңын қадағалау жүйесiн бiлдiретiн аң шаруашылығы ұйымдары жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өндiрiстiк мониторингiн жүзеге асырады.
Талдамалық анықтама түрiнде ресiмделген жануарлар дүниесiнiң өндiрiстiк мониторингiнiң деректерi уәкiлеттi органның аумақтық органына берiлетiн жылдық есепке қосымша болып табылады.
Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн қорғау
16. Бекiтiлiп берiлген аң аулайтын алқаптарда жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн қорғау:
1) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі ережелер мен нормаларды белгiлеу және сақтау;
2) қорықшылық қызметтi құру және оның жануарлар дүниесi объектiлерiн, соның iшiнде оларға жануарлар дүниесiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салушылықтарды белгiлей отырып, сирек кездесетiн және құрып кету қауiпi төнген жануарлар дүниесі объектiлерiн пайдалану учаскелерiне, сондай-ақ жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуға арналған учаскелерге және дамылдау аймақтарына бөлiп, аңшылық шаруашылығының аумағында қорғау жөнiндегі қызметiн ұйымдастыру;
3) жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзушылықты болдырмау;
4) жануарлардың мекендеу ортасын қорғау, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру;
5) жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөнiнде iс-шаралар мен биотехникалық іс-шаралар жүргiзу;
6) табиғи апаттар кезiнде және басқа да себептер салдарынан ауруға, өлiм-жiтiм қауiптерi жағдайында жануарларға көмек көрсету;
7) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі қызметiн ынталандыру;
8) жергiлiктi халық арасында жануарлар дүниесiне ұқыпты қарау идеяларын насихаттау, жануарлар дүниесiн қорғау режимi туралы хабардар ететiн iлме тақталар, трафареттер, плакаттар орнату;
9) ветеринариялық iс-шаралар жүргiзу;
10) аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесін белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.
Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi
17. Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi аңшылық шаруашылығының әкiмшiлігі мен бекітілiп берiлген аңшылық алқаптардың аумағына келетiн азаматтардың қатынастарын регламенттейдi.
18. Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың;
2) аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттың;
3) шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру материалдарының негiзiнде әзiрленедi.
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 794 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Iшкi тәртiп ережесi мынадай мiндеттi iс-шараларды:
1) схема-карталарды қоса тiркеп және қорықшылардың аты-жөндерiн көрсете отырып жануарлар дүниесi объектiлерiн молықтыруға арналған учаскелердiң, пайдалану учаскелерiнiң, дамылдау аймақтары мен қорықшылық учаскелерінің (айналымдарының) шекарасын сипаттай отырып, аңшылық алқаптардың аумағын ұйымдастыруды;
2) аң аулайтын алқаптарда болу ережесін;
3) аң аулаудың рұқсат етiлген түрлерi мен тәсiлдерiн;
4) рұқсат етiлген аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлардың тiзбесi мен оларды өндiру нормаларын;
5) көрсетiлетiн қызметтер бағасының прейскурантын және жолдама құны бағасының калькуляциясын;
6) уәкiлеттi органның аумақтық органымен келісілген аң аулау мерзiмiн шектеудi (дамылдау күндерiн) қамтиды.
20. Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi аң шаруашылығы ұйымының бұйрығымен ресiмделедi.
Аңшылық шаруашылықтарының қорықшылық қызметi
21. Қорықшылық қызметтi аң шаруашылығы ұйымдары аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шартта және шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруда көзделген санмен өз қаражаты есебінен құрады.
ҚР Үкіметінің 2012.07.03. № 305 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Аңшылық шаруашылықтары қорықшылық қызметінің жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қарашадағы № 1332 қаулысымен бекітілген Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту
23. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайту - бұл жануарлар дүниесi объектiлерiнiң оңтайлы санын көбейту мен ұстауға және оларды орнықты пайдалануға бағытталған iс-шаралар кешенi.
24. Жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту аңшылық алқаптардың өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады және:
1) қоректендiру, азықтандыру кешендерi мен азықтандыру алаңдарын құру;
2) жасанды су көздерi мен суаттар құру;
3) қорғаныштық өсiмдiктер отырғызу, жасанды ұялар салу жолымен аңшылық алқаптардың ұя салуға жарамды алаңдарын ұлғайту;
4) жыртқыш жануарлардың санын реттеп отыру;
5) жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту саласында ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;
6) табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн белгiлi бiр аумақта және белгiлi бiр мерзiмге шектеу;
7) жануарлар ауруларының алдын алу жөнiнде iс-шаралар өткізу;
8) жануарларды қолда және жартылай қолда ұстау жағдайларында өсiру;
9) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн жерсiндiру;
10) жыныс-жас құрамын реттеу жолымен қол жеткiзiледi.
25. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөніндегі жұмыстардың тiзбесi аңшылық шаруашылығын жүргiзуге немесе шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруға арналған шартта көзделедi.
26. Жануарлар дүниесi объектiлерiн қолда және жартылай қолда ұстау жағдайларында жасанды жолмен өсiрудi және оларды кейiннен бекітілiп берiлген аңшылық алқаптарға босатып жiберудi мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негiздемелерге сәйкес, уәкiлеттi органның рұқсаты негiзiнде аң шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.
27. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн жерсiндiрудi жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.
28. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөніндегі iс-шараларды өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын дамыту бағдарламаларында көзделген қаражат есебiнен аңшылық шаруашылығы ұйымдары жүргiзедi.
Жануарлар дүниесiн пайдалану
29. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесiн пайдалануды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттардың негiзiнде аңшылық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.
30. Жануарларды алып қоюдың бекiтілген лимитiнiң негiзiнде бөлiнген квоталарды уәкiлеттi орган аңшылық шаруашылығы ұйымдарына жеткiзедi.
31. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы аң аулау объектiлерiне жатқызылған жануарлар түрлерiн алу Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн ақы төленген жағдайда, жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алынған сәттен бастап бөлiнген квота шегiнде аңшылық шаруашылығы ұйымы жүзеге асырады.
32. Жеке және заңды тұлғалар бекітілiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн алуды аңшылық шаруашылығы ұйымдарынан жолдама алғаннан немесе олармен аң аулау шартын жасасқаннан кейiн жүзеге асырады.
Аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң
экономикалық тетiгі
33. Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн:
1) жануарлар дүниесiн пайдаланудың ақылы болуы;
2) жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру;
3) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының экономикалық дербестiгi;
4) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қызметiн жоспарлау;
5) аңшылық шаруашылығын дамыту бағдарламаларын iске асыруға аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қатысуы экономикалық негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасында
аңшылық шаруашылығын жүргізу
ережесіне 1-қосымша
Аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған
ШАРТ
____________________ 200_жылғы «_»__________
(елді мекен)
__________облысы әкiмдігінiң 200 жылғы «_»__________________ № __
қаулысы негізiнде осы Ереженiң негізiнде iс-әрекет жасайтын бұдан әрi
«Басқарма» деп аталатын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының бастығы
________________________ арқылы осы аумақтық орган_______________________,
(Т.А.Ә.) (атауы)
бiр жағынан, арқылы осы аумақтық орган_____________________, бiр жағынан,
(атауы)
және_______________________негізiнде iс-әрекет жасайтын бұдан әрi
«Пайдаланушы» деп аталатын _____________________________________________
(T.A.Ә, аңшылық iсiн пайдаланушы
өкілінiң лауазымы)
арқылы___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе азаматтың Т.А.Ә, мекен-жайы)
_______________________________________________________________,
екiншi жағынан, мына төмендегiлер туралы осы шартты жасасты:
1. Шарттың мәнi
1. Басқарма____________________________________ облысының
____________________ауданында орналасқан жалпы алаңы__________га.,
соның iшiнде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi_____га,
мемлекеттік орман қорының жер учаскелерi____мың га, мемлекеттік жер
қорының учаскелерi____га; тоғандары_____; басқалары______ га;
шекаралары:
солтүстiктен___________________________________________________
батыстан_______________________________________________________
оңтүстіктен____________________________________________________
шығыстан_____________________________________________________
арқылы өтетiн Пайдаланушыға бекітіп берiлген аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығын бередi.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi
3. Пайдаланушы:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен жолдамалар беруге, жануарлар дүниесінің объектiлерiн алу квоталары шегiнде аулаудың күндiк және маусымдық нормаларын белгiлеуге;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға берiлген рұқсаттарға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану түрлерiн жүзеге асыруға;
3) жануарлар дүниесiнiң олжаланған объектiлерiне және бұл ретте алынған өнiмдерге меншiктенуге;
4) жануарлар дүниесiн пайдалануға жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға құқығы бар.