Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 және
2003 жылғы 7 наурыздағы № 226 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1414
қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 наурыздағы № 226 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 10, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшаның күші жойылды деп танылсын;
2) тармақшадағы «Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің» деген сөздер «Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Жол саласының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 49-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасының және 4-1-тармағының қолданылуы 2004 жылғы 24 қарашадан бастап қайта қалпына келтірілсін.
3. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 1809 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 54, 536-құжат) 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |