Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 ақпандағы № 132 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1427 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 91 Қаулысымен күші жойылды
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 ақпандағы № 132 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 6, 63-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Ереженiң 2 және 3-тармақтарына сәйкес есептелген есептi айдағы комиссиялық сыйақының сомасы есептiден кейiнгі айдың алтыншы жұмыс күнiнен кешiктiрмей жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шотына аударылуға тиiс. Аудару кастодиан банктiң, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және жинақтаушы зейнетақы қорының не кастодион банк пен зейнетақы активтерiн дербес инвестициялауды жүзеге асыру кезiнде жинақтаушы зейнетақы қорының уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған салыстырып тексеру актiсiнiң негiзiнде жүргiзiледi.».
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | | | | | | | А. Есімов |