5) iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн кадрлармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
6) iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi мен қызметшiлерiн аттестаттаудан өткiзедi;
7) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;
8) iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
9) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында өңірлік ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
10) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысуды қамтамасыз етедi, құқықтық тәртiптiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі iс-шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;
11) iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң жұмылдыру даярлығы бойынша, бейбiт уақытта төтенше жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, iшкi iстер органдары арнаулы бөлiмшелерiнiң толық және дер кезiнде жұмылдыруға тұрақты даярлығын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларын орындалуын қамтамасыз етедi;
12) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша қоғамдық бірлестiктермен, ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен өзара iс-қимыл жасайды;
13) мемлекеттік қорғауға жататын объектiлердi күзетудi, күзет қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, жөндеудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн бақылауды қамтамасыз етедi;
14) өңiрдегi қылмыстың алдын алу мен оған қарсы күрестiң жай-күйi туралы тұрғын халықты хабардар етедi;
15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмысты ашуды және тергеудi, сондай-ақ алдын ала жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген адамдарды, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды iздестiрудi жүзеге асырады;
16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
17) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18) тiкелей облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) басқару деңгейiне жататын бөлiмшелердiң күшiмен тиiстi әкiмшiлiк бірлiк аумағында қоғамдық тәртiптi сақтауды және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
19) жол қозғалысы ережелерi мен жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын өзге де нормативтердiң сақталуын, көлiк құралдарының жекелеген түрлерiнiң мемлекеттік техникалық тексеруден өтуiн бақылауды жүзеге асырады, оларды мемлекеттік тiркеу және есепке алу арқылы жол қозғалысына қатысуға жiбередi, көлiктердi пайдаланушы адамдарды, соның iшiнде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды тiркейдi және есепке алады, емтихан қабылдайды және көлiк құралдарын басқару құқығына арналған куәлiктер бередi, жол қозғалысын реттейдi;
20) iшкi iстер органдары ұстаған, қамауға алған адамдарды айдап алып жүрудi қамтамасыз етедi;
21) уақытша ұстау оқшау бөлмелерiнiң, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты орны және құжаттары жоқ адамдарға арналған арнаулы қабылдау-бөлу орындарының, қызмет жануарларына арналған питомниктердiң жұмыс iстеуiн және оларға бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
22) медициналық айықтырғыштарда, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында ұсталатын адамдардың жағдайын қамтамасыз етедi;
23) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
24) халықаралық шарттар негiзiнде iшкi iстер органдарының қарауына жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
25) заңсыз көшi-қонның алдын алу, азаматтық, көшiп кету, көшiп келу, шетелдiктермен жұмыс мәселелерiн қарау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) iшкi iстер органдары:
1) қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi, ашады және тергейдi, iшкi iстер органдарының қарауына жататын қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асырады, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен адамдарды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда адамдарды iздестiрудi ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2) қоғамдық тәртiптi сақтауды, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды анықтауды, олардың алдын алу мен жолын кесудi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретiнiң шегiнде әкiмшiлiк iс жүргiзудi, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтауды және оның жолын кесудi, жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау мен қадағалау жасауды, шетелдiктермен және азаматтыққа қабылдау және одан шығу, шетелге тұрғылықты тұру үшiн кету туралы өтiнiш берген адамдармен жұмысты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарына жүктелген өзге де мiндеттердi шешедi;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
4) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерiн сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) қылмыс жасады деп сезiк туғызған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу таңдап алынған адамдарды заңға сәйкес қамау және ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
6) ұсталғандарды және қамалғандарды айдап апаруды жүзеге асырады;
7) уақытша ұстау оқшау бөлмелерiнiң, қабылдау-бөлу орындарының, арнаулы қабылдау орындарының, медициналық айықтырғыштардың, қызмет жануарларына арналған питомниктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
8) медициналық айықтырғыштарда ұсталатын адамдардың жағдайын қамтамасыз етедi;
9) кадрларды iрiктеудi, орналастыруды жүзеге асырады, аттестаттау жүргiзедi, көтермелейдi, жазалайды, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде жұмылдыру даярлығы мен азаматтық қорғаныс ic-шараларын орындайды;
10) мемлекеттік күзетке жататын объектiлердi күзетудi жүзеге асырады.";
5) 6-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы ", ал жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын iшкi iстер органдарының штат санын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен сан нормативтерiнен төмен емес мөлшерде белгiлейдi" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы ", бұл орайда жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсе отырып жүзеге асырылады" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақша алып тасталсын;
6) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
"6-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының
өкiлеттiктерi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында iшкi iстер органдарымен бірлесiп қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
2) қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өңiрлiк бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
3) облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi есебiнен қамтылатын әкiмшiлiк полицияның қосымша штат санын ұстауды қамтамасыз етеді;
4) аумақтық iшкi iстер органдарының қызметтiк үй-жайларын, көлiк құралдарын ұстауды, оларға қызмет көрсетудi және жөндеудi, сондай-ақ, аумақтық iшкi iстер органдары аппараттарына электрондық почта қызметiн көрсетуге арналған шығындарды қоспағанда, байланыс қызметiне ақы төлеудi қамтамасыз етедi;
5) полицияның учаскелiк инспекторларын олар қызмет көрсететiн учаскелерде жиhазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған жұмысқа арналған үй-жаймен, сондай-ақ көлiк құралдарымен қамтамасыз етеді.";
7) 10-баптың 1-тармағы 30-1) тармақшасындағы "мiндеттi" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 30-2) - 30-8) тармақшалармен толықтырылсын:
"30-2) азаматтық материалдарын ресiмдеудi қамтамасыз етуге;
30-3) заңды тұлғалардың шетелдiк жұмыс күшiн тарту, шетелдiктердiң елде болуына рұқсат беру ережелерiн сақтауына қатысты қызметiн бақылауға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың шет елге шығуын және шетелдiктердi тұрғылықты тұруға қалдыруды шектеу туралы шешiм қабылдауға;
30-4) кез келген жасалған немесе әзiрленiп жатқан, соның iшiнде өздерiнiң қарауына жатпайтын құқыққа қарсы қастық жасау туралы арыздар мен хабарламаларды қарауға, оларды тiркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауiптi зардаптарға жол бермеу жөнiнде уақтылы шаралар қолдануға; қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде әкiмшiлiк қамауға алу таңдап алынған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшiн уақытша ұстау оқшаулау бөлмелерi болуға;
30-5) құқық тәртібін қорғау жөніндегі мiндеттердi шешудi, соның iшiнде әкiмшiлiк қадағалауға алынған және алдын алу ықпалы жасалуға тиiс адамдарды, қайталап жасауы күшейтiлген жауаптылыққа әкелiп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды есепке алуды қамтамасыз ететiн мамандандырылған есепке алуды, ақпарат жүйелерiн құруға және пайдалануға; есепте тұратын адамдардың мiнез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
30-6) он сегiз жасқа толмаған және құқық бұзған, сондай-ақ арнаулы оқу-тәрбие мекемесiне жiберiлген кәмелетке толмаған адамдарды, егер оларды жедел оқшаулау қажет болса, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен ұстауға және уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында ұстауға;
30-7) кәмелетке толмаған қадағалаусыз балаларды, сондай-ақ ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi жасөспiрiмдердi уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарына жеткізуге және онда ұстауға, кейiннен қорғаншылық және қамқоршылық органдарына беруге;
30-8) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтындай мас күйде жүрген не айналасындағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн адамдарды, ал тұрғын үйде болып, қоғамдық тәртiптi бұзған адамдарды - олармен бірге тұратын азаматтардың арыздары бойынша арнаулы медициналық мекемелерге не iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне жеткізуге және оларда айыққанға дейiн ұстауға мiндеттi.";
8) 33-бап алып тасталсын;
9) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"34-бап. Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық
қамтамасыз ету
Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.";
10) 35-бап алып тасталсын.
32. "Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат):
1) 11-баптың 12) тармақшасында "заңмен" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 29-баптың 1-тармағының 7) тармақшасында "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 56-бапта "республикалық" деген сөз алып тасталсын.
33. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат):
1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 1-тармағында:
2) тармақшада "Президентi белгiлейтiн" деген сөздер "заңдарында белгiленетiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада "банктерде" деген сөз алып тасталсын;
3) 8-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында, 9-баптың 2-тармағында "банктерде" деген сөз алып тасталсын;
4) 23-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтамасыз ету";
1-тармақта "республикалық бюджеттiң" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 26-бап алып тасталсын.
34. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 21, 396-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 11, 56-құжат):
1) актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
2) мәтiнде "Жарлықта", "Жарлықтан", "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықты", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заңда", "Заңнан", "Заң", "Заңның", "Заңды", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiнде "салаларының (секторларының)" деген сөздер "салалары (секторлары) объектілерінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 14-3-бапта:
1-тармақ "Үкіметінiң" деген сөзден кейiн "немесе тиiстi жергiлiктi өкiлдi органның" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ "бекітуге" деген сөзден кейiн "немесе әкiмдiк тиiстi мәслихатқа бекітуге" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 16-баптың 3-тармағы "органның" деген сөздерден кейiн "немесе тиiстi әкiмдiктiң" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 17-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында "сатушы әзiрлеген және" деген сөздер алып тасталсын;
7) 20-бапта:
1-тармақтың бірiншi бөлiгiнде "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
2-тармақта "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын.
35. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж, № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат):
1) 9-бапта:
тақырыбында "Жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірiншi бөлiкте "Облыстық" деген сөзден кейiн "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша "мөлшерде" деген сөзден кейiн "және мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 13-баптың 2-тармағында "облыстық" деген сөзден кейiн "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 18-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
4) 53-баптың 2-тармағында "тау-кен бақылауы жөніндегі уәкiлдi" деген сөздер "өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау және тау-кендi қадағалау жөніндегі уәкiлеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 54-баптың 3-тармағында "арнаулы уәкiлдi атқарушы орган" деген сөздер "өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау және тау-кен қадағалауы жөніндегі уәкiлеттi орган және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 56-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
7) 57-баптың 5-тармағында "арнаулы уәкiлдi атқарушы орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы" деген сөздермен ауыстырылсын.
36. "Экспорттық бақылау туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 240-құжат; 2000 ж., № 20, 377-құжат; 2003 ж., № 18, 143-құжат):
1) 1-бапта:
он жетiншi абзацта "уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
он тоғызыншы абзацта "мемлекеттік органдардың" деген сөздер "Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттік органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жиырма бірiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттік органдары - экспорттық бақылауға жататын қару-жарақ пен әскери техниканың, ядролық және арнаулы ядролық емес материалдардың, екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялардың, жекелеген шикiзат түрлерiнiң, материалдардың, жабдықтардың, техникалық, ғылыми-техникалық ақпараттың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын және транзитiн бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары.";
2) 5-баптың екiншi абзацында "бірыңғай мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi" деген сөздер "мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-1 бапта:
бесiншi абзацта "уәкiлеттi органдар арқылы" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"осы Заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтiнiм берушiлерге) сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыруға рұқсат бередi.";
4) 7-бапта:
бесiншi бөлiкте "өкiлеттi" деген сөз алып тасталсын; "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн "экспорттық бақылау жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлiкте "уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi бөлiкте "Қазақстан Республикасының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 8-1-баптың бірiншi және екiншi бөлiктерiнде "сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға", "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(өтiнiм берушiлерге)", "(өтiнiм берушiлер)" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 8-2 баптағы "мемлекеттік органдары" деген сөздер "экспорттық бақылау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 11-баптың бірiншi бөлiгiнде "Республикасының экспорттық бақылауды жүзеге асыруға өкiлеттi" деген сөздер "Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; "мен лауазымды адамдары" деген сөздер алып тасталсын; "сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан" деген сөздерден кейiн "(өтiнiм берушiлерден)" деген сөздермен толықтырылсын.
37. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат, 2004 ж., № 11-12, 67-құжат):
1) мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - XI" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 11" деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) III тараудың тақырыбында "және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының" деген сөздер алып тасталсын;
3) 10-бапта:
үшiншi және төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды;";
он екiншi абзацта "республикалық бюджет есебiнен" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"авариялық-құтқару қызметтерiн (соның iшiнде аэроұтқыр жасақтарды) құрады.";
4) 11-баптың екiншi бөлiгiнде:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ғылыми ұйымдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жұмысын үйлестiредi;";
сегiзiншi абзацта "бөлiнген қаржы шегiнде республикалық бюджет қаражатынан" деген сөздер алып тасталсын;
он екiншi абзацта "министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге және Қазақстан Республикасы Үкіметі құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарға, жергiлiктi атқарушы" деген сөздер "мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он жетiншi және он сегiзiншi абзацтармен толықтырылсын:
"табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі бағдарламаларды әзiрлейдi;
авариялық-құтқару қызметтерiнiң (оның iшiнде аэроұтқыр жасақтардың) iс-қимылын қамтамасыз етедi.";
5) 12-бапта:
тақырыбы мен бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Орталық мемлекеттік органдардың табиғи және
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар
саласындағы өкiлеттiгi
Орталық мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде:";
6) 13-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкiлеттiгi";
екiншi бөлiктiң бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi өкiлдi органдары тиiстi (ведомстволық бағынысты) аумақтағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:";
үшiншi бөлiкте:
бірiншi абзацта "Жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзац "төтенше" деген сөздiң алдынан "жергiлiктi ауқымдағы" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстардың жергiліктi қорларын құрады және пайдаланады;";
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Судан құтқару қызметтерiн ұйымдастыру облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ерекше қарауына жатады.";
7) 21-бапта "министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, Үкiмет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың" деген сөздер "орталық мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
"24-1-бап. Материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық
және басқа ресурстар қорларын жасау, табиғи және
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде
көлiк құралдарымен қамтамасыз ету
Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргiзу объектілерінiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшiн алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резервi жасалады.
Төтенше жағдайларды жою үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстары және көлiк құралдары жұмылдырылады, ал шұғыл медициналық жәрдемнiң және авариялық-құтқару қызметтерінің күштерi мен құралдары төтенше жағдайлар аймақтарына алдын ала бекітілген жоспарларға сәйкес бірiншi кезекте жеткiзiлiп, керi қайтарылады.";