77-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласында бақылауды жүзеге
асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) лауазымды адамдары
Қоршаған ортаны қорғау саласында қызметiн жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының лауазымды адамдарына облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiктерiнiң тиiстi бөлiмшелерiнiң қызметшiлерi жатады.";
28) 79-баптың бірiншi бөлiгіндегі "орталық атқарушы органның" деген сөздер "орталық атқарушы органмен немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен жасалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 80-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласында бақылауды жүзеге асыратын адамдардың арнайы құралдарды, атыс қаруы мен нысанды киімдi сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.";
30) 86-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгіндегі "белгiленген тәртiппен нұқсанды есептеудiң бекітілген кесiмдi бағасы мен әдiстемесiне сәйкес, ал олар болмаған жағдайда келтiрiлген залалдарды ескере отырып, қоршаған ортаның бұзылған жай-күйiн қалпына келтiруге жұмсалған нақты шығындар бойынша" деген сөздер "қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген нұқсанның белгiленген экономикалық бағасына сәйкес соттың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын.
56. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 215-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 10, 57-құжат):
1) 8-бапта:
үшiншi абзац алып тасталсын;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды, олардың Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкіметінiң актілерін орындауын қамтамасыз етедi;";
он үшiншi абзац алып тасталсын;
2) 11-бапта:
тақырыбындағы "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірiншi абзацтағы "Жергілiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "ерекше" деген сөздiң алдынан "жергiлiктi маңызы бар" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзац алып тасталсын;
алтыншы абзацта "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірiншi абзацтағы "Жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде орналасқан" деген сөздер "жергiлiктi маңызы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы "жергiлiктi өкiлдi органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы
шешiмдер қабылдау
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмдердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмдердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның келісімi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiм қабылдау үшiн табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындылары болуы қажет.";
4) 35-баптың 2-тармағындағы "жергілiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 37-баптың бірiншi абзацындағы "уәкiлеттi" деген сөздiң алдынан "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 46-1-баптағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 73-бапта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"бюджет қаражатының;";
үшiншi және төртiншi абзацтар алып тасталсын;
8) 74 және 75-баптар алып тасталсын;
9) 81-бапта:
1-тармақта:
бірiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзыретi шегiнде мыналар жүзеге асырады:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган;";
үшiншi абзац "жергiлiктi" деген сөздiң алдынан "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдар" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "қоршаған ортаны қорғау туралы" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
57. "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 21, 276-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 21-22, 281-құжат):
1) 20-бап алып тасталсын;
2) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Сот сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру
Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргiзудi қаржыландыру, Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Сот сараптамасы органдарында сот сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген, соттың дәлелденген анықтамасымен расталған негiздер болған жағдайларды қоспағанда, азаматтық iстер бойынша - тараптар есебiнен жүзеге асырылады.
Азаматтық iстер бойынша сараптамаларды және мамандандырылған зерттеулердi жүргiзу кезiнде, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн бағдарламаларға енбейтiн ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер жүргiзу кезiнде сот сараптамасы органы шеккен шығыстарды өтеу бөлiгiнде сот сараптамасы органы алған сомалар сот сараптамасы органдарының шоттарына сот сарапшыларын кәсiптiк даярлауға және олардың біліктілігiн арттыруға, сондай-ақ сот-сараптама қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жетiлдiруге аударылады.";
3) 23-бап алып тасталсын;
4) 24-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
58. "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағындағы "республикалық бюджет қаражатынан" деген сөздер "бюджет қаражатынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегі "Адвокаттар лицензияларының мемлекеттік тiзiлiмi" деген сөздер "Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын.
59. "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 341-құжат; 2001 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 285-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 6, 76-құжат):
1) 29-бап алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
"4-1-тарау. Оралмандарға берiлетiн жеңiлдiктер, өтемақылар
және атаулы көмектiң басқа да түрлерi
29-2-бап. Орталық мемлекеттік басқару органдары
Халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн орталық мемлекеттік органдар оралмандарға:
1) халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган:
Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес зейнетақы төлеудi;
"Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеудi;
"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеудi;
азаматтығы қалпына келтiрiлгендердiң "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өтемақыға құқықтарын iске асыруды;
2) білім беру саласындағы уәкiлеттi орган:
орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшерде квота бөлудi;
3) Сыртқы iстер министрлігі:
Қазақстан Республикасына келуге виза беру үшiн консулдық алымдардан босатуды;
4) Қорғаныс министрлігі:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қарулы Күштер қатарында қызмет атқаруға шақыруды кейiнге қалдыруды қамтамасыз етедi.
29-3-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
1. Халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн жергiлiктi атқарушы органдар:
1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуды;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудi;
жұмысқа орналасуда, біліктілігiн арттыруда және жаңа мамандықты игеруде көмек көрсетудi;
мұқтаж болғандарға мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау мекемелерiнен орын берудi;
мемлекеттік тiлдi және орыс тілін оқып-үйренуге жағдай жасауды қамтамасыз етедi.
2. Жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына оралмандардың көшiп келу квотасынан тыс көшiп келген оралмандарға жеңiлдiктер мен өтемақылар белгiлеуге құқылы.
3. Оралмандарға жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақша өсiру және саяжай салу үшiн жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес ауылдық елдi мекендердiң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерiнен, көшiп келушiлер жер қорынан, арнаулы жер қорынан және жер запасынан уақытша қайтарымсыз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
29-4-бап. Көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандарға
қосымша жеңiлдiктер
Көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандарға жоғарыда аталған жеңiлдiктер мен өтемақылардан басқа мемлекет атынан:
1) кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган:
шекарадан кеден төлемдерiн және салықтар алмай өткізудi;
2) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган:
тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөніндегі шығыстарды өтеудi;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлудi және біржолғы жәрдемақылар төлеудi қамтамасыз етедi.".
60. "Энергия үнемдеу туралы" 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 343-құжат):
1) 6-баптың үшiншi, төртiншi, жетiншi және тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;
2) 7-бапта:
үшiншi абзацтағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"энергия үнемдеу бағдарламаларын әзiрлейдi;";
мынадай мазмұндағы сегiзiншi және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"энергия үнемдеудiң және жаңғыртылатын энергетикалық ресурстарды пайдалануды ынталандырудың нормативтiк-әдiстемелiк, құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;
энергия үнемдеу саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастырады.";
3) 8-бапта:
тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдарының энергия үнемдеу саласындағы құзыретi
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiк шегiнде энергия үнемдеу бағдарламаларын бекiтедi;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының энергия үнемдеу бағдарламаларының орындалуы туралы есептерiн қарайды.";
2-тармақта:
бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:";
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"энергия үнемдеу бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз етедi;";
үшiншi абзац алып тасталсын;
4) 9-баптағы "мемлекеттік" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 13-баптағы "мемлекеттік бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 18-бап алып тасталсын.
61. "Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы" 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат):
1) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және себептiк байланысын анықтау тәртібін белгiлейді.";
2-тармақтың бірiншi абзацындағы "Атом энергиясы жөніндегі өкiлеттi орган" деген сөздер "Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Мемлекеттік органдардың радиациялық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету жөніндегі өкiлеттiгi
Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның өкiлеттiгiне мыналар жатады:
1) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
2) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен ережелердi әзiрлеу және бекіту, олардың сақталуын бақылау;
3) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;
4) иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу саласындағы лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн белгiлеу;
5) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, соның iшiнде халықтың сәуле алу дозаларын бақылау мен есепке алу саласындағы мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
6) ядролық материалдардың және басқа да иондаушы сәулелендiру көздерiнiң экспортын, импортын, орын ауыстыруын, транзитін және орналастырылуын жүзеге асыруды бақылау;
7) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелердi орындауды жүзеге асыру.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның өкiлеттiгiне мыналар жатады:
1) иондаушы сәулелендiру көздерiнен зардап шеккен халықты медициналық сауықтыру саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;
2) радиациялық авариялар салдарынан радиоактивтi ластануға ұшыраған аумақтарда тiршiлiк ету жағдайлары мен оларда тұрудың ерекше режимдерiн регламенттеу;
3) сәулеленуге ұшыраған халыққа көмек көрсетiлуiн бақылау.";
3) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк бақылауды орындау тәртібі әрбір ұйым үшiн ол орындайтын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайлары ескерiле отырып белгiленедi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісіледi және оны атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi.";
4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Радиациялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн бағалауға
қойылатын талаптар
1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында жоспарлау және шешiмдер қабылдау, мемлекеттік органдардың, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын ұйымдардың аталған шешiмдердiң тиiмдiлігіне талдау жасауы кезiнде радиациялық қауiпсiздiк саласында белгiленген ережелер мен гигиеналық нормативтердi сақтау мақсатында радиациялық қауiпсiздiктi бағалау жүргiзiледi.
2. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган мыналардың негiзiнде:
1) қоршаған ортаның радиоактивтi ластану сипаттамасы;
2) радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі iс-шаралардың қамтамасыз етiлуiне және радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалардың, ережелер мен гигиеналық нормативтердiң орындалуына талдау жасау;
3) радиациялық авариялардың ықтималдылығы мен олардың ауқымы;
4) радиациялық авариялар мен олардың салдарларын "тиiмдi түрде жоюға әзiрлiк дәрежесi;
5) халықтың жекелеген топтарының барлық иондаушы сәулелендiру көздерiнен алатын сәулелену дозаларына талдау жасау;
6) сәулелену мөлшерiнiң белгiленген шегiнен асып түсетiн мөлшерде сәуле алған адамдарды саны негiзiнде жүзеге асырады.
3. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалау нәтижелерiн атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган талдайды және бекiтедi.";
5) 16-баптың төртiншi абзацындағы "жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарымен" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 17-баптың екiншi абзацындағы "жергiлiктi мемлекеттік басқару" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын.
62. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 7-8, 79-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228, 229-құжаттар; 2002 ж., № 6, 75-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат):
1) 3-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының астанасын басқару схемасын жергiлiктi мемлекеттік басқарудың үлгi құрылымына сәйкес бекiтедi.";
2) 4-тармақта:
бірiншi абзацтағы "атқарушы органдары" деген сөздер "атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тiзбеге" деген сөздер "жер туралы заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "Yкіметі бекiткен тәртiпке" деген сөздер "жер туралы заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша алып тасталсын.
63. "Жосықсыз бәсеке туралы" 1998 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 9-10, 84-құжат; 2000 ж., № 21, 397-құжат):
1) 1-баптың сегiзiншi абзацындағы "уәкiлеттi орган" деген сөздер "монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық
атқарушы органның құзыретi";
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган:
1) шекарасы бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегiнен шығатын белгілi бір тауар рыноктарындағы жосықсыз бәсеке туралы iстердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы шешiмдер қабылдауға, кiнәлi тұлғаларға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын iс әрекеттердi тоқтату туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар жiберуге;
2) жосықсыз бәсекенi тоқтату және оның салдарларын жою туралы, сондай-ақ жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған кiрiстi бюджетке аудару туралы рынок субъектiлерiнiң орындауы мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
3) заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, олардың лауазымды адамдарынан жосықсыз бәсеке фактілерін қарау үшiн қажеттi ақпарат, оның iшiнде жазбаша және ауызша түсiнiктемелер сұратуға және алуға;
4) мемлекеттік органдарға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын заңсыз актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгізуге;
5) жосықсыз бәсекенiң жолын кесу және оның салдарларын жою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде алынған кiрiстi республикалық бюджетке алып қою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде жеке кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ тұтынушыларға келтiрiлген залалды өндiрiп алу туралы, өнiмдi контрафактілік деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгiнуге;
6) жосықсыз бәсеке фактілері жөніндегі қылмыстардың белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге;
7) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органынан қажеттi ақпаратты сұратуға және оның ұсынылатын мерзiмiн белгiлеуге құқылы.";
3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1-бап. Монополияға қарсы саясат саласындағы облыстық
(республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы
органның құзыретi
Монополияға қарсы саясат саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган:
1) осы бапта аталғандарды қоспағанда, шекарасы бір облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) аспайтын белгiлi бір тауар рыноктарындағы жосықсыз бәсеке туралы iстердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қарауға және өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы шешiмдер қабылдауға, кiнәлi тұлғаларға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын iс-әрекеттердi тоқтату туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар жiберуге;
2) жосықсыз бәсекенi тоқтату және оның салдарларын жою туралы, сондай-ақ жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған кiрiстi жергiлiктi бюджетке аудару туралы рынок субъектiлерiнiң орындауы мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
3) заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, олардың лауазымды адамдарынан жосықсыз бәсеке фактілерін қарауға қажеттi ақпарат, оның iшiнде жазбаша және ауызша түсiнiктемелер сұратуға және алуға;
4) мемлекеттік органдарға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын заңсыз актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгізуге;
5) жосықсыз бәсекенiң жолын кесу және оның салдарларын жою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде алынған кiрiстi жергiлiктi бюджетке алып қою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде жеке кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ тұтынушыларға келтiрiлген залалды өндiрiп алу туралы, өнiмдi контрафактілік деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгiнуге;
6) жосықсыз бәсеке фактілері жөніндегі қылмыстардың белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге құқылы.".
64. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 173-құжат; 2000 ж., № 5, 115-құжат; 2004 ж., № 14, 84-құжат):
1) 8-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "салық" деген сөз "қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 14-баптың бірiншi абзацындағы "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың", "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар" деген сөздер тиiсiнше "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының", "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 25-баптағы "республикалық бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын.
65. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1998 ж., № 14, 200-құжат; № 22, 308-құжат; № 24, 443-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173, 176-құжаттар, № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 14, 84-құжат):