48) 87-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жұмыс берушi әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі өзiнің мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіпте жауаптылықта болады.";
49) 92-баптың 2-тармағы "ұжымдық шарттарда" деген сөздерден кейiн "немесе жұмыс берушiнiң актілерінде" деген сөздермен толықтырылсын;
50) 96-баптың 1-тармағының бiрiншi сөйлеміндегі "мерзiмi" деген сөзден кейiн ", осы Заңның 94-6абының 1-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;
51) 103-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жұмыс берушi мен қызметкердiң осы Заңды және еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтiк құқықтық актілерді сақтауын тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асыру.";
52) 109-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"109-бап. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы
бұзылғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
Астана, 2004 жылғы желтоқсанның 23-і. № 20-III ҚРЗ