Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 1299 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
10 "Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" деген функционалдық топта:
212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген әкiмшi бойынша:
029 "Ауыз сумен жабдықтау объектілерiн салу және қайта жаңарту" деген бағдарламада:
100 "Ауылдық елдi мекендердi ауыз сумен жабдықтау объектілерiн салу және қайта жаңарту, соның iшiнде инвестициялық жобаларға" деген кiшi бағдарламада:
"Алматы облысы Жамбыл ауданы Аққайнар кентiнде су құбыры желiлерi мен құрылыстарын қайта жаңарту" деген жолдағы "160640" деген сандар "120000" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ертіс селосының су алу скважиналары, көркейту, су құбыры желiлерi" деген жолдағы "52680" деген сандар "37700" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Түгiскен ауылының су құбыры желiлерiн қайта жаңарту 30620";
"Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қарағаш ауылының су құбыры желiлерiн қайта жаңарту 25000".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д. Ахметов |