Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 197ае қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 420-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны реттiк нөмiрi 4-жол мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) Қазақстан Республикасының Президентi Резиденциясының шағын типографиясы үшiн есептеу жабдығы - 1 жиынтық; көшiру-көбейту жабдығы - 1 жиынтық; диктостанция - 1 жиынтық;";
2) көрсетiлген қаулыға 425-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны "байланыс құралдарын" деген сөздерден кейiн ", 1 бiрлiк - репитер; 1 бiрлік - компьютер; 1 бiрлiк принтер; 1 бiрлiк - көшiру-көбейту аппаратын" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |