Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 тамыздағы
№ 897 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1256 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.22.08. № 797 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 тамыздағы № 897 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 30, 418-құжат) мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Білім
Жақсыбек Әбдiрахметұлы және ғылым министрi, төраға
Аманшаев - Қазақстан Республикасының
Ермек Әмiрханұлы Мәдениет, ақпарат және спорт вице-
министрi, төрағаның орынбасары
Қадiров - Қазақстан Республикасы Білім және
Данияр Рамазанұлы ғылым министрлігінiң Жастар саясаты
департаментi директорының мiндетiн
атқарушы, хатшы
көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Қасейiнов Дүйсен Қорабайұлы, Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Дияров Дәурен Кеңесұлы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |