Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 197ю Қаулысы
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының 7-қосымшасында:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
"Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда:
2) тармақшада:
"4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
"радиотрансляциялық желілерді қорғау құрылғысы - 1 бірлік" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"шредер - 1 бірлік
шағын АТС - цифрлық - 1 бірлік";
2) көрсетілген қаулының 8-қосымшасында:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда:
2) тармақшада "бағдарламалық қамтамасыз ету - 50 бірлік" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"шағын АТС - ұқсас - 1 жиынтық".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |