Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы
№ 715 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1082 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 маусымдағы № 715 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 26, 137-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарында:
"1. Ұйымдастыру iс-шаралары" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 1.4-жолда:
"Ic-шаралар" деген бағандағы ", инженерлiк желiлер мен коммуникацияларды" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қаржыландыру көзi" деген бағандағы "Жергiлiктi бюджет" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 1.5-жолдағы, "Қаржыландыру көзi" деген бағандағы "Жергiлiктi бюджет" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 1.13-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 1.15-жолмен толықтырылсын:
"1.15. Инженерлiк Жоба- Облыс- Тұрақты Тапсы- Жергi-
желiлер мен лау- тардың, рысшының лiктi
коммуникация- смета- Астана қаражаты бюджет
ларды салуға лық және
қажеттi жоба- құжат- Алматы
лау-сметалық тама қалала-
құжаттаманы рының
әзiрлеу, са- әкiмдерi
раптама жүргiзу
және бекіту
"2. Ипотекалық кредит беру жүйесін жетілдіру" деген бөлімде:
реттік нөмірі 2.2-жолда:
"Орындау мерзімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2004 жылғы ІV тоқсан";
реттік нөмірі 2.6-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |