Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 164
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1079 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғанысының, қауiпсiздiгiнiң және құқық тәртібін қорғаудың мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн дайындау мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 164 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 53-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртібін қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы";
кiрiспеде:
"1999 жылғы 18 мамырдағы" деген сөздер "2004 жылғы 5 шiлдедегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысын" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақта "қорғанысының, қауiпсiздiгiнiң және құқық тәртібін қорғаудың" деген сөздер "қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртібін қорғау органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын, "желілерiн" деген сөзден кейiн ", бiртұтас телекоммуникациялар желілерiнiң ресурстарын" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғанысының, қауiпсiздiгiнiң және құқық тәртібін қорғаудың мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн дайындау мен пайдаланудың ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртібін қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесi";
барлық мәтiн бойынша "ұлттық оператордың", "ұлттық байланыс операторы" және "ұлттық оператор" деген сөздер "қалааралық және халықаралық байланыс операторының", "қалааралық және халықаралық байланыс операторы" және "қалааралық және халықаралық байланыс операторы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бейбiт уақытта, төтенше жағдайлар туындаған кезде, айрықша маңызды жұмыстар мен iс-шаралар жүргiзген кезде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртібін қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн (бұдан әрi - ЖПТЖ), бiртұтас телекоммуникациялар желілерiнiң ресурстарын (бұдан әрi - БТЖ) дайындау мен пайдаланудың тәртібін;";
2-тармақта:
алтыншы және жетiншi абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртібін қорғау органдарының мұқтаждары үшiн бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстары - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртібін қорғау органдарына байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған телекоммуникациялар желiлерiнiң (нумерация ресурсының) жиынтығы;";
3-тармақта:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi," деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3 және 4-тақырыптарда:
"ЖПТЖ-ны" деген аббревиатурадан кейiн ", БТЖ-ны" деген аббревиатурамен толықтырылсын;
"қорғаудың" деген сөз "қорғау органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | | Д. Ахметов |