Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1032
Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мұқтаж азаматтарға олардың бiлім алу кезеңiнде берiлетiн әлеуметтік көмектiң мөлшерлерi мен көздерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 23, 261-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мұқтаж азаматтарға олардың білiм алуы кезеңiнде берілетін әлеуметтік көмектiң мөлшерлерi мен көздерi туралы нұсқаулықта:
2-тармақтың үшiншi абзацындағы "бала кезiнен мүгедек балаларды" деген сөздерден кейiн ", мүгедек балаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақ "бала кезiнен мүгедек балаларды" деген сөздерден кейiн ", мүгедек балаларды" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д.К. Ахметов |