"4408 31 - осы топтың қосалқы позициясына 10 |
4408 39 1-ескертуде көрсетілген желімделген фанер немесе басқа да соған ұқсас қабатты сүрек үшiн қаптауға арналған табақтар (қабатты сүректi бөлуден алынғандарды қоса алғанда) және ұзыннан арамен кесілген, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, жылтыратылған немесе жылтыратылмаған, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын тропикалық тұқымдас сүректен жасалған өзге ағаш материалдары " |
деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"4409 10 пiшiнделген ұзын тақтай түрiндегi (иректелген, қиысқан жiктерi бар, шпунтталған, шеттерi ойылған, жартылай шеңберлi калевкалар түріндегі, қосылысы бар, (фасонды, дөңгеленген немесе соған ұқсас) кез келген жиек, ұштарындағы немесе тегістіктегі, сүргіленген немесе сүргіленбеген, жылтыратылған немесе жылтыратылмаған, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған қылқан жапырақты кесу материалдары (едендi паркетпен жабуға арналған, жиналмаған тақтайшаларды және фриздердi қоса алғанда) "; |
"4811 49 гуммирленген немесе жабысқақ қағаз 0 бен картон, өзгелерi " |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"4811 59 000 0-ден шырындар құятын тетрақағаз 0***"; |
"8701 тракторлар (8709-тауар 5 позициясының тракторларынан басқа) мыналардан басқа: " |
деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"8701 20 101 отыратын арбалар, жаңа 0*** |
8701 20 901 отыратын арбалар, бұрын пайдалануда 0*** болған "; |
"8716 39 300 жаңа жартылай тiркемелер 0 " |
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"8716 39 800 бұрын пайдаланылған, жүктердi 0*** тасымалдауға арналған тiркемелер және жартылай тiркемелер "; |
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"***кеден бажының ставкалары 2005 жылғы 1 маусымға дейiн қолданылады".
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразиялық экономикалық қауымдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабарласын.
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап отыз күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |