"Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 1 қазандағы
№ 292-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi (келісім бойынша) екi ай мерзiмде "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн.
Премьер-Министр | | | | | | Д.К. Ахметов |