Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 197т қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 123-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
реттiк нөмiрi 2-жолдың 5-бағаны 2-тармағының 2.2.1-тармақшасы "; тұрақты электр жарығын орнату және Қарағанды - Астана жолын жайғастыру (Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінiң 2004 жылғы 7 шілдедегi № 85 және 86 бұйрықтары)" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмiрi 4-жолдың 5-бағаны 2-тармағының 2.2.1-тармақшасы ", тұрақты электр жарығын орнатуға және Қарағанды - Астана жолын жайғастыруға байланысты салықтарды төлеу" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д.К. Ахметов |