Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 996 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердi айқындау туралы» Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 3 шiлдедегi № 1006 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсін:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердiң тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 11-жолмен толықтырылсын:
«11. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi» республикалық мемлекеттік кәсiпорны».
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі осы қаулыны iске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |