Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 901 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 10 жол мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қазақстан азаматтық және қызметтiк атыс
Республикасының Iшкi қаруды және оның патрондарын, суық
iстер министрлігі қаруды, азаматтық пиротехникалық
заттар мен олар қолданылатын
бұйымдарды, сондай-ақ химиялық
өзiн өзі қорғау құралдарын әзiрлеу,
өндiру, жөндеу, сату, сатып алу,
коллекциялау, экспонатқа қою;
мемлекеттік емес субъектiлердiң
iз кесуге (детективтiк) байланысты
заң қызметiн көрсетуi;
жол қозғалысын реттеудiң
техникалық құралдарын орнату,
монтаждау, жөндеу және пайдалану;
заңды және жеке тұлғалардың күзет
қызметiн жүзеге асыруы, күзет
дабылдары құралдарын монтаждау,
реттеу және оларға техникалық
қызмет көрсету";
көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
"I. Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi" деген бөлiмдегі:
3-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | | Д. Ахметов |