1) жабдықтарды түрлі өндіруші фирмалардың СЦИ аппаратураларының;
2) бастапқы желісін қоса алғанда, түрлі операторлар желілерінің, жабдықталған СП СЦИ, ҚР ОПТЖ өзара;
3) Қазақстан Республикасы ОПТЖ ҚХБОТЖ-ның басқа мемлекеттердің телекоммуникация желілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуі тиіс.
39. ҚХБОТЖ ТЖ СЦИ тарату желілерінің аппаратурасы өзіне тарату желісінің жай-күйін автоматтандырылған бақылау құрылғысын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес тиісті ауыстырып қосу құрылғыларын қамтуы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес автоматтандырылған техникалық пайдалану жүйесімен ілесуі тиіс.
40. ҚХБОТЖ тарату жүйесінің аппаратурасы байланыс аппаратурасына қойылатын, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың қолданыстағы ережелерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін, арнайы әсер ету бойынша климаттық және механикалық талаптарды қоса алғанда, көпшілік қабылдаған талаптарға жауап беруі тиіс.
41. ҚХБОТЖ АХТС және ХКО коммутация жүйесінің жабдықтары электронды цифрлық жүйеде болуы тиіс және мыналарды:
1) басым шақыруларға артықшылықпен қызмет көрсетуді;
2) айналмалы желілерде қосылыстарды орнатуды;
3) жедел басқаруды енгізуді;
4) жүктеме ағындарын басқаруды енгізуді;
5) статистика деректерін басқару орталығына шығару мүмкіндігін;
6) деректерді өзара есеп айырысуларды жүргізу үшін шығару мүмкіндігін;
7) түрлі пайдаланушыларды жедел қосу үшін коммутациялық алаңның сыйымдылығын арттыру мүмкіндігін;
8) регламенттейтін құжаттардың талаптарына сәйкес нөмірдегі таңба санын талдау мүмкіндігін;
9) толық қолжетімді желі будасын (ЖЖ) құруды;
10) түрлі сигнал беру жүйелерін пайдалануды, оның ішінде жалпы сигнал беру арналарын (ЖСА № 7);
11) пайдаланушыларға қосымша қызметтер көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
42. Коммутация жүйесінің жабдықтары қосылыстардың мынадай түрлеріне:
1) кіру және шығу желілері мен арналарының арасындағы транзиттік байланысқа;
2) автоматты шығу мен кіру және жергілікті жартылай автоматты (ОПТЖ-ға шығу), байланыстың осы түрін жүзеге асыруға құқығы бар абоненттер үшін қалааралық және халықаралық байланысқа;
3) жартылай тұрақты коммутацияға қызмет көрсетуді қамтамасыз етулері керек.
43. Коммутация жүйелерінің цифрлық жабдықтары талап етілетін қызмет көрсету сапасы мен қызмет ету сипаттамалары көрсеткіштерін:
1) қосылысты орнату уақытын;
2) абоненттен абонентке дейін қосылысты орнату кезіндегі (шақырылатын абоненттің бос еместігін ескермей) шығынды;
3) қате; өткізгіштік қабілет, өнімділікті коэффициентін қамтамасыз етулері тиіс.
Коммутация жүйелерінің цифрлық жабдықтарын бағдарламалық қамтамасыз ету модульдік-иерархиялық қағидат бойынша құрылуы тиіс.
44. ҚХБОТЖ коммутация жүйелерінің жабдықтары жедел-іздестіру іс-шараларын (ЖІШҚ) қамтамасыз ету бойынша бағдарламалық және аппараттық құралдарға ие болуы тиіс.
ҚХБОТЖ коммутация жүйелері жабдықтарының бағдарламалық және аппараттық құралдары қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі қажет.
45. Цифрлық коммутация жүйелерінде станцияға (операторларға) қызмет көрсететін қызметкерге станциялармен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін пайдалану және техникалық қызмет көрсетудің шағын жүйелері болуы тиіс. Пайдалану функциялары коммутация жүйелерінің қалыпты жұмыс істеу жағдайларына есептелуі тиіс. Бұл функциялар:
1) қосылыстың ұзақтығын есептеуді;
2) трафикті бағыттауды;
3) жұмыс істеу жүктемесі мен сапасын өлшеуді;
4) түкпірдегі қондырғыларды жүйелеуді;
5) станцияны басқаруды қамтамасыз етуі тиіс.
46. Коммутация жабдықтары станцияның мәжбүрлі иерархиялық синхрондау тәсілін қолданатын синхронды цифрлық желідегі жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Коммутация жабдықтарында мынадай синхрондау қондырғылары болуы тиіс:
1) ИКМ шығу қосылысы арқылы синхрондау;
2) сыртқы эталондық сигналдан синхрондау.
47. Желінің жоғары деңгейінде қолданылатын коммутация жабдықтары ХЭО-Т ұсынымдарының талаптарына сәйкес келетін бастапқы эталондық генераторға (БЭГ) қосылуы тиіс.
48. Сигнал беру және синхрондау жүйелерінің техникалық параметрлері қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
49. ҚХБОТЖ операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
50. ҚХБОТЖ-ды дамыту мынадай:
1) желінің сандық және сапалық өсуі;
2) көліктік телекоммуникация желілері мен АХТС және XКO коммутация жүйелерін дамытудағы теңсіздіктерді жою (елдің экономикалық өңірлері бойынша);
3) түрлі пайдаланушыларға ұсынылатын қызметтердің номенклатурасын кеңейту;
4) көліктік телекоммуникация желілері мен XКO және АХТС коммутация жабдықтарын толықтай цифрландыру;
5) желіні басқару мен оған қызмет көрсетуді оңтайлы жоспарлау, автоматтандыру әдістерін енгізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
51. ҚХБОТЖ барлық тұтынушылардың телекоммуникациялық қызметтерімен толық, жедел және сенімді қанағаттандыру үшін қажетті түрлі хабарлама түрлерінің ұлғайған ағындарын таратуды қамтамасыз етуді ескеріп дамуы тиіс. Желіні дамыту ҚХБОТЖ құрамындағы барлық құрамдауыштардың тең түрде даму қағидаттарымен жүзеге асуы тиіс.
52. ҚР ОПТЖ ҚХБОТЖ дамыту сымдық құралдарды да (негізінен оптикалық кәбілдер бойынша), сондай-ақ радиоқұралдарды, оның ішінде контейнерлік орындауда, оларды төтенше жағдайдағы аудандарға жіберу мүмкіндігімен кешенді пайдалану негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
53. ҚХБОТЖ құрамында жаңа көліктік телекоммуникация желілерінің тарату арналары мен трактілерін ұйымдастыру үшін тарату жүйелерінің қазіргі заманғы жабдықтарын - SDH, ATM және басқа цифрлық технологиялар қолданылуы тиіс.
54. ҚХБОТЖ құрылысын салу, қайта жаңарту және пайдалану Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы ережелер мен техникалық нормалар бойынша жүргізілуі тиіс.
55. Бастапқы желінің сапалық көрсеткіштеріне қойылатын талаптар:
1) цифрлық бастапқы желінің цифрлық арналары мен топтық трактілерінің электрлік тоғысуы қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс, ал бастапқы цифрлық желі арқылы n-64 кбит/с түріндегі сигналды таратқан кезде нормативтік құжаттардың талаптарына;
2) SDH цифрлық топтық трактілердің оптикалық тоғысуы нормативтік құжаттардың талаптарына;
3) цифрлық арналар мен топтық трактілердің сапалық көрсеткіштері қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес мынадай нормаларға:
негізгі цифрлық арна үшін қате көрсеткіштері бойынша;
басқа цифрлық арналар мен топтық трактілер үшін қате көрсеткіштері бойынша;
фазалық діріл бойынша жауап беруі тиіс.
Цифрлық РРЖ (тікелей көрінетін) негізінде ұйымдастырылған арналар мен трактілердің сапалық көрсеткіштері нормативтік құжаттардың талаптарына;
4) цифрлық желі тактілік жиілік бойынша синхрондануы тиіс цифрлық желілері объектілерінің тактілік желілік синхрондау жүйесінің тоғысуы Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының талаптарына;
5) аналогтық тарату жүйелерінде ұйымдастырылған тарату арналары мен топтық трактілердің электрлік параметрлері қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына;
6) ЦТЖ-да ұйымдастырылған тарату арналары мен ЦТЖ мен АТЖ ұйымдастырылған тарату арналарынан тұратын аралас арналардың электрлік параметрлеріне арналған нормалар байланыс саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық актілерге сәйкес келуі тиіс.