Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 197р қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 228-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
"Дәрiлiк құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының" деген сөздерден кейiн ", Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |