Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260
және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулыларына өзгерiс пен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 19 тамыздағы № 870 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
02 "Қорғаныс" деген функционалдық топта:
678 "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы" деген әкiмшi бойынша:
002 "Республикалық ұлан объектiлерiнiң құрылысын салу" деген бағдарламада:
"Астана қаласында Республикалық ұлан кешендi ғимаратын салу (II кезек)" деген жолдағы "176500" деген сандар "155020" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"10 бiрлiкке арналған жауынгерлiк техника
үшiн тұтас металл боксының құрылысын салу 21480";
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 413-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 4-жолда:
"Автомобильдiк техникаларға арналған қосалқы бөлшектердi, агрегаттар мен басқа да заттарды сатып алу." деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Әскери мақсаттағы арнайы жарақтар сатып алу - 25 жиынтық";
" - қару-жарақ, суық қару және оларға арналған қосалқы бөлшектер - 3726 дана;" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
" - биокомпьютерлiк кешен - 1 жиынтық;";
көрсетiлген қаулыға 414-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. 10 бiрлiкке арналған жауынгерлiк техника үшiн тұтас металл боксының құрылысын салу.";
7-тармақ "жобасындағы жатақхана" деген сөздерден кейiн "және жауынгерлiк техника үшiн тұтас металл боксының" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |