"Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтіру қаупiмен байланысты
объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi
сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру
шаралары туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 19 тамыздағы № 234-ө Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi екi ай мерзiмде "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердi мемлекеттік тiзiлiмде тiркеу тәртібiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметіне қарауға енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы мен өзге де мемлекеттік органдары (келісiм бойынша) екi ай мерзiмде "Қызметі үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупімен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметін хабардар етсiн.
Премьер-Министр | | | | | | | Д.К. Ахметов |