Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы
4 желтоқсандағы № 192-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы
18 тамыздағы № 230-ө Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 192-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 20-жолда, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімімен реттелуге жататын қатынастар" деген бағандағы 3) тармақша алынып тасталсын.
Премьер-Министр | | | | | | | | Д.К. Ахметов |