Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 тамыздағы № 843
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 12 тамыздағы № 848 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003-2005 жылдардағы кезеңде Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын (I саты) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 тамыздағы № 843 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 34, 345-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтілген 2003-2005 жылдардағы кезеңде Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегi іс-шаралар жоспарында (I саты):
реттiк нөмiрi 4-жолдың 5-бағанындағы "2004 ж., ақпан" деген сөздер "2004 ж., желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 6-жолда:
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"ЖРБА, ЭMPM, ИСМ, ККM, Қоршағанортаминi, АШМ, Әдiлетминi";
5-бағандағы "2004 ж., наурыз" деген сөздер "2005 ж., наурыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегi мәтiнiнде 9-тармақтың 5-бағаны өзгерiссіз қалады;
реттік нөмірi 13-жолда:
5-бағандағы "жыл сайын, қараша" деген сөздер "2004 ж., қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағандағы "Республикалық бюджеттік комиссия анықтайтын болады" деген сөздер "500 000" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 15-жолдың 5-бағанындағы "2004 ж., қазан" деген сөздер "2005 ж., қазан" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 27-жолдың 6-бағанындағы "Республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражат мөлшерiн РБК анықтайтын болады" деген сөздер "Iске асыруға арналған қаражат Қазақстан Республикасында автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберiнде көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 29-жолда:
5-бағандағы "жыл сайын, қараша" деген сөздер "2004 ж., қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағандағы "Республикалық бюджеттік комиссия анықтайтын болады" деген сөздер "Iске асыруға арналған қаражат Елдiң минералдық-шикізаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 33-жолдың 5-бағанындағы "жыл сайын, қараша" деген сөздер "2005 ж., қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 34-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Көмiрсутегi кен орындарын игерудiң геодинамикалық қауiпсiздiгi бағдарламасын әзiрлеу және геодинамикалық мониторинг жүйесiн құру";
5-бағандағы "2003 ж., қараша" деген сөздер "2005 жылдың 2-тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 35-жолда:
5-бағандағы "2004 ж., қараша, 2005 ж., қараша" деген сөздер "2004 ж., желтоқсан, 2005 ж., желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағандағы "ҚОҚМ-нiң гидрометеорологиялық мониторингке арналған шығыстар шеңберінде РБК анықтайтын болады" деген сөздер "2004 ж. - 33694, 2005 ж. - жыл сайынғы көлем тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 36-жолда:
5-бағандағы "жыл сайын, қазан" деген сөздер "жыл сайын, желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағандағы "Республикалық бюджеттік комиссия анықтайтын болады" деген сөздер "2004 ж. - 335194, 2005 ж. - жыл сайынғы көлем тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 38-жолдың а) тармақшасының 5-бағанындағы "2003 ж., қараша" деген сөздер "2005 ж., желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы