"9.3. Бюджет саясаты" деген кiшi бөлiмде:
реттiк нөмiрi 9.3.1-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарын жыл сайын әзiрлеудi қамтамасыз ету";
реттiк нөмiрi 9.3.3-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу";
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2005 жылғы I тоқсан";
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 9.3.10-жолмен толықтырылсын:
"9.3.10. Қазақстан Қазақстан МСА 2004 жылғы
Республикасының Республикасының IV тоқсан
мемлекеттік Үкіметі
сатып алу қаулысының
жүйесін жобасы
дамытудың
2005-2007
жылдарға
арналған
бағдарламасын
әзiрлеу ";
"10. Мемлекеттiң қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, құқықтық тәртiптi нығайту және қылмысқа қарсы күрес" деген бөлiм:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 10.18-жолмен толықтырылсын:
"10.18 Табиғи және Қазақстан ТЖА 2004 жылғы
техногендік Республикасының IV тоқсан
сипаттағы Президенті
төтенше жағдай- Жарлығының
лардың алдын жобасы
алу және оларды
жою жөнiндегі
2005-2010
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламаны
әзірлеу ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |