Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 197л
қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2004 жылға республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 200-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
"16" деген сандар "9" деген санмен ауыстырылсын;
"электроплита - 16 дана," деген сөздерден кейiн "электрлiк таба - 1 дана, қуырғыш шкаф - 2 дана, ет турағыш - 1 дана, өндiрiстiк бұзу столы - 4 дана," деген сөздермен толықтырылсын;
"Компьютерлер - 26 дана," деген сөздерден кейiн "компьютерлiк столдар - 22 дана," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |