Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 каулыларына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 21 маусымдағы № 684-1 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобы бойынша:
226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша:
016 "Денсаулық сақтау объектілерiн салу және қайта жаңарту" бағдарламасында:
"Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң 240 төсекке арналған Балалар денсаулығы ғылыми
орталығын салу 47000
Астана қаласында 350 төсек ауысымда әйелдер консультациясы
бар 250 орынға арналған перинаталдық орталығын салу 700000"
деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана қаласында 500 төсектiк Ана мен бала республикалық
ғылыми орталығының құрылысын салуға 747000";
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 235-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
5-бағанда "Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң 240 төсектік Балалар денсаулығы ғылыми орталығы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрлеу және мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткізу; заңнамада белгіленген тәртiппен бекiтілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Астана қаласында әйелдер консультациясы бар бiр ауысымда 250 адам қабылдайтын 350 төсектiк перинаталдық орталықтың, Сот медицинасы орталығы Павлодар филиалының мәйiтхана ғимаратын" деген сөздер "заңнамада белгіленген тәртiппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Астана қаласында 500 төсектiк Ана мен бала республикалық ғылыми орталығы, Сот медицинасы орталығы Павлодар филиалының мәйiтхана ғимараты жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрлеу, оны мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткізу және" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: мемлекеттік ведомстводан тыс жобалық сараптамадан өткен және заңнамада белгiленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама, бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Астана қаласында 500 төсектік Ана мен бала республикалық ғылыми орталығының құрылысы жөнiндегі жұмыстардың көлемi; Сот медицинасы орталығының Павлодар филиалы мәйiтханасының ғимаратын пайдалануға беру.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |