Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 8 шiлдедегi № 668 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 шілдедегі № 742 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Кедендiк баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелiнетін және кедендік баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетiлетiн тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 8 шiлдедегi № 668 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 28, 276-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендiк баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелiнетiн және кедендік баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетілетiн тауарлардың тiзбесi:
мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
«21. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган пайдалануға құқық берген авиабағыттар бойынша ұшуға арналған азаматтық әуе кемелері».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |