Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 9 наурыздағы № 287 қаулысына
толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
1 шілдедегі № 725 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2003-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 наурыздағы № 287 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 12, 158-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын iске асыру бойынша 2003-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
реттiк нөмiрi 3.1.4-жолда 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"ИСМ, ЭБЖМ, AШM, ҰБ (келісім бойынша), ҚарМ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |