21. Төлеушiнің Қорға артық (қате) аударылған әлеуметтiк аударымдарын және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банктің кiнәсiнен артық (шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлейтін банктiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi.
Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
22. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
23. Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу өтіліне есепке алынған кезеңге есептелген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4-тарау. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды
уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару тәртібі
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.10. № 624 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 24-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2019.08.05. № 263 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)
24. Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қорға аударылған сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
төлеушi (төлеушінің банктері және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды) мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтаруға өтінiш бередi;
өздері үшін әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате жіберілген жағдайда өтiнiшке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледi;
мемлекеттік корпорация операциялық бес күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi және осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса бере отырып қорға жiбередi;
әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдардың есептелу фактісі расталмаған жағдайда мемлекеттік корпорация өтінішті қоса берілген құжаттарымен төлеушіге қайтарады;
қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен ақшаны төлеушiге аудару үшiн қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық жеті күн iшiнде оны мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады;
мемлекеттік корпорация қайтаруға жататын әлеуметтік аударымдар сомалары бойынша есептелген қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің тағайындалу фактісін анықтаған жағдайда, мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдар сомалары келіп түскен күннен кейінгі операциялық бір күн ішінде оларды қордың шотына қайтарады;
қайтаруға жатпайтын сомалар бойынша қор бас тарту себептері туралы ақпаратты кейіннен төлеушіні хабардар ету үшін мемлекеттік корпорацияға бередi;
мемлекеттік корпорация MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық (қате) есептелген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын қордан қаражат келіп түскен күннен кейінгі операциялық бір күннен кешіктірмей төлеушiге аударады;
мемлекеттік корпорация өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған сомаларды есептен шығарады;
мемлекеттік корпорация қорды әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдардың қайтарылған сомаларын аудару туралы операциялық бір күн ішінде электрондық нысанда хабардар етеді;
мемлекеттік корпорация мен қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың аударылуын, сондай-ақ қордан төленетін әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргiзіледi.
Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың артық (қате) төлеген бірыңғай жиынтық төлемін қайтару Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.12. № 862 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ жаңа редакцияда
25. Төлеушіге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қате жіберген жағдайда, банк «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген қателерді түзету жөнінде шаралар қабылдайды.
26. Қор келіп түскен және қайтарылған артық төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есепке алуды жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2019.08.05. № 263 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)
27. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есеп-қисап ұсынады.
Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың тiзiлiмдерiн ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2019.08.05. № 263 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)
29. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар туралы, оның iшiнде электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.
Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде Қорға әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледi.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 30, 31 және 32-тармақтармен толықтырылды
30. Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын төлеуші Мемлекеттік корпорациядан міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуына және тегін алуына болады.
31. Төлеуші міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінім толтырады және Мемлекеттік корпорацияға оның бөлімшелері арқылы ұсынады.
32. Мемлекеттік корпорация төлеуші жүгінген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы төлеушіге береді.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.10. № 624 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2019.08.05. № 263 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына әлеуметтік
аударымдарды есептеу және
аудару және оларды өндіріп алу
қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша
«Мемлекеттік әлеуметтiк
сақтандыру қоры»
акционерлік қоғамының
басшысы
Өтініш
Кімнен ____________________________________________________________
(әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеушiнiң немесе төлеушi банктiң атауы)
_______________________ № ___ төлем тапсырмасымен қате (артық) аударылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомасын:
Р/с № | ЖСН | Т.А.Ә. бар болса | Кезең | Төленген сома | Қайтарылатын сома |
| | | | | |
атына қайтаруды сұраймын, референс ________, төлемнің жалпы сомасы ________, қайтарылатын жалпы сома ________.
Себебі (қажеттісін белгілеу):______________________________________
төлеушi немесе банк бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет қордың шотына қате аударған;
алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған кіріске артық есептелген;
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағындакөзделген жасқа жеткен адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген;
төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;
төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілген;
төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде жұмыскерлер үшін әлеуметтік аударымдар сомасында қате жіберілген;
төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;
әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұлдар болып табылмайтын қаражат қордың шотына қате аударылған;
дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударған.
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:
Төлеушінің атауы: __________________
Төлеушінің ЖСН/БЖН: _____________
ЖСК: ____________________________
Төлеушінің БСК: ___________________
Төлеушінің банкі: __________________
Төлеушінің банк шотының нөмірі: ___________
Қосымшалар:
Қажет болған жағдайда: өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің басталуын/тоқтатылуын растайтын құжаттың көшірмесі, зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі, шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның (910.00 нысаны) немесе әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтару кезеңі үшін патент құны есебінің (911.00 нысаны) көшірмесі, бюджетпен есеп айырысу туралы салық төлеушінің жеке шотынан үзінді, өтініштегі және төлеушінің төлем құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда - қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі.
Қолдары:
Басшы _____________________________ (Т.А.Ә. бар болса, қолы) Бас бухгалтер:
______________________ (Т.А.Ә. бар болса, қолы) Заңды мекенжайы:
__________________ Төлеушінің байланыс телефондары: ______________
Телефон: +7 (____)_________________, E-mail _______________________
Толтырылған күні 20 ____жылғы «___» ___________
Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөрмен (бар болса) куәландырылады (факсимилемен қол қоюға жол берілмейді).
Мөр орны
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына әлеуметтік
аударымдарды есептеу және
аудару және оларды өндіріп алу
қағидалары мен мерзімдеріне
2-қосымша
Анықтама-растама
|
(әлеуметтік аударымдар төлеушiнiң атауы) |
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл төлеген кезде, мынадай төлем тапсырмаларына, олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар тізімдерінде қателіктер жiберілгенiн растайды: |
|
Р/с № | Төлем тапсырмасының № | Төлем тапсырмасының күні | Төлем тапсырмасының жалпы сомасы | Референс | ЖСН | Т.А.Ә. | Туған күні | Қате аударылған (теңге) | Аударылуға тиісті (теңге) |
Кезең (ААЖЖЖЖ) | Сомасы (теңге) | Кезең (ААЖЖЖЖ) | Сомасы (теңге) |
| | | | | | | | | | | |
| |
Бірінші басшы | (Т.А.Ә.) |
(қолы) | |
Бас бухгалтер | (Т.А.Ә.) |
(қолы) | |
| | | | | | | | | | | | |
Мөр орны
3-қосымша. ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)